Мүминүн сүресі, 592-ші бөлім, 25-30 аяттар
Мүминүн сүресі, 592-ші бөлім, 25-30 аяттар
"Мүминун" сүресінің 25-26 аяттары:
«إِنْ هُوَ إِلَّا رَجُلٌ بِهِ جِنَّةٌ فَتَربَّصُوا بِهِ حَتَّى حِینٍ»، «قَالَ رَبِّ انصُرْنِی بِمَا کَذَّبُونِ»
"Ол жын соққан ғана бір адам. Сондықтан оны бір заманға дейін тосыңдар." (25) (Нұх Ғ.С.): "Раббым! Олардың мені жасынға шығаруларына қарсы маған нүсырат бер!",- деді. (26)
Алдыңғы бағдарламада кәпірлердің Нұх туралы жөнсіз сөздері баяндалды. Осы аят соның жалғасында былай дейді: "Олар өздерінің жала жабушылықтарымен шектелмей, Алланың сол үлкен пайғамбарын ақыл-есінен адасқан, байланыссыз сөйлейтін жынды адам деп атады. Сол себепті оған көңіл бөлмей, шаршап, өз сөздерін айтуды қойғанға дейін оны жөніне қою керек десті» дейді. «Жын соққан» деген жала қарсыластардың пайғамбарларға жапқан, осы арқылы халықты олардан алыстатуға, оларды қоғамда оқшау қалдыруға тырысқан жалаларының бірі болды. Алайда кейбір кездерде олардың осы тәсілдері табысқа жетті. Жалғасында хазірет Нұх Құдайдан оны ешбір қисынмен хақты қабылдамайтын қырсық адамдарға қарсы жәрдемдесіп, оның алдынан жол ашуды сұрайды. Осы аяттардан үйренетініміз:1. Істері ақыл мен қисынмен ешбір сәйкеспейтін пұтшылдар мен мүшріктер құдайшылдар мен пайғамбарларды жынды деп атады.2. Кәпірлердің жапқан жалаларының алдында иманды адамдар Құдайға тәуекел етіп, Одан жәрдем сұрайды. Себебі Ол барлық құдіреттерден жоғары.
"Мүминун" сүресінің 27 аяты:
«فَأَوْحَیْنَا إِلَیْهِ أَنِ اصْنَعِ الْفُلْکَ بِأَعْیُنِنَا وَوَحْیِنَا فَإِذَا جَاءَ أَمْرُنَا وَفَارَ التَّنُّورُ فَاسْلُکْ فِیهَا مِن کُلٍّ زَوْجَیْنِ اثْنَیْنِ وَأَهْلَکَ إِلَّا مَن سَبَقَ عَلَیْهِ الْقَوْلُ مِنْهُمْ وَلا تُخَاطِبْنِی فِی الَّذِینَ ظَلَمُوا إِنَّهُم مُغْرَقُونَ»
Сонда оған: "Көздеуіміз де нұсқауымыз бойынша кеме жаса" деп уахи еттік. Қашан әміріміз келіп, тандыр (дан су) қайнаса, сонда әр жыныстан бір жұп және өздеріне қарсы бұйрық берілгендерден басқа, отбасыңды алып, кемеге түс. Сондай-ақ залым болғандар жайында маған түк деме. Өйткені олар суға батуға тиісті" деп уахи еттік. (27)
Құран аяттарының негізі бойынша, хазірет Нұх 950 жыл бойы халықты бір Құдайға табынуға шақырған. Бірақ азғана адамнан басқа ешкім оған иман келтірмеген. Көпшілік оны теріске шығарып, кемсітіп, келемежге айналдырған. Құдай Нұхқа "Енді саған ешкім иман келтірмейді. Бұл қауымның перзенттері де кәпір болады" деген хабар жіберген кезде Нұх Құдайдан өз қауымын азаптауды сұрады. Құдай да оның тілегін орындады.Жерді кәпірлердің лас болмыстары мен олардың іздерінен тазартып, олардан еш белгі қалдырмау үшін орасан зор дауыл көтеріліп, жерді топан су басты. Бірақ сол азғана мүміндер мен жануарларды сақтап қалу үшін Құдай Нұхқа үлкен кеме жасауға бұйырды. Аспан мен жерден су аққан кезде әр жануардан бір жұптан кемеге енгізіп, сол кемеге мүміндерді және кәпірлермен серіктеске айналған, кемеге мінуге хақылары болмаған Нұх хазіреттің әйелі мен бір ұлынан басқа өзінің жанұясын мінгізу туралы Алланың бұйрығы жарияланды. Осы аяттан үйренетініміз:1. Егер бұл дүниедегі істер мен тіршілікте уәхи тағылымдары мен Алланың бұйрықтарына сәйкес әрекет етсек, табысты боламыз.2. Адам жан-жануарлардың алдында да жауапкершілікке ие. Жануарлардың тұқымының құрып кетуіне жол бермеу керек.3. Діни байланыстар отбасылық байланыстардан алдыда болады. Пайғамбарлардың әйелдері мен перзенттері иман келтірмесе, олармен діни байланыста болмаса олар Алланың жазасынан қорғалмайды. 4. Егер Алла қаласа тіршіліктің мәйегі болып табылатын су залымдардың ажал құшуларына себеп болады.
"Мүминүн" сүресінің 28-29-30 аяттары:
«فَإِذَا اسْتَوَیْتَ أَنتَ وَمَن مَّعَکَ عَلَى الْفُلْکِ فَقُلِ الْحَمْدُ لِلَّهِ الَّذِی نَجَّانَا مِنَ الْقَوْمِ الظَّالِمِینَ» ، «وَقُل رَبِّ أَنزِلْنِی مُنزَلًا مُبَارَکًا وَأَنتَ خَیْرُ الْمُنزِلِینَ»، «إِنَّ فِی ذَلِکَ لَآیَاتٍ وَإِن کُنَّا لَمُبْتَلِینَ»
Сен қашан жолдастарыңмен бірге кемеге орналассаң: "Барлық мақтау бізді залымдардан құтқарған Аллаға тән" де. (28) "Раббым! Мені құтты бір қонысқа қондыр! Сен ең жақсы орналастырушысың" де. (29) Рас бұнда өнегелер бар. Әрине Біз сынаймыз. (30)
Осы аяттарда Құдай хазірет Нұхқа кеменің дайын болуымен және дауылдың тұрып, жерді топан судың басуымен кәпірлердің барлығының көздерінің құртылатындығы туралы сүйінші хабар берді. Иман иелері оларды үстемшілдердің кәрінен құтқаратын Құдайға алғыс айтулары керек. Егер Оның мейірімі болмағанда мүміндер ешқашан олардан құтылмайтын еді. Аяттардың жалғасы Алланың кесімді бір сүннетіне сілтеме жасап: "Құдайдың бұл қаһары мен жазасы бұрынғы қауымдар үшін ғана емес. Құдай құлдарын әрдайым сынап, үстемшілерді олардың істерінің жазасына жеткізеді" дейді. Осы аяттардан үйренетініміз: 1. Зұлымдардан құтылу үшін Құдайға тәуекел етіп, талпыныс жасап, олардан құтылатын жол табу керек.2. Құран тарихпен танысатын кітап емес. Бұрынғы қауымардың тағдырлары адамдар солардан сабақ алсын деген мақсатта жазылған. 3. Құдайдың сүннеті адамдарды кез-келген ғасыр мен уақытта сынау болып табылады. Хақ пен жалғанды тану және хаққа еріп, жалғаннан бойды аулақ салу илаһи сынақта табысқа жетудің жолы.