Мүминүн сүресі, 591-ші бөлім, 19-24 аяттар
Мүминүн сүресі, 591-ші бөлім, 19-24 аяттар
«Мүминүн» сүресінің 19-20 аяттары:
«فَأَنشَأْنَا لَکُم بِهِ جَنَّاتٍ مِّن نَّخِیلٍ وَأَعْنَابٍ لَّکُمْ فِیهَا فَوَاکِهُ کَثِیرَةٌ وَمِنْهَا تَأْکُلُونَ»، « وَشَجَرَةً تَخْرُجُ مِن طُورِ سَیْنَاءَ تَنبُتُ بِالدُّهْنِ وَصِبْغٍ لِّلْآکِلِینَ»
Міне, сонымен сендерге құрма ағаштары, жүзімдер және оның ішінде сендер қоректенетін көптеген жемістер бар бақшалар пайда қылдық. (19) Сондай-ақ Тұрсинадан жеушілерге қатық түрінде майлы өсетін (зәйтүн) ді шығардық. (20)
Алдыңғы бағдарламада Құдайдың аспаннан жаңбыр жаудыруы мен тіршіліктің маңызды нығметтерінің бірі ретіндегі судың жер астындағы қыртыстарда қордалануына тоқталдық. Бұл аят соның жалғасында былай дейді: «Жердің түкпір-түкпірінде өсетін бақтар мен бостандар және құрма алқаптары Құдайдың аспаннан жаудыратын жаңбыр суы арқылы өседі. Сол ағаштардың өнімділігі сондай, һәм олардың иелерінің азықтарын қамтамасыз етеді, һәм оларды сатудан үлкен пайда түседі». Зәйтүн ағашы өсетін маңызды орталықтарға Шам мен Палестина өлкелері жатады. Зәйтүн һәм тағамға пайдаланылатын маймен қамтамасыз етудің маңызды көзі, һәм дастарханға тағаммен қатар қойылатын дәм.Құранның Құдай жаратқан жемістердің арасынан құрма мен жүзімге және зәйтүнге көңіл аударуы бұл жемістердің адамның физикалық қажетіліктерін қамтамасыз етудегі орнын көрсетеді. Бүгінде тамақтану ғылымы саласының ғалымдары да өз зертеулерінде бұл үш жемістің көптеген аурулардың алдын алу және оларды емдеуде маңызды рольге ие деген нәтижеге жетті. Осы аяттардан үйренетініміз:1.Су – өсімдіктер мен жан-жануарлардың және адамдардың тіршілігінің мәйегі. Құдай осы бір маңызды элементті табиғаттағы су айналымы мен оның аспаннан жаууы арқылы қамтамасыз етеді.2. Адамның Жаратушысы – Құдай оның тағамдық қажеттіліктерін табиғи түрде қамтамасыз еткен. Бұл нығметтерге немқұрайлық таныту және рұқсат етілмеген тағамдарды жеп, ішімдіктерді ішу илаһи нығметтерге күпіршілік жасау болып табылады.
«Мүминүн» сүресінің 21-22 аяттары:
«وَإِنَّ لَکُمْ فِی الْأَنْعَامِ لَعِبْرَةً نُّسقِیکُم مِمَّا فِی بُطُونِهَا وَلَکُمْ فِیهَا مَنَافِعُ کَثِیرَةٌ وَمِنْهَا تَأْکُلُونَ»، «وَ عَلَیْهَا وَ عَلَى الْفُلْکِ تُحْمَلُونَ»
Рас сендер үшін малдарда әлбетте өнеге бар. Сендерге олардың іштеріндегі (сүтін) ішкіземіз. (16-С. 66-А.) Сондай-ақ малда сендер үшін көптеген пайда бар. Және олардан жейсіңдер. (21) Мал және кемеменен тасымалданасыңдар. (22)
Илаһи нығметтерді санамалаған соң осы аяттар төрт аяқты жануарлардың адам тіршілігінің қажеттіліктерін қамтамасыз етудегі роліне тоқталып, былай дейді: «Сиыр, қой сияқты жануарлардың ішіндегі қан-жынның арасынан Құдай сендерге не қанның түсі жоқ, не жаман иісі жоқ, сол күйінде де ішуге болатын, сондай-ақ одан айран, ірімшік, май, қаймақ, құрт сынды әртүрлі дәм әзірлеуге болатын дәмді сусын – сүтті әзірлеп қойған. Олардың жүні мен терісінен әртүрлі киім, олардың етінен әртүрлі тағам дайындалады: үй жануарлары жуас болғандықтан, оларға мініп, тасымал жұмыстарына пайдаланылады. Егер үлкенді-кішілі кемелер жүк тасымалы немесе адамдардың бір жерден екінші жерге қатынаулары үшін теңізде қолданысқа ие болса, ат пен түйе адамның құрлықтағы көлігі болды. Бұлар бүгінгі дамыған әлемде де өзінің құны мен орнын әсіресе ауылды аймақтарда немесе таулы қиын өткелдерде жоғалтқан жоқ. Осы аяттардан үйренетініміз:1.Жануарлардың болуын жайдан-жай нәрсе деп ойламайық. Егер жануарлар мен олардың адам өміріндегі рөлі туралы мұқият ойлансақ, оның өзі Құдайтанудың сабағы болады. 2. Зат тасымалдау немесе жолаушының бір жерден екінші жерге жетуі адамның жер бетіндегі қажеттіліктерінің бірі. Құдай оның құралын құрлық пен теңізде дайындап қойған.
«Мүминүн» сүресінің 23-24 аяттары:
«وَلَقَدْ أَرْسَلْنَا نُوحًا إِلَى قَوْمِهِ فَقَالَ یَا قَوْمِ اعْبُدُوا اللَّهَ مَا لَکُم مِنْ إِلَهٍ غَیْرُهُ أَفَلَا تَتَّقُونَ»، «فَقَالَ الْمَلَاُ الَّذِینَ کَفَرُوا مِن قَوْمِهِ مَا هَذَا إِلَّا بَشَرٌ مِثْلُکُمْ یُرِیدُ أَن یَتَفَضَّلَ عَلَیْکُمْ وَلَوْ شَاءَ اللَّهُ لَاَنزَلَ مَلَائِکَةً مَا سَمِعْنَا بِهَذَا فِی آبَائِنَا الْاَوَّلِینَ»
Рас Нұх (Ғ.С.) ты еліне жібердік. Сонда ол: "Әй елім! Аллаға құлшылық қылыңдар. Одан басқа Құдайларың жоқ. Сонда да қорықпайсыңдар ма?" деді. (23) Онда елінің қарсы болған бастықтары: "Бұл өздерің сияқты ғана адам. Сендерге үстем болғысы келеді. Егер Алла қаласа, періште жіберер еді. Бұны бұрынғы аталарымыздан естімедік" деді. (24)
Пәруәрдігердің табиғат жүйесіндегі құдіреті мен ұлылығының белгілерін баяндаған соң осы аят Құдайдың адамға жетекшілік етудегі мейіріміне сілтеме жасап, Алланың үлкен пайғамбары хазірет Нұхтың халықты бір Құдайға үндеу оқиғасын баяндайды. Ол хазіреттің қауымымен сөзі пұтқа табынушылықты тастап, бір Құдайға табынуға шақырудан өзге ештеңе болмады. Бірақ оның шақыруын өздерінің мәртебелерінен айырылу деп санаған билік пен байлық иелері жалған насихатпен оны билікке жетуге ұмтылып, адамдарға билік етіп, оларды өзінің құлдары мен қызметшілеріне айналдыруды мақсат етіп жүрген адам деп таныстырып: «Егер Құдай адамдарға жетекшілік еткісі келгенде дүниелік және материалдық кез келген істен аулақ, Құдайдың сөзін адамдарға жеткізетін періштелерді жіберген болар еді» десті. Құдайдың сүннеті бойынша адамға періштелер арқылы емес, адам арқылы жетекшілік жасау керек. Себебі жетекшілік деген тек қана сөз сөйлеп, тілмен уағыз айту ғана емес, сонымен қатар жетекшілік ететін адам өзінің амалы мен әрекетінде де адамдар оның сөзін қабылдау үшін қоғамдағы үлгі болуы керек. Бірақ періштелер адамзат емес болғандықтан адамдар үшін іс жүзінде үлгі бола алмайды. Осы аяттардан үйренетініміз:1.Пайғамбарлар адамдарды пұтқа табынуды қойып, Құдайға табынуға шақырды. Еш күмәнсіз, олар адамдарды өздері жаққа емес, Құдай тарапына шақырды. 2. Пайғамбарлардың қарсыластары өздерінің адамдардың алдындағы артықшылықтарын сақтап қалуды көздеген ақсүйектер, байлар және билік иелері болды.