Мүминүн сүресі, 590-шы бөлім, 15-18 аяттар
Мүминүн сүресі, 590-шы бөлім, 15-18 аяттар
«Мүминүн» сүресінің 15-16 аяттары:
«ثُمَّ إِنَّکُمْ بَعْدَ ذَلِکَ لَمَیِّتُونَ»، « ثُمَّ إِنَّکُمْ یَوْمَ الْقِیَامَةِ تُبْعَثُونَ »
Бұдан кейін әрине сендер өлесіңдер. (15) Сосын сендерді қиямет күні күдіксіз тірілтеді. (16)
Алдыңғы бағдарламада адамның жаратылыс сатыларын баяндаған аяттарға шолу жасадық. Бірақ бұл аяттар былай дейді: «Ол сатылардың соңы – сендердің осы дүниедегі өмірлеріңнің соңы. Өлім жеткен соң сендер бұл дүниеден басқа дүниеге ауысасыңдар. Ол жерде сендерге тағы да өмір мен тіршілік қайтарылады».Алдыңғы аяттарда рухтың үрлену кезеңдеріне сілтеме жасалды. Рух ол өлім арқылы жойылмайтын, әр адамның осы дүние мен ақыретінің ортасындағы дәнекер. Өлімнің кесімді болуы туралы хазірет Әли былай дейді: «Егер бұл дүниеде өлімді болдырмау үшін және осы дүниеде мәңгілік қала алатын шара ойлап таба алатын адам болғанда олар илаһи пайғамбарлар болған еді. Бірақ олар да бұл дүниеден өтті. Бұл әлемде ешкім қалмайды». Осы аяттардан үйренетініміз:1.Өлім жойылу деген сөз емес, керісінше адамды қиямет әлеміне жеткізетін адам өмірінің бір кезеңі.2.Илаһи көзқарас бойынша адамның өмірі бұл дүниедегі материалды тіршілікпен шектелмейді. Иман иелері қиямет соның көрінісі болып табылатын рухани тіршіліктің бар екендігіне сенеді.
«Мүминүн» сүресінің 17 аяты:
«وَلَقَدْ خَلَقْنَا فَوْقَکُمْ سَبْعَ طَرَائِقَ وَمَا کُنَّا عَنِ الْخَلْقِ غَافِلِینَ»
Рас үстеріңен аспандық жеті жол жараттық. Сондай-ақ жаратқандарымыздан хабарсыз емеспіз. (Жаратудан да жаратылғандардан да хабарымыз бар.) (17)
Алдыңғы аяттар адамның болмысындағы Құдайдың жаратылыс белгілеріне сілтеме жасады. Ол аяттар "анфиси аяттар» деп аталады. 17-ші аят Құдайдың кең байтақ әлемдегі құдіретінің белгілеріне тоқталады. Бұл аяттар «афақи аяттар» деп аталады. Осы аятта «жеті аспан» деудің орнына «жеті жол» деген тіркес қолданылады. Бұл жердегі мақсат олардың саны өте көп аспандағы жұлддыздардың айналым схемасы болуы керек. Жеті саны көптікті білдіреді. Аяттың жалғасы былай дейді: «Жер мен аспандағы жаратылыстардың үлкендігі мен кеңдігі Жаратушы солардың істерін басқаруда қапылдыққа ұрынып, оларды өз жөндеріне қоя бере салуға себеп болады деп ойламаңдар».Осы аяттан үйренетініміз.1. Адам мен аспанның және жердің Жаратушысы бір.2. Құдай һәм жаратушы, һәм Бақылаушы. Ешнәрсе оның ілімі мен хабардарлығыныан тысқары емес.
«Мүминүн» сүресінің 18 аяты:
«وَأَنزَلْنَا مِنَ السَّمَاءِ مَاءً بِقَدَرٍ فَأَسْکَنَّاهُ فِی الْأَرْضِ وَ إِنَّا عَلَى ذَهَابٍ بِهِ لَقَادِرُونَ»
Көктен бір мөлшерде жаңбыр жаудырып, оны жер жүзіне тоқтаттық. Рас оны жоғалтуға да күшіміз жетеді. (18)
Бұл аят илаһи үлкен нығметтердің бірі ретіндегі жаңбырдың жаууына тоқталып: «Жердің әртүрлі аймақтарына қажетті су жаңбыр арқылы қамтамасыз етіледі. Су жыл бойында адамның ауыз суы мен ауылшаруашылығы және басқа да қажеттіліктері үшін жерге сіңіп, жерасты қыртыстарынада сақталады» дейді. Адам мен жан-жануардың және өсімдіктердің маңызды қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін осы маңызды саясатты қолғанған Құдайдың оны жоғалтуға және барлық тіршілік иелерінің көзін жоюға күші жететіндігі түсінікті. Бірақ Құдайдың ісіне кедергі жасауға немесе суғару тәсілінің орнын басатын нәрсе әзірлей алуға ешкімнің күші де шамасы да жетпейді. Осы аяттан үйренетініміз:1. Тіршілік иелерінің, соның ішінде адам тіршілігінің де мәйегі болып табылатын су илаһи бұйрық арқылы аспаннан барша оны пайдалану үшін жердің әртүрлі жеріне жауады. 2.Илаһи нығметтердің құны қысқа мерзімде оларды жоғалтатынымыз белгілі болған кезде анықталады. Аспандық жауын-шашынның азаюы құрғақшылыққа себеп болған кезде адамның қолынан ештеңе келмейді.