Жел 01, 2016 20:07 Asia/Almaty

Мүминүн сүресі, 589-шы бөлім, 8-14 аяттар

«Мүминүн» сүресінің 8-9 аяттары:

«وَالَّذِینَ هُمْ لِأَمَانَاتِهِمْ وَعَهْدِهِمْ رَاعُونَ»، « وَالَّذِینَ هُمْ عَلَى صَلَوَاتِهِمْ یُحَافِظُونَ »

Олар аманаттарын, уәделерін қорғаушы. (8) Олар намаздарына ұқыпты. (9)

Өткен бағдарламада иман адамдарының ерекшеліктерінің кейбіреулерімен таныстық. Бұл аяттар олардың басқа да ерекшеліктеріне сілтеме жасап, былай дейді: «Иманды адамдар аманатқа қиянат жасамайтын адамдар. Олар Һәм илаһи аманаттарды, һәм халықтың аманаттарын сақтайды. Құдайдың кітабы мен Алланың елшісінің және оның әулеті сүннеттерінің үлкен және ауыр аманаттар екендігін айтқан жөн. Бұл аманаттар діни міндеттерді орындау арқылы ғана жүзеге асады. Рауаяттар негізі бойынша, жұрттың аманатын сақтауда мүмін мен кәпірдің, яғни ізгілік иесі мен жамандық иесінің арасында айырмашылық жоқ. Ол зат құнды болсын, құнсыз болсын, қалай болғанда да аманатты иесіне қайтару керек. Аманатшылық пен шыншылдық сынды сипаттардың маңыздылығы сондай, пайғамбар әулетінен шыққан имамдар адамдардың жақсылығы мен жамандықтарын бағамдау үшін олардың намаздары мен ораза және қажылықтарына көз салып, аманатшылдықтарына қарауға кеңес береді. Отбасылық уәделер және қоғамдық шарттар мен келісімдерге табандылық таныту иманды адамдардың келесі бір ерекшеліктеріне жатады. Аманатшылдық сынды келісімді сақтау мүміндерге ғана қатысты емес. Кәпірлермен жасаған келісімдерді де біржақты түрде бұзуға болмайды. Құран Кәрім иманды адамдардың маңызды бірнеше ерекшелігін атаған соң, соңында тағы да солардың ең басында тұрған намаз тақырыбына сілтеме жасайды. Бұл жолы намаз бен оның уақыттарын және акхамдарын сақтауды қуаттайды. Мүміндердің сипатының намаздағы бойсұнушылықпен басталып, намаздағы ұқыптылықпен аяқталатындығы қызық. Бұл намаздың адамның дамуы мен тәрбиесіндегі маңызды ролін көрсетеді. Осы аяттардан үйренетініміз:1.Діни заңдар мен қоғамдық келісімдер алдында жауапкершілік қабылдау және уәдеде тұру иманның белгілері болып табылады.2. Діни ахкамдар мен бұйрықтарды сақтау және оларды орындаудағы ұқыптылық иманның өрістеуі мен адамның Құдайға жақындауына себеп болады.

«Мүминүн» сүресінің 10-11 аяттары:

« اُولَئِکَ هُمُ الْوَارِثُونَ»، « اَلَّذِینَ یَرِثُونَ الْفِرْدَوْسَ هُمْ فِیهَا خَالِدُونَ »

 Міне, солар мұрагерлер. (10) Олар онда мәңгі қалатын фердауыс жаннатына мұрагер болады. (11)

Бұл аяттар нағыз мүміндердің ғамалдарының соңын илаһи мәңгілік жұмақ деп атайды. Тек иман иелері ғана оған мұрагер болады. Бұл аяттардың мұрагер деген  анықтаманы қолданып, оны қайталауы қызық. Илаһи сый адамдардың ғамалдары негізінде болғанымен, бұл сыйдың үлкен әрі баяндауға келмейтіндігі сондай адамның азғана істерінің алдында ол ешбір талпыныс және еңбексіз оған мұрагерлікке қалған мұра сынды деген себептен болар.    Осы аяттардан үйренетініміз:1.Адамның мүлкі осы дүниеде басқаларға мұрагерлікке қалады. Бірақ оның істері мен ғамалдары ақыретте оның өзіне жететін мұра.2. Жұмақ – иманды адамдар үшін берілетін мәңгілік сый. Онда ешқандай өзгеріс пен айырбас жоқ.

«Муминүн» сүресінің 12-13-14 аяттары:

«وَلَقَدْ خَلَقْنَا الْإِنسَانَ مِن سُلَالَةٍ مِّن طِینٍ»، «ثُمَّ جَعَلْنَاهُ نُطْفَةً فِی قَرَارٍ مَّکِینٍ»، «ثُمَّ خَلَقْنَا النُّطْفَةَ عَلَقَةً فَخَلَقْنَا الْعَلَقَةَ مُضْغَةً فَخَلَقْنَا الْمُضْغَةَ عِظَامًا فَکَسَوْنَا الْعِظَامَ لَحْمًا ثُمَّ أَنشَأْنَاهُ خَلْقًا آخَرَ فَتَبَارَکَ اللَّهُ أَحْسَنُ الْخَالِقِینَ»

Расында адамды нағыз балшықтан жараттық. (12) Сонан кейін оны жатырда тұратын тамшы қылдық. (13) Сосын тамшыны ұйыған қан жасадық. Ұйыған қанды кесек ет жасап, кесек етті сүйек жасадық та, сүйектерге ет қаптадық. Сонан кейін оны басқа бір жаратылыс қып, жан салдық. Жаратушылардың шебері ұлы Алла. (14)

«Мүминун» сүресінің алғашқы аяттарында иманды адамдардың ерекшеліктерін баяндаудың аяқталуымен  осы аяттар алдымен адамды ананың құрсағындағы өзінің даму кезеңдерімен танысуға шақырып: «Адамның болмысының негізі – су мен топырақ. Жаратушы адам кемелдіктің ең жоғарғы кезеңдерін өткеруі үшін Өз күшімен қабілеттер мен мүмкіндіктердің барлығын оның болмысына қалады. Бірақ Дана әрі Хәкім Құдай адам ұрпағының жалғасуын жұптық заң арқылы және ананың құрсағына ұрық салу арқылы қалыптастырды. Ұрық тоғыз айда таңқаларлық түрде даму сатыларын өткереді. Құран Кәрімнің мұғжизаларына мың төрт жүз жыл бұрын баяндалған және бүгінгі күннің ғылыми жаңалықтарымен қайшылығы жоқ шарананың даму сатыларына тоқталуы жатады. Құран Кәрім түскен уақытта жатырдың ішіндегі құбылыстардан хабар алатын ешқандай жол жоқ болатын. Тек соңғы ғасырда адам дамыған құралдар арқылы ғана  жатырдың ішін суретке түсіріп, шарананың өткеретін сатыларын байқауда. 14-ші аяттың соңы адамның бақылауымен көрінбейтін сатыға тоқталады. Ол рухтың денеге ену сатысы. Құран оны басқа жаратылыс ретінде атайды. Адамның басқа жаратылыс иелерінен артықтығына, Құдай соған байланысты Өзін Ең Ұлы Жаратушы деп атауына себеп болған жаратылыс. Осы аяттардан үйренетініміз:1.    Құдайдың адамды жаратудағы құдіретіне көңіл аудару Оның құдіреті мен хикметі туралы ойлану үшін негіз болып табылады.2.    Өзі-өзі тану – Құдайды танудың кіріспесі.