Жел 01, 2016 20:14 Asia/Almaty

Мүминүн сүресі, 588-ші бөлім, 1-7 аяттар,

«Мүминүн» сүресінің 1-2 аяттары:

«قَدْ أَفْلَحَ الْمُؤْمِنُونَ»، «الَّذِینَ هُمْ فِی صَلاتِهِمْ خَاشِعُونَ» 

Шынында иман келтіргендер құтылды. (1) Олар, сондай мүміндер, намаздарында іштей жалбарынады. (2)

«Хадж» сүресінің аяқталуымен осы бағдарламада «Мүминүн» сүресін бастаймыз. Бұл 117 аяттан тұратын Меккеде түскен сүре. Бұл сүренің алғашқы аяттары иман иелерінің ерекшеліктерін баяндап, Нұх, Худ, Мұса және Иса сынды пайғамбарлар мен олардың қауымдарының бастарынан кешкендеріне тоқталады. Алғашқы аят қысқа сөйлемде мүміндердің осы дүние мен ақыретте құтылатындықтарын кесімді түрде хабарлайды. «Фалах» сөзі жеңіс пен құтылуға себеп болатын, мақсатқа жету жолындағы алдыдағы кедергілерді алып тастау және қиындықтарды жеңу деген мағынаны білдіреді. Иман иелері Құдайға арқа сүйеп, өздерінің шамалары жеткенше мақсатқа жету жолында талпыныс жасайды. Олар осы дүниенің мүмкіндіктері бойынша жеңістерге жетеді. Бірақ олардың еңбектерінің сыйы ақыретте толығымен беріледі. Олар илаһи рақымның арқасында пәк, бейкүналармен жұмақта мәңгілік болады. Келесі аят иман иелерін құтылуға жеткізетін ерекшеліктерге сілтеме жасайды. Оның ең бастысы намаздағы бойсұнушылық пен мойынсұнушылықты баяндайды. Намазда мойынсұнушылық танытатын намазхан намазды өзінің иығындағы артық жүк деп есептемейді. Керісінше,  сүйіктісімен сұхбаттасу ол үшін тәтті әрі лаззатқа толы мезеттер болып табылады. Мүміндердің барлығы намаз оқиды. Бірақ құтылудағы қажеттілік намаздағы бойұсынушылық. Себебі намаздағы бойұсынушылық адамның бойындағы тәкәппарлық пен менмендіктің сынуына себеп болып, ол үшін ахлақтық кемелдік және қайырымдылықтың көрініс табуы үшін негіз дайындайды. Пәруәрдігердің алдындағы қарапайымдылықтың белгілері тіпті намазхандардың сырттарынан да көрінгендерімен оның әдебі намаз кезінде көрінеді. Осы аяттардан үйренетініміз:1. Кәпірлер сырттай осы дүниеде жеңімпаз көрінгенімен, иман иелері осы дүниеде де, ақыретте де соңғы жеңімпаздар.  2.Намазсыз иман толық емес. Нағыз намаз адамды мойынсұнушылық пен бойұсынушылыққа жетелейді.

«Мүминүн» сүресінің 3-4 аяттары:

«وَالَّذِینَ هُمْ عَنِ اللَّغْوِ مُعْرِضُونَ»، « وَالَّذِینَ هُمْ لِلزَّکَوةِ فَاعِلُونَ »

Олар, бос нәрселерден аулақ болады. (25-С. 72-А.) (3) Олар зекеттерін береді. (4)

Иман иелері тек ғибадат ету, намаз оқу мен зікір ету және дұға тілеумен айналыспайды, олар қоғамдағы мақұрымдар мен міскіндерді де ойлайды. Өздерінің байлық-мүліктерінің бір бөлігін оларға хомс, зекет, садақа немесе инфақ түрінде береді. Құдайға иман келтірген адамның әлемді мақсат пен бағдарламаға ие деп көріп, бос істермен айналыспайтындығы түсінікті. Адам үшін немесе оның отбасы және қоғамы үшін еш пайдасы жоқ тек уақыттың босқа кетуі мен қаржы мен мүліктің босқа ысырап болуына соқтыратын көптеген істер бар. Мүмін адамның мұндай бос істерден аулақ болғаны жөн. Егер де сөзқұмар немесе бос іспен айналысатын бос белбеу кездессе олардың қастарынан ұлылықпен өтіп, олардан бойларын аулақ салған жөн. Осы аяттардан үйренетініміз:1.    Мүміндердің істері мен сөздері қисынды әрі мақсатты болуы керек. Кез-келген бос істерден бас тартуы қажет. 2.    Жаратушыға құлшылық жасап, Оған ғибадат ету Оның құлдарынан алыстап, қарым-қатынасты үзуге себеп болмауы керек. Басқаша айтқанда, кедейлер мен жарлы-жақыбайларға көмектесу Құдайға иман келтірудің бір бөлігі.«Мүминүн» сүресінің 5-6 аяттары:Олар ұятты жерлерін сақтайды. (5) Бірақ. жұбайлары немесе меншіктілері болса, оларға сөгіс жоқ. (6) Онда кім бұлардан басқаны іздесе, міне солар, шектен шығушылар. (7)

«وَالَّذِینَ هُمْ لِفُرُوجِهِمْ حَافِظُونَ»، « إِلّا عَلَى أَزْوَاجِهِمْ أوْ مَا مَلَکَتْ أَیْمَانُهُمْ فَإِنَّهُمْ غَیْرُ مَلُومِینَ»، « فَمَنِ ابْتَغَى وَرَاءَ ذَلِکَ فَأُولَئِکَ هُمُ الْعَادُونَ» 

Намаздағы бойсұнушылықты, зекет төлеу және бос істерден бойды аулақ салуды баяндаған соң осы аяттар адалдық пен пәктікті мүміндердің ең маңызды ерекшелігі деп атап: «Шәһуатты бақылап, кез-келген бейбастақтық пен ұятсыздықтан және заңсыз байланыстардан аулақ болу Құдайға иман келтірудің бір бөлігі. Иманды адамдар тек үйлену және жұбайлық түзу байланыстар арқылы ғана өздерінің жыныстық қажеттіліктеріне жетіп, одан басқа кез келген жолдан қатаң түрде аулақ болады. Себебі бұл істің адами болмыс пен діни тағылымдар тұрғысынан шектен шығушылық екенін біледі. Үйленуді айыпты іс деп санап, монахтар мен священниктердің үйленуіне рұқсат етпейтін мәсихилердің бір тобына қарсы Құран адамның табиғи және жыныстық қажеттіліктері тұрғысында бірқалыптылық жолын ұсынып, осы аяттарда былай деп қуаттайды: «Егер адам үйлену арқылы өзінің жыныстық қажеттілігіне жетсе оларға сөгіс жоқ. Оны айыптауға ешкімнің хақысы жоқ». Осы аяттардан үйренетініміз:1.Адалдық пен пәктік Пәруәрдігерге деген иманның қажеттілігі. Жыныстық кез келген бейбастақтық пен арсыздық иманның әлсіреуіне соқтырады. 2.Ислам не жыныстық байланыстардың азаттығын рұқсат деп санамайтын, не жыныстық байланыстардың негізіне тыйым салмайтын, оны жұбайлар арасындағы түзу байланыспен шектейтін бірқалыптылық діні.