Нәміл сүресі, 676-шы бөлім, 64-69 аяттар
Нәміл сүресінің 64-69 аяттарының тәпсірі
«Нәміл» сүресінің 64 аяты:
«أَمَّن یَبْدَأُ الْخَلْقَ ثُمَّ یُعِیدُهُ وَمَن یَرْزُقُکُم مِّنَ السَّمَاءِ وَالْأَرْضِ أَإِلَـهٌ مَّعَ اللَّـهِ قُلْ هَاتُوا بُرْهَانَکُمْ إِن کُنتُمْ صَادِقِینَ»
ترجمه این آیه چنین است:
Немесе жаратылысты бастайтын сосын оны қайта тірілтетін кім? Және көк пен жерден қорек беретін кім? Алламен бірге басқа тәңір бар ма? (Мұхаммед Ғ.С.): "Егер шыншыл болсаңдар, дәлелдеріңді келтіріңдер" де. (64)
Алдыңғы бағдарламада Құран Кәрімнің мүшіріктерге қаратып, олардан: «Сендер табынатын пұттар артық па, әлде мақұлықтарды жаратып, аспан мен жерді, сонымен қатар солардың ірілі-ұсақты жаратлыстары мен заттарын жарататын Құдай артық па?» деп сұрағанын айттық. Осы аят сол аяттың жалғасында: «Сендердің тәңірлерің мықты ма, әлде жаратылыстың бастауы ғана емес, сонымен қатар қияметте оларды қайтадан қайтаратын, оралу ол жақ болып табылатын, мақұлықтардың қажеттіліктерін қамтамасыз ететін жолды жеңілдетіп, әрбір жаратылыс үшін өзінің нәпақасын табатын жолды дайындаған бір Құдай артық па?» деп сұрап, «Дегенмен, егер бір Құдайдан басқа «құдайлар» жаратылыс пен жаратылыс істерін басқаруда оған көмектеседі деп ойлайтын болсаңдар, мәлімдеп, өз дәлелдеріңді анық та қисынды тәсілмен ұсыныңдар» дейді.
Құранның қарсыластармен қатынастағы ерекшеліктерінің бірі дәлел мен айғақ келтіруді сұрауы жатады. Бұған Құранның көптеген аяттарында сілтеме жасалған. Құранның жаратылыс пен қиямет саласындағы өзінің ағартушылығын анық та қисынды түрде баяндағаны сынды қарсыластардың да қисынмен сөйлеп, болжам мен жорамалды шетке қойып, олардан иман адамдарын келеке етіп, кемсітіп, оларға қоқан-лоққы жасауды қоюды күтеді.
Осы аяттардан үйренетініміз:
1.Қарсыластармен қатынаста әділ болыңдар. Егер олар қисынды дәлел мен айғақ келтірсе, қабылдаңдар. Дұшпанның сөзі екен деп, қабылдамай қоймаңдар. Себебі, ислам – қисын мен дәлел діні. Сол себепті өзінің жауларынан да дәлел талап етеді.
2.Құдай біздің барлығымыздың несібеміз мен қажеттіліктерімізді әзірлеп қойған. Ауа мен жаңбырға деген қажеттілігімізді аспаннан, әртүрлі тағамдар мен жеміс-жидек және киім-кешекті жер арқылы қамтамасыз етті.
«Нәміл» сүресінің 65-66 аяттары:
«قُل لَّا یَعْلَمُ مَن فِی السَّمَوَاتِ وَالْأَرْضِ الْغَیْبَ إِلَّا اللَّـهُ وَمَا یَشْعُرُونَ أَیَّانَ یُبْعَثُونَ»، «بَلِ ادَّارَکَ عِلْمُهُمْ فِی الْآخِرَةِ بَلْ هُمْ فِی شَکٍّ مِّنْهَا بَلْ هُم مِّنْهَا عَمُونَ»
(Мұхаммед Ғ.С.): "Көктер мен жердегі көместі Алладан басқа ешкім білмейді. Олар қашан тірілтілетіндіктерін білмейді" де (65) Олардың ахирет туралы мәліметі жеткілікті ме? Расында олар одан күдікте, тіпті олар оған байланысты мүлдем соқыр. (66)
Қияметті теріске шығарып, өлімнен кейін тірілуге қатысты дәлел келтіре алмаған мүшіріктер пайғамбардан әрдайым «Қиямет қай кезде болады?» деп сұрайтын. Пайғамбарлар бұл сауалға жауап бере алмайтын болғандықтан, оларға: «Сендердің өздерің де оның болатындығына сенімді емессіңдер» дейді. Осы аяттар сол сауал мен қарсыластардың күдіктеріне жауап беріп: «Кейбір істер Құдайға қатысты, тіпті періштелер мен пайғамбарлардың да одан хабарлары жоқ. Бірақ, оқиғаның орын алатын уақытын білмеу оның болмайтындығының дәлелі емес. Адамдардың ешбіреуі қай кезде дүние салатынын білмейтіндігі, бірақ бір күні өлетіндіктерін, одан қашып құтылатын ешбір жолдың жоқтығына сенімді екендігі сынды қияметтің болатындығы да осындай. Қиямет – адам оның болатын уақытын білмейтін, бірақ міндетті түрде болатын іс. Бұл оны теріске шығарып, немесе ол туралы күмән мен күдікке себеп бола алмайды» дейді.
Осы аяттардан үйренетініміз.
1. Діни сенімдерде күдік пен күмән қалыптастыру теріске шығарушылардың діни сенімдерді, соның ішінде қияметті теріске шығарушылардың бағдарламаларының бірі. Сол себепті мұсылмандар соған қарсы өздерінің қисынды жауаптарын беруі керек.
2.Жаратылысқа деген сенім сынды қияметке деген сенім де адамның сезім мүшелері арқылы түсінуге келмейтін, тек қисынды дәлелмен ақыл ғана дәлелдей алатын ғайып істерінің қатарына жатады.
«Нәміл» сүресінің 67-68-69 аяттары:
«وَقَالَ الَّذِینَ کَفَرُوا أَإِذَا کُنَّا تُرَابًا وَآبَاؤُنَا أَئِنَّا لَمُخْرَجُونَ»، «لَقَدْ وُعِدْنَا هَذَا نَحْنُ وَآبَاؤُنَا مِن قَبْلُ إِنْ هَذَا إِلَّا أَسَاطِیرُ الْأَوَّلِینَ»، «قُلْ سِیرُوا فِی الْأَرْضِ فَانظُرُوا کَیْفَ کَانَ عَاقِبَةُ الْمُجْرِمِینَ»
Сондай қарсы келгендер: "Біз де, аталарымыз да топырақ болғаннан кейін (қабырдан тіріліп,) шығарыламыз ба?",- деді. (67) "Расында осы уәде бізге де, бұрынғы аталарымызға да берілді. Негізінде бұл бұрынғылардың аңызынан басқа еш нәрсе емес." (68) (Мұхаммед Ғ.С.): "Жер жүзін кезіңдер де, күнәкарлардың соңы қалай болғанын көріңдер" де. (69
Қияметті теріске шығарушылардың күдік-күмәндерінің дәлелдерінің бірін пайғамбарлардың оның болатын уақытын айта алмауын санаған алдыңғы аяттардың жалғасында осы аяттар былай дейді: «Олар өздерінің күдік-күмәндарының себебін дәлелдеу үшін «пайғамбарлардың барлығы тарих бойында бір күні қиямет орнайды» деп уәде берген болатын. Бірақ біздің дүниеден өткен ата-бабаларымыздың барлығы топыраққа айналып, олардың сүйектері әлдеқашан қурап, бұл уәде орындалған жоқ. Ондай болса, біз де бір күні өліп, сүйегіміз қурап, қайта тірілтетіндей бізден ештеңе де қалмайды» дейді»
Құранның жауабы айқын: «Біріншіден, сендердің барлығың алдымен топырақ болдыңдар, топырақтан жаратылдыңдар. Ондай болса, топыраққа айналған соң қайтадан тіріліп, басқа әлемде құзырға ие болу үшін ешқандай кедергі жоқ; екіншіден, пайғамбарлардың хақ сөзімен қырсығуларың сендердің де көптеген бұрынғы қауымдар сынды осы дүниеде де қатты жазаға ұшырауларыңа себеп болады. Сол қауымдардың кейбіреуі уақыт пен мекен тұрғысынан сендерге жақын. Тарихқа көз жүгірту арқылы олардың салдарларын көре аласыңдар».
Осы аяттардан үйренетініміз:
1.Аспандық жазбаларды әпсана деп атау қарсыластардың тарих бойындағы әдіс-тәсілдері болды. Өкінішке орай, бүгін де кейбіреулер жәһілдік және хабарсыздықпен, кейбіреулер біле тұра, қасақана аспандық жоғарғы ағартушылықты әпсана деп атайды.
2. Құран адамдарды бұрынғылардың тарихын зерттеуге шақырып, олардан зұлымдардың тағдырларын көру үшін әлемнің әр жеріне сапар шегуді сұрады. Себебі зұлымдардан қалған ескерткіштердің өзі даму мен тәрбиеге себеп болады.
3.Бұрынғылардың ескерткіштерін сақтау болашақ ұрпақтың ғибрат алуы үшін қажет.