Жел 10, 2016 15:54 Asia/Almaty

Нәміл сүресінің 76-81 аяттарының тәпсірі

«Нәміл» сүресінің 76-77-78-79 аяттары:

 «إِنَّ هَذَا الْقُرْ‌آنَ یَقُصُّ عَلَى بَنِی إِسْرَ‌ائِیلَ أَکْثَرَ‌ الَّذِی هُمْ فِیهِ یَخْتَلِفُونَ»، «وَإِنَّهُ لَهُدًى وَ رَ‌حْمَةٌ لِّلْمُؤْمِنِینَ»، «إِنَّ رَ‌بَّکَ یَقْضِی بَیْنَهُم بِحُکْمِهِ وَ هُوَ الْعَزِیزُ الْعَلِیمُ»، «فَتَوَکَّلْ عَلَى اللَّهِ إِنَّکَ عَلَى الْحَقِّ الْمُبِینِ»

Расында бұл Құран Израил ұрпақтарына таласқан нәрселерінің көбін баян етеді. (76) Күдіксіз, бұл Құран мүміндер үшін анық тура жол, әрі игілік. (77) Расында Раббың олардың араларына үкім етеді. Ол өте үстем, тым білуші. (78) (Мұхаммед Ғ.С.) онда Аллаға тәуекел қыл. Өйткені, сен ап-ашық бір шындық үстіндесің. (79)

Алдыңғы бағдарламада сөз қияметті теріске шығарып, әртүрлі сылтаулармен өлгендердің тірілуі мен қияметтегі Алланың жазасы және сыйына деген сенімді келеке еткен мүшіріктер туралы болды. Осы аяттар Құран мен исламды қабылдағылары келмеген Араб түбегінде өмір сүрген яһудилер туралы. Яһудилердің діннің кейбір ахкамдарына қатысты алауыздыққа ие болғандары сынды олар Иса Мәсіх пен Тауратта айтылған ақырзамандағы құтқарушы туралы да бір-бірімен пікір қайшылығына ие болды. Осы аяттар былай дейді: «Егер Құранды аспандық кітап ретінде қабылдағанда олардың барлық қайшылықтары шешілген болар еді. Мұса мен Исадан кейін яһуди діні мен мәсіхи дінінде пайда болған ырымшылдықтар мен бедғаттардан туған қайшылықтары аяқталған болар еді. Нәтижесінде олар таза, кез келген талғам мен бұрыс сенімдерден ада дінге ие болған болар еді» дейді. Аяттардың жалғасы пайғамбар мен мүміндерге қаратып: «Кітап иелерінің қарсылықтарының алдында Құдайға тәуекел етіп, оның шексіз ғылымы мен құдіретіне сүйеніп, өз жолдарыңды жалғастырыңдар. Өздеріңнің хақ екендіктеріңді біліңдер. Хақ тұрақты да мықты» дейді.  Осы аяттардан үйренетініміз:

1. Құранның берекелерінің қатарына ой-пікір қайшылықтары мен тамыры тереңге кеткен алауыздықтарды шешуі жатады. Құран – бірліктің мәйегі. Тек мұсылмандар үшін ғана емес, сонымен қатар кітап иелері де оны қабылдап, оның аяттарына жүгінген кезде өздерінің қайшылықтарын шеше алады.

2.Жетекшілік – Құдай өзінің мейірімі мен рақымы арқылы адамзатқа сыйлаған ең үлкен илаһи нығметтердің бірі.

3. Құдайға тәуекел ету – адамның табысқа жету кепілінің бірі. Мұнымен қатар Құдайға тәуекел ету жалған жолда емес, тек хақ жолында ғана мән-мағынаға ие болады.

 «Нәміл» сүресінің 80-81 аяттары:

 «إِنَّکَ لَا تُسْمِعُ الْمَوْتَى وَلَا تُسْمِعُ الصُّمَّ الدُّعَاءَ إِذَا وَلَّوْا مُدْبِرِ‌ینَ»، «وَمَا أَنتَ بِهَادِی الْعُمْیِ عَن ضَلَالَتِهِمْ إِن تُسْمِعُ إِلَّا مَن یُؤْمِنُ بِآیَاتِنَا فَهُم مُّسْلِمُونَ»

Шынында өліктерге естірте алмайсың. Әрі бұрылып, қашқан саңырауларга да дауыс естірте алмайсың. (80) Және де соқырды адасқан жағынан жолға салушы емессің. Сондай-ақ аяттарымызға иман келтіріп, өздері мұсылман болған кісілерге ғана естірте аласың. (81)

Алдыңғы аяттар Құранды айқын ақиқат деп атады.  Осы аяттар да жалғасында «Олардың Құранмен қарсыласуы және хақты қабылдамауы Құранның қабылдауға лайықсыздығынан емес, олардың көрсоқырлықтарынан» дейді. 

Қырсықтық пен қыңырлық және фанатизмге салынып, көрсоқырлықпен еліктейтін адам оған ешбір сөз өтпейтін өлік сынды немесе өз жолын жалғастыратын саңырау сияқты. Егер көзі көрмейтін адамды артынан шақырса, оның естімейтіндігі түсінікті. Кәпірлердің көбінің ақиқатты түсінетін жолдардың барлығын өз алдарынан жауып, өздерін хақты естіп, оны көруден мақұрым еткен көзі көрмейтін саңыраулар сияқты болуы өкінішті.

Құран мен ардақты пайғамбардың жетекшілігін біріншіден, хақтың алдында мойынсұнатын, екіншіден, илаһи аяттарға дұрыс иман келтіретін адамдардың пайдалана алатындықтары белгілі. Басқаша айтқанда, Құранның жетекшілігінен таным кедергілері оны хақты қабылдаудан тыймайтын адам пайдалана алады. Бұл кедергілер әдетте адамдардың ой-пікірлері мен көңіл-күйлеріне байланысты. Бұл олардың бұрынғы ұстынымдары мен ата-бабаларына еліктеуіне немесе қауымдық, яки тайпалық ырымшылдықпен хақты естуге дайын болмауына немесе, тіпті хақты естісе де бұрыс сараптамалар арқылы оны басқаша тәпсірлеуіне себеп болады. 

Сонымен, мәселе илаһи әмбиелердің жолдауының негізінде немесе олардың қабылдауға лайықсыздығында емес, керісінше теріске шығарушылардың фанатизмі мен қырсықтықтарында. Егер адамның жүрегі өлетін болса немесе хақты қабылдағысы келмесе, хақ сөз оған әсер етпейді. Бұл күйіп кеткен шамды тоққа қоспақ болатындығымыз секілді. Мұндай шам ешқашан жанбайды.  

Осы аяттардан үйренетініміз:

1.Құран мәдениетінде өлім мен өмір деп, һәм табиғи және материалды тіршілікке, һәм рухани өлім мен өмірге айтылады. Құран хақ сөзді естімейтін, одан әсер алмайтын адамдарды олар сырттай тірі болғанымен, өлген санайды. Осы топқа қарсы Құранның көзқарасы бойынша, хақты танып, соның жолында жанпида етіп, шәһид болатын адамдар сырттай тірі адамдардың арасында болмаса да тірі, әрі Алланың ырзығына бөленген.

2.Құлақ пен көзге және ақылға ие болу жеткіліксіз. Бәрінен маңыздысы – хақтың алдында мойынсұну. Егер болмаса, адам тіпті өзінің естігендері мен көргендерін де теріске шығарады, болмаса оларды бұрыс түсіндіреді. Ұйқыдағы адам дауысты естіген кезде оянады. Бірақ өзін ұйықтап жатқан сынды көрсететін адам оны қаншалықты дауыстап шақырсақ та жауап бермейді.