Хадж сүресі, 586-шы бөлім, 72-76 аяттар
Хадж сүресі, 586-шы бөлім, 72-76 аяттар
«Хадж» сүресінің 72 аяты:
«وَ إِذَا تُتْلَى عَلَیْهِمْ آیَاتُنَا بَیِّنَاتٍ تَعْرِفُ فِی وُجُوهِ الَّذِینَ کَفَرُوا الْمُنکَرَ یَکَادُونَ یَسْطُونَ بِالَّذِینَ یَتْلُونَ عَلَیْهِمْ آیَاتِنَا قُلْ أَفَأُنَبِّئُکُم بِشَرٍّ مِّن ذَلِکُمُ النَّارُ وَعَدَهَا اللَّهُ الَّذِینَ کَفَرُوا وَبِئْسَ الْمَصِیرُ»
Қашан оларға ашық аяттарымыз оқылса кәпірлердің жүздерінен қарсылық сезесің. Сондай-ақ оларға аяттарымызды оқығандарды бассала жаздайды. (Мұхаммед Ғ.С.) оларға: "Енді сендерге бұдан да жаманның хабарын берейін бе? Ол, от! Алла оны қарсы болғандарға уәде еткен нендей жаман орын!",- де. (72)
Алдыңғы бағдарламада Құдай мүшріктердің пұтқа табынушылықтарын айыптап, оны ақыл мен уәһиге қайшы әрекет деп таныстырды. Осы аят жалғасында былай дейді: «Олардың жәһілдік ырымшылдықа салынғандары сондай, тіпті Құран аяттарын естігілері, сол туралы ойланғылары да келмейді. Біреу оларға Құран аяттарын оқыған кезде қатты ашуланып, хақ сөзді оқуын тоқтату үшін оны бастан ұра жаздайды. Ал ақылды адам басқалардың ойлары мен пікірлерімен танысуды олардың сөздерін естуді, егер дұрыс әрі қисынды болса, қабылдап, ал егер қисынсыз болса, дәлелдер мен айғақтар келтіріп, оны теріске шығарғысы келеді. Бүгінде діни тағылымдармен қарсыласып, Құдай мен Оның пайғамбарларын теріске шығаратындардың қырсықтық пен ерегесуден туындап отырған күпіршіліктері олардың болмыстарын жаулап алғаны соншалықты, ешбір қисынмен хақты қабылдағылары келмей, күш көрсетуді құрал ретінде мүміндерге қарсы қолданады. Олардың бұл әрекеттері осы материалды дүниемен шектеледі. Олар қияметте тозақтың қатты азабына душар болады. Егер осы дүниеде оларға Құдайдың аяттарын есту ауыр және қиын болса олар қияметте одан бетер азапқа ұшырайды. Бұл олардың күпіршіліктері мен теріске шығаруларының жазасы». Осы аяттан үйренетініміз:1. Теріске шығару және хақты қабылдамау рухы адамды күпіршілік пен Құдаймен қарсыласуға ұластырады.2. Дәлел мен қисынға ие емес адам өзінің қисынсыз ойларын қорғау үшін шабуылға жүгінеді. Бұл оның қисын мен дәлелдегі әлсіздігі мен қауқарсыздығын көрсетеді.
«Хадж» сүресінің 73-74 аяттары:
«یَا أَیُّهَا النَّاسُ ضُرِبَ مَثَلٌ فَاسْتَمِعُوا لَهُ إِنَّ الَّذِینَ تَدْعُونَ مِن دُونِ اللَّهِ لَن یَخْلُقُوا ذُبَابًا وَلَوِ اجْتَمَعُوا لَهُ وَإِن یَسْلُبْهُمُ الذُّبَابُ شَیْئًا لَّا یَسْتَنقِذُوهُ مِنْهُ ضَعُفَ الطَّالِبُ وَالْمَطْلُوبُ»، «مَا قَدَرُوا اللَّهَ حَقَّ قَدْرِهِ إِنَّ اللَّهَ لَقَوِیٌّ عَزِیزٌ»
Әй адам баласы! Бір мысал келтірілді. Енді соған құлақ салыңдар: сендердің Алладан өзге табынғандарыңның барлығы жиылса да әсте бір шыбын жарата алмайды. Сондай-ақ егер шыбын олардың бір нәрсесін алып қашса, одан оны құтқара алмайды. Өйткені, іздеуші де ізделген де нашар. (73) Олар Алланың қадырын біліп, шын мәнінде бағалай алмады. Алла аса күшті, өте үстем. (74)
Бұл аяттар мейлі тастан, мейлі ағаштан жасалған болсын, хайуан болсын, тіпті болмаса адам болсын әйтеуір ойдан жасалған «құдайлардың» дәрменсіздіктерін қарапайым бір тәмсілмен баяндап: «Сендердің өмірлеріңе ықпал етеді, сендерге жақсылық жасай алады немесе сендерден жамандықты жояды деп ойлағандарың, тіпті егер барлық данышпандарды айналасына жинап алса да бір шыбынды да жарата алмайды» дейді. Олар бір шыбынды ғана жарата алмауларымен қоса, тіпті егер шыбын бірнәрсені іліп алып, ұшып кетсе оны ұстай да алмайды. Шыбынмен бәсекелесе алмайтындар қалайша сендерге өмірде қолдаушы, қамқоршы бола алады? Сендер қалайша тас, ағаш, хайуан сынды мұндай әлсіз жаратылыстарды аспан мен жерді және әртүрлі осыншама құбылыстарды жаратқан Құдаймен бір қатарға қоясыңдар? Құдіретті Құдайды сол әлсіз құдайларыңмен салыстыруға бола ма?» дейді. Аяттың жалғасы да қысқа сөйлеммен осы мәселені қуаттап: «Һәм талап етуші, һәм солардан талап еткен құдайлар қауқарсыз» дейді.Осы аяттардан үйренетініміз:1.Маса мен шыбын болсын, Құдайдың жаратылыстарын кішкентай деп санамайық.2. Құдіретті Құдайдан теріс айналып, Құдайдан басқа қауқарсыз әлсіз жаратылыстан көмек сұрау еш күмәнсіз, Құдайдың нығметтерінің қадірін білмеудің бір түрі.
«Хадж» сүресінің 75-76 аяттары:
« اللَّهُ یَصْطَفِی مِنَ الْمَلَائِکَةِ رُسُلًا وَمِنَ النَّاسِ إِنَّ اللَّهَ سَمِیعٌ بَصِیرٌ»، «یَعْلَمُ مَا بَیْنَ أَیْدِیهِمْ وَمَا خَلْفَهُمْ وَإِلَى اللَّهِ تُرْجَعُ الأمُورُ»
Алла, періштелерден де адамдардан да елшілер ғана белгіледі. Шәксіз Алла, әр нәрсені аса естуші, тым көруші. (75) Олардың алдарындағыны да арттарындағыны да біледі. Сондай-ақ барлық іс Аллаға қайтады. (76)
Пұтқа табынған Меккенің мүшріктеріне қарсы кейбір кітап иелері Жебірейіл сынды періштелер мен хазірет Иса сынды пайғамбарларға табынды. Осы аят соларға қаратып: «Һәм періштелер, һәм пайғамбарлар Құдайдың жаратылыстары. Олар Оның сөзін адамдарға жеткізуге жауаптылар. Алла ғана табынуға лайық. Одан басқа ешкім, пайғамбар болсын мейлі періште болсын табынуға лайық емес. Құдай адамдардың істерін ғана емес, сонымен қатар періштелерді де әрдайым бақылауда ұстайды. Олар өздерінің әректеттеріне жауапты» дейді. Осы аяттардан үйренетініміз:1.Періштелердің бір тобы Құдай мен пайғамбарлар арасында халыққа уәхиді жеткізетін дәнекерлер болып табылады.2. Құдай әлемде құзырға ие. Құдай адамдардың сөздерін естіп, олардың істерін көреді.3. Жаратылыстың соңы оның басталуы сынды Құдай жақта. Ештеңе де, ешкім де илаһи ғылым мен құдіреттің шеңберінен тысқары емес.