Хадж сүресі, 585-ші бөлім, 67-71 аяттар
Хадж сүресі, 585-ші бөлім, 67-71 аяттар
«Хадж» сүресінің 67 аяты:
«لِکُلِّ أُمَّةٍ جَعَلْنَا مَنسَکًا هُمْ نَاسِکُوهُ فَلَا یُنَازِعُنَّکَ فِی الْأَمْرِ وَادْعُ إِلَى رَبِّکَ إِنَّکَ لَعَلَى هُدًى مُّسْتَقِیمٍ »
Әр үммет үшін, олар орындайтын бір ереже жасадық. (5-С.48-А.) Ендеше (Мұхаммед Ғ.С.) олар, сенімен бұл іс жайында тартыспасын. Раббың жаққа шақыр. Сен әлбетте тура жол үстіндесің. (67).
Өздерін хазірет Ибраһимнің ізбасарлары санаған Меккенің мүшріктері де, өздерін хазірет Мұсаның шариғатының ізбасарлары санаған Мединенің яһудилерінің әрқайсысы ерекше әдет-ғұрып пен рәсім-жоралғыларға ие болды. Ислам пайғамбары жаңа дін мен шариғат әкелгендіктен олар онымен дауласып: «Егер Құдайдың пайғамбары болсаң, неліктен жаңа дін әкелдің? Неліктен Ибраһим мен Мұсаның жолы мен тәсілінен қол үздің?» десті. Құран қарсыластардың бұл дауына берген жауапта: «Барлық илаһи діндер мен шариғаттар Алла тарапынан. Бірақ үмбеттердің жағдайы мен уақыт және мекеннің талаптарына байланысты Құдай олар үшін әртүрлі ғибадат пен міндет жүктеді. Сөйте тұра барлық илаһи діндердің мақсаты адамдарды бір Құдайға үндеу, оларды тура жолға нұсқау. Шын мәнінде әртүрлі діндер оқушыларды даму мен кемелдікке жеткізетін, даму кезеңдеріне ие бір мектептің әртүрлі сыныптары сынды. Осы аяттардан үйренетініміз:1. Құдай еш үмбетті жетекшілік дін мен шариғатсыз қалдырған емес. Керісінше, оларға дұрыс өмір сүру мен дұрыс құлшылық етудің жолдарын үйретті. 2. Қарсыластардың даулары мен жауластықтары бізді тура жолдан тайдырмауы керек. Сондай-ақ міндетімізді орындауда солқылдақтық пен енжарлыққа ұрындырмауы керек.3. Пайғамбарлар адамдар үшін тура жолдағы жетекші үлгі болып табылады.
«Хадж» сүресінің 68-69 аяттары:
«وَإِن جَادَلُوکَ فَقُلِ اللَّهُ أَعْلَمُ بِمَا تَعْمَلُونَ»، «اللَّهُ یَحْکُمُ بَیْنََکُمْ یَوْمَ الْقِیَامَةِ فِیمَا کُنتُمْ فِیهِ تَخْتَلِفُونَ »
Егер олар сенімен таласса: "Алла, не істегендеріңді жақсы біледі" де. (68) Алла қиямет күні араларыңдағы қайшылыққа түскен нәрселер жайында үкім береді. (69)
Алдыңғы аяттың жалғасында бұл аяттар ислам пайғамбарына қаратып: «Егер сенің шариғаттардың айырмашылықтары туралы дәлелдеріңді қарсыластар қабылдамай, өздерінің даулары мен жауластықтарын жалғастыратын болса оларға былай де: «Құдай сендердің істерің мен сөздеріңнен хабардар. Қиямет күні Ол біз бен сендердің армызда төрелік ететін болады. Ондай болса бізге қатысты емес және ол жерде біз роль атқармайтын тақырып бойынша бұдан ары дауласпаңдар». Осы аяттардан үйренетініміз:1. Дау ақиқат айтылғанша ғана қабылдауға лайық. Бірақ егер тараптардың бірі ерегесіп, өз сөзінен қайтпаса, оны жайына қалдырып, Құдайға тапсырған жөн. 2. Қияметке деген сенім мүміндердің кәпірлердің қарсылықтарының алдында рухани тыныштыққа жетуіне себеп болады.«Хадж» сүресінің 70 аяты:«أَلَمْ تَعْلَمْ أَنَّ اللَّهَ یَعْلَمُ مَا فِی السَّمَاءِ وَالْأَرْضِ إِنَّ ذَلِکَ فِی کِتَابٍ إِنَّ ذَلِکَ عَلَى اللَّهِ یَسِیرٌ »Алланың жер, көктегі нәрселерді білетінін білмейсің бе? Шәксіз бұлар, Кітапта жазулы. Күдіксіз бұл, Аллаға оңай. (70)Осы аят жаратылыс жүйесіндегі жалпы бір принципке сілтеме жасап: «Аспандар мен жердің Жаратушысы Құдай барлық мақұлықтардың ісінен хабардар. Одан ешнәрсе жасырын қалмайды. Адамдардың сөздері мен істері де бұл қағидадан тысқары емес. Құдай адамдардың барлық ісінен ғылыми тұрғыдан хабардар. Құдай қияметте осы нақты ілім негізінде құлдарына төрелік етеді. Мұнымен қоса бұл илаһи ілім «Тағдыр» тақтасында да жазылған. Одан ештеңе қалыс қалмайды». Осы аяттардан үйренетініміз:1. Жаратушының ілімі жаратылыстың барлық бөлшегі үшін бірдей. Мейлі жанды, мейлі жансыз, ол аспанда ма, жерде ме айырмашылық жоқ. 2. Адамның айтатын әрбір сөзі мен әрбір әрекеті илаһи кітапқа тіркеледі. Ештеңе ұмытылып қалмайды немесе жойылып кетпейді.
«Хадж» сүресінің 71 аяты:
«وَیَعْبُدُونَ مِن دُونِ اللَّهِ مَا لَمْ یُنَزِّلْ بِهِ سُلْطَانًا وَمَا لَیْسَ لَهُم بِهِ عِلْمٌ وَمَا لِلظَّالِمِینَ مِن نََّصِیرٍ »
Олар Алладан өзге оған ешбір дәлел түсірілмеген және ол жөнінде өздеріне де ешбір мәлімет болмаған нәрселерге табынады. Ол залымдар үшін бір жәрдемші болмайды. (71)
Мүшріктердің ислам пайғамбарымен дауласуын баяндаған аяттан соң осы аят былай дейді: «Ислам туралы сенімен дауласатындардың өздері ақыл мен уәхимен ешбір сәйкеспейтін ой-пікір мен іс-әрекеттерге душар болған. Олар пұттарға табынады. Олардың сол істері ешбір ақылға қонымсыз, әрі қисынсыз. Не Құдай оларға пұттарға өздері мен Құдайдың арасындағы дәнекер ретінде табынуға рұқсат берген жоқ, олардың пұттардың алдында табынып, соларға мойынұнулары үшін ақыл да олардың бұл істерін қабылдамайды. Мұндай қисынсыз істерді жалғастыратын адамдар ең алдымен өздеріне, кейін адамзатқа жетекшілік ету үшін жіберілген Алланың пайғамбарларына зұлымдық жасайды. Осы аяттан үйренетініміз:1.Ғибадаттың жай-жапсары туралы Құдайдың бұйрықтарына табандылық танытып, мойынсұну ақылға қонымды, дана іс. Бірақ жеке бастың талғамы мен көзқарасы негізінде ғибадат ету хақтан адасып, ырымшылдықтың таралуына себеп болады. 2. Зұлымдық тек қана әлеуметтік істермен шектелмейді. Сонымен қатар дін істеріне кез келген талғамды таңу да өзі мен дінге жасалған зұлымдықтың бір түрі болып табылады.