Хадж сүресі, 584-ші бөлім, 63-66 аяттар
Хадж сүресі, 584-ші бөлім, 63-66 аяттар
«Хадж» сүресінің 63-64 аяттары:
«أَلَمْ تَرَ أَنَّ اللَّهَ أَنزَلَ مِنَ السَّمَاءِ مَاءًًًً فَتُصْبِحُ الْأَرْضُ مُخْضَرَّةً إِنَّ اللَّهَ لَطِیفٌ خَبِیرٌ»، « لَهُ مَا فِی السَّمَوَاتِ وَمَا فِی الْأَرْضِ وَإِنَّ اللَّهَ لَهُوَ الْغَنِیُّ الْحَمِیدُ »
Көрмейсің бе? Рас, Алла көктен жаңбыр жаудырып, жерді көк шалғынға айналдырды. Шәксіз Алла, өте мейірімді және толық білуші. (63) Көктердегі әрі жердегі нәрселер Алланікі. Шынында Алла өте бай, аса мақтаулы. (64)
Алдыңғы бағдарламада жаратылыс жүйесіндегі илаһи құдіреттің кейбір белгілерімен, әсіресе түн мен күннің ауысуымен таныстық. Осы аяттар да Жаратушының құдіретінің келесі бір бөлігіне сілтеме жасап: «Шөптердің көктеп, өсуінің мәйегі болатын жаңбырдың жаууы өз-өзінен болатын кездейсоқ, ешқандай бағдарлама мен жоспарсыз іс емес. Керісінше, бұл табиғи құбылыс дана Құдай тарапынан белгіленіп, Оның шексіз ғылымы мен мейірімі және рақымының арқасында орын алады. Ол жаратылыс әлемі мен адамдардың жомарт Иесі. Ол жаратылыстарына әрдайым мейірім сыйлайды. Сол себепті Ол мадақтау мен дәріптеуге лайық». Осы аяттардан үйренетініміз:1. Бұл әлемдегі табиғат пен тіршіліктің заңдарын Құдай орнатты. Ол жаратылысты сол заңдардың негізі бойынша басқарады.2. Жалғыз Құдай ғана мұқтажсыз. Әлемнің барлық жаратылысы Оған мұқтаж.
«Хадж» сүресінің 65 аяты:
«أَلَمْ تَرَ أَنَّ اللَّهَ سَخَّرَ لَکُم مَّا فِی الْأَرْضِ وَالْفُلْکَ تَجْرِی فِی الْبَحْرِ بِأَمْرِهِ وَیُمْسِکُ السَّمَاءَأَن تَقَعَ عَلَى الْأَرْضِ إِلَّا بِإِذْنِهِ إِنَّ اللَّهَ بِالنَّاسِ لَرَؤُوفٌ رَّحِیمٌ »
Рас Алланың жердегілерді және өз әмірімен теңізде жүрген кемені сендерге бағынышты қылғанын және де өз бұйрығынсыз көктің жерге түсуін тоқтатқанын кермейсің бе? Күдіксіз Алла, адам баласына, әлбетте өте есіркеуші, аса мейірімді. (65)
Осы аят Құдайдың адамдарға деген ерекше мейірімінен анық үлгі келтіріп, былай дейді: «Жер плаентасы, мейлі оның құрлығы болсын, мейлі теңіздері мен мұхиттары болсын, барлығын Құдай адамның ықтиярына берді. Оған осының барлығын өзіне бағындыратын, соларды қалай пайдаланғысы келсе пайдаланатындай әлеует сыйлады. Құдай даму үшін адамның ықтиярына қажетті алғашқы материалды берді. Сонымен қатар адамның азық-түлік, киім, баспана, ат-көлік сынды әртүрлі қажеттіліктерін қамтамасыз етуі үшін оған ойлау қабілеті мен соларды бағындырып, пайдалану күшін сыйлады. Барлық зауыттар мен бүгінгі күнгі дамыған өнеркәсіптердің алғашқы шикізаты таулар мен кен орындарынан, жердің қойнауларынан алынып, қамтамасыз етіледі. Нәтижесінде адам әртүрлі өнімдерге қол жеткізе алады. Құрлық қана емес, сонымен қатар теңіздерді де адамға бағындырды. Адамның құрлықта ат, түйе сынды жануарларды қолдануымен бірге теңіздерде кемелер арқылы жолаушылар мен тауар тасымалдауының тарихы тереңде жатыр. Аят соған сілтеме жасайтын соңғы жәйт - белгілі бір осьтегі оның әрбіреуінің айналысы олардың жермен соқтығысуына, осы планета мен тұрғындарының жойылуына кедергі болатын аспандағы планеталармен арадағы қашықтықтың сақталуы. Осы аяттан үйренетініміз:1. Құдай жер планетасын жердің кен байлықтарын пайдалануы үшін адамға бағындырды.2. Жаратылыс жүйесінің жойылудан сақталуы Құдайдың қалауы мен даналығы негізінде. Сол себепті егер жаратылыс әлемін бір сәтке қоя берсе жойылады.
«Хадж» сүресінің 66 аяты:
«وَهُوَ الَّذِی أَحْیَاکُمْ ثُمَّ یُمِیتُکُمْ ثُمَّ یُحْیِیکُمْ إِنَّ الْإِنسَانَ لَکَفُورٌ» ترجمه این آیه
Ол сондай Алла, сендерді тірілтті, сосын өлтіреді, сонан кейін және тірілтеді. Расында адам баласы шүкірсіз. (66)
Тіршілік пен өлім мәселесі табиғаттағы Құдайдың құдіретінің маңызды белгілері болып табьылады. Ол жансыз топыраққа жан бітіріп, оның бойында әртүрлі қабілеттер мен мүмкіндіктерді қалыптастыратын, соңсоң өмірдің соңында адамнан дүниелік өмірді қайтып алып, оны қайтадан топыраққа қайтаратын, тағы да қалаған кезінде адамға жан бітіріп, қиямет атты басқа әлемде оны тірілтетін құдірет. Аяттың соңында осыншама илаһи нығметтердің алдында Құдайға шүкіршілік білдірмейтін, оның бұйрықтарына бағынудың орнына бүлік тудырып, бағынбаушылық танытып, тіпті Құдайдың болу негізін теріске шығаратын адам сынға алады. Адам төтенше ғылыми дамуларға қарамастан, әлі тіршіліктің сырына терең бойлай қойған жоқ, жансыз заттан жанды мақұлық жарата алған жоқ. Сөйте тұра Жаратушының тіршілікті жаратуына күдік тудырып, әртүрлі кіна тағып, Оның болуын немесе әлемнің жүйесіндеі Оның ролін теріске шығарады. Осы аяттан үйренетініміз:1. Өлім – адамның өмірінің соңы емес, оның осы дүниедегі ғұмырының аяқталуы. Өлімнен соң адам басқа әлемде өмір сүреді.2. Дүниенің нығметтерін ақыреттегі өмірдің бақыты үшін пайдалану әлемнің Жаратушысына шүкіршілік білдірудің ең жақсы жолы.