Жел 11, 2016 18:58 Asia/Almaty

Хадж сүресі, 583-ші бөлім, 58-62 аяттар

«Хадж» сүресінің 58-59 аяттары:

.«وَالَّذِینَ هَاجَرُوا فِی سَبِیلِ اللَّهِ ثُمَّ قُتِلُوا أَوْ مَاتُوا لَیَرْزُقَنَّهُمُ اللَّهُ رِزْقًا حَسَنًا وَإِنَّ اللَّهَ لَهُوَ خَیْرُ الرَّازِقِینَ»،«لَیُدْخِلَنَّهُم مُّدْخَلًا یَرْضَوْنَهُ وَإِنَّ اللَّهَ لَعَلِیمٌ حَلِیمٌ»

Ал Алла жолында хиждрат етіп, сосын өлтірілген немесе өлгендерге әлбетте Алла көркем несібе береді. Күдіксіз, Алла әрине несібе берушілердің жақсысы. (58) Алла оларды разы болатын орынға кіргізеді. Рас Алла, аса білгір, өте жұмсақ (59).

Мұсылмандар ислам пайғамбары мен хазірет әкелген дінге қолдау көрсеткендері үшін Меккеден Мединеге хиджрат етті. Олардың бір тобы табиғи түрде дүние салса, тағы бір тобы соғыстарда шәһид болды. Кейбір адамдар тек шәһидтерді ғана құрметтеп, басқа мүхажірлерді құрметтеген жоқ. Осы аят мұндай қатынасты теріске шығарып: «Құдай жолында өзінің қаласы мен өлкесін тастап хиджрат еткеннің барлығы: шәһид болғаны да, табиғи түрде қайтыс болғаны да Құдайдың жанында жоғары орынға, қияметте Алланың ерекше нығметтеріне ие болады» дейді.  Ия, бұл дүниеде бақуаттылық пен өз үйлерінің рахатын тастап, дін мен өздерінің имандарын қорғау үшін елден аластатылып, жер аударылып немесе хиджрат еткендерге Құдай қияметте жұмақтан орын беріп, олардың жанкештіліктері мен құрбандықтарының орнын толтырып, оларды риза етеді. Осы аяттан үйренетініміз:1.    Маңызды нәрсе Қүдай жолында әрекет ету. Әрекет өлімге соқтыра ма, шәһадаттыққа жеткізе ме, ол адамның еркінде емес. 2.    Құдай иман иелерінің бұл дүниедегі кем-кетігінің орнын жұмақтық мәңгілік нығметтермен толтырады. 3.    Құдай иман иелерінің зұлымдардың әділетсіздіктеріне байланысты тартатын қиындықтарынан хабардар. Алайда оның сабырлығы мен шыдамдылығы күшті. Ол залымның жазасы мен езілгеннің сыйын қияметтің еншісіне қалдырады.

«Хадж» сүресінің 60 аяты:

ذَلِکَ وَمَنْ عَاقَبَ بِمِثْلِ مَا عُوقِبَ بِهِ ثُمَّ بُغِیَ عَلَیْهِ لَیَنصُرَنَّهُ اللَّهُ إِنَّ اللَّهَ لَعَفُوٌّ غَفُورٌ »

Міне осылай; кім өзіне істелгендей ғана істеген бола тұра; ол, қайта бұған соқтыкса, әрине Алла, оған жәрдем етеді. Күдіксіз Алла, аса кешірімді, өте жарылқаушы. (60) 

Құдай мүхажірлердің сыйын мәңгілік жұмақ деп атаған алдыңғы аяттың жалғасында осы аят былай дейді: «Құдай осы дүниеде де оларға жәрдемдесіп,  оларға  Өзінің ғайыптық көмектерін жібереді. Дұшпан мұсылмандарға шабуыл жасаған кезде олар өздерін қорғап, олардың алдында төтеп беруге міндетті.  Алайда олар әділетті сақтап, күш қолданбаулары  керек. Бірақ егер дұшпан шабуылдарын тоқтатпаса  олар да өздерінің агрессияларын жалғастырулары керек. Құдай оларға жәрдемдесуге уәде берді.  Еш күмәнсіз, зұлымдық жасап, өздерін қорғауда әрекет етпейтін адамдарға Алланың бұл уәдесінің қатысты емес екендігі белгілі. Олар дұға мен ниет етіп, тілек тілеп Құдай өздеріне жәрдемдеседі деп күтпеулері керек.  Осы аяттан үйренетініміз:1.    Өзін, отбасын, қаласы мен өлкесін қорғау – һәм табиғи құқық, һәм діни міндет.  2.    Әділет – мәңгілік және әлемдік құндылық. 3.    Жазаның қасындағы кешірім мен рақым – илаһи ахлақ.

Хадж» сүресінің 61-62 аяттары:

«ذَلِکَ بِأَنَّ اللَّهَ یُولِجُ اللَّیْلَ فِی النَّهَارِ وَیُولِجُ النَّهَارَ فِی اللَّیْلِ وَأَنَّ اللَّهَ سَمِیعٌ بَصِیرٌ»، «ذَلِکَ بِأَنَّ اللَّهَ هُوَ الْحَقُّ وَأَنَّ مَا یَدْعُونَ مِن دُونِهِ هُوَ الْبَاطِلُ وَأَنَّ اللَّهَ هُوَ الْعَلِیُّ الْکَبِیرُ»

Міне шын мәнінде Алла, түнді күндізге қосып, күндізді түнге қосады. Күдіксіз, Алла әр нәрсені естиді, көреді. (61) Міне, күдіксіз Алла, Ол хақ. Расында олардың Алладан өзге сиынғандары ол босқа. Рас Алла, Ол өте жоғары, аса ұлы. (62)

Алдыңғы аятта Құдай мүміндерге жәрдемдесетіні туралы уәде берді. Осы аяттар былай дейді: «Бұл жеңістің уәдесі «Құдайдың барлық нәрсеге құдіреті жетеді. Жаратылыс жүйесі Оның ықтиярында» деу үшін. Ол жерді күннің айналасында жүйелі түрде айналдырып, түн мен күнді келтіреді. Нақты ості тағайындап, бірін азайтып, екіншісіне қосатын ол. Әртүрлі маусымдарда түн мен күннің ұзақтығы әркелкі әрі өзгеріп отырғанымен нақты және анық жүйеге ие. Әрі есептелінеді Бұл Алланың шексіз құдіретінің белгісі. Ол жаратылыстың Жаратушысы ғана емес, сонымен қатар соның Пәруірдігері де. Ол жерде болып жатқанның барлығын көреді, естиді. Ол әлемді жаратып, оны еркіне жібере салған жоқ. Ол тұрақты Хақ. Одан басқа кім болса да, не болса да жалған әрі өтпелі. Табынып, ғибадат етуге лайық емес. Ол адам ойлап, елестететін немесе басында пайда болатын кез келген күштен артық және жоғары. Ол достарға жәрдемдесіп, дұшпанды жеңе алады». Осы аяттардан үйренетініміз:1.    Жаратылыс – Жаратушының ғылымы мен құдіретінің ең артық дәлелі. Ондай болса тек Оған ғана арқа сүйеп, тек Одан ғана жәрдем тілейік. 2.    Нағыз ақиқат – Құдай. Хақты танудың өлшемі Ол тарапынан адамға жеткен нәрсе. 3.    Құдай мүміндерге жәрдемдесіп, хақтың жалғанды жеңуге кепілдік етті. Бірақ мүміндер де өздерінің міндеттерін орындауда аянып қалмаған жағдайда ғана.