Жел 11, 2016 19:01 Asia/Almaty

Хадж сүресі, 582-ші бөлім, 52-57 аяттар

«Хадж» сүресінің 52 аяты:

«وَمَا أَرْسَلْنَا مِن قَبْلِکَ مِن رَّسُولٍ وَلَا نَبِیٍّ إِلَّا إِذَا تَمَنَّى أَلْقَى الشَّیْطَانُ فِی أُمْنِیَّتِهِ فَیَنسَخُ اللَّهُ مَا یُلْقِی الشَّیْطَانُ ثُمَّ یُحْکِمُ اللَّهُ آیَاتِهِ وَاللَّهُ عَلِیمٌ حَکِیمٌ»

(Мұхаммед Ғ.С.) Сенен бұрын да, елші не пайғамбар жіберген болсақ, қашан ол үміттенсе немесе илаһи аяттарды адамдарға оқыған кезде шайтан үмітіне күдік салды. Алла шайтанның салатынын жойып, сосын өз аяттарын бекемдейді. Алла толық білуші, хикмет иесі. (52)

Алдыңғы бағдарламада қарсыластардың таухид дінін жою жолындағы талпыныстарына сілтеме жасалды. Осы аят былай дейді: «Олардың көбісі адамзат болып табылатын шайтандардың жоспарлары мен сендірулері тарих бойында болды. Олардың мақсаты мүміндердің илаһи аяттарға деген сенімдерін әлсірету, пайғамбарлардың бағдарламаларын әлсірету және аспандық діндердің дамуы мен таралуының алдын алу». Құдай Өзінің сөзін халықтың құлағына жеткізіп, әрдайым пайғамбарларына қолдау көрсетіп, растауды қалады. Осы аяттан үйренетініміз:1.    Шайтандар мен серіктерінің Құдайдың аяттарына күдік-күмән тудыруды жоспарлауы тоқтамайтын іс. Мүміндер де олармен күресу үшін жоспар құрулары керек.2.    Құдайдың хақтың жалғанды жеңетіні және мүміндердің Құдайға тәуекел етіп жеңіске жететіндігі туралы уәдесі хақ.

«Хадж» сүресінің 53-54 аяттары:

«لِیَجْعَلَ مَا یُلْقِی الشَّیْطَانُ فِتْنَةً لِّلَّذِینَ فِی قُلُوبِهِم مَّرَضٌ وَالْقَاسِیَةِ قُلُوبُهُمْ وَإِنَّ الظَّالِمِینَ لَفِی شِقَاقٍ بَعِیدٍ» ، « وَلِیَعْلَمَ الَّذِینَ أُوتُوا الْعِلْمَ أَنَّهُ الْحَقُّ مِن رَّبِّکَ فَیُؤْمِنُوا بِهِ فَتُخْبِتَ لَهُ قُلُوبُهُمْ وَإِنَّ اللَّهَ لَهَادِ الَّذِینَ آمَنُوا إِلَى صِرَاطٍ مُّسْتَقِیمٍ»

Шайтанның салатынын жүректері қатайғандарға сынақ үшін. Залымдар әрине ұзақ бір қайшылықта. (53) (Мұхаммед Ғ.С.) ғылым берілгендер Құранның Раббыңнан бір хақиқат екендігін біліп, оған сеніп және оған жүректері берілуі үшін. Күдіксіз, Алла иман келтіргендерді әлбетте тура жолға салды. (54)

Алдыңғы аяттардың жалғасында бұл аяттар былай дейді: «Қарсыластардың қастандықтары барша үшін: мүміндер үшін, қарсыластар үшін де болсын сынақ алаңы. Ауру қарсыластарға хақ сөзі әсер етпейді. Олар шайтандық сендірулерді қабылдап, соларға ереді. Бұл іс күннен күнге хақтан алыстап, олар мен хақтың арасындағы сызаттың кеңейе түсуіне себеп болады. Мүміндер хабардарлықтары мен мағрифат негізінде хақты жалғаннан ажыратып, шайтани сендірулерді хақтың тұрақты сөзінен айыра алады. Олар Пәруәрдігердің алдында мойынсұнады. Құдай да мұндай адамдарды осы дүниеде тура жолға бағыттайды. Хақтан алыстап немесе хақ жолына ерудің салдарлары мен нәтижелерінің болатыны түсінікті. Бұл нәтижелер мен салдарлар осы дүниемен қатар қияметте де көрініс тауып, кәпірлерді тозаққа, мүміндерді жұмаққа жеткізеді.  Осы аяттардан үйренетініміз:1.Қырсықтық пен қыңырлық және ерегесушілік адамды хақты қабылдаудан тартатын, адамды тасжүректік пен зұлымдыққа душар ететін ауру болып болып табылады.2.Шынайы білім адамға хақты жалғаннан ажырату күшін беріп, адамды хақтың алдында қарапайым етеді. 3. Хақ жолында қадам басатын адамды Құдай жолды жалғастыруда оған көмектесіп, жетекшілік етеді. 

«Хадж» сүресінің 55-56-57 аяттары:

«وَلَا یَزَالُ الَّذِینَ کَفَرُوا فِی مِرْیَةٍ مِّنْهُ حَتَّى تَأْتِیَهُمُ السَّاعَةُ بَغْتَةً أَوْ یَأْتِیَهُمْ عَذَابُ یَوْمٍ عَقِیمٍ»، « الْمُلْکُ یَوْمَئِذٍ لِّلَّهِ یَحْکُمُ بَیْنَهُمْ فَالَّذِینَ آمَنُوا وَعَمِلُوا الصَّالِحَاتِ فِی جَنَّاتِ النَّعِیمِ»، « وَالَّذِینَ کَفَرُوا وَکَذَّبُوا بِآیَاتِنَا فَأُوْلَئِکَ لَهُمْ عَذَابٌ مُّهِینٌ»

Сондай қарсы келгендер өздеріне кенеттен қиямет келгенге немесе сәтсіз бір күннің азабы келгенге дейін үнемі Құраннан күдіктенуде. (55) Сол күні иелік Аллаға тән. Олардың араларына үкім жүргізеді. Сонда иман келтіргендер, ізгі іс істегендер, бақытты жаннаттарда болады (56) Қарсы келіп, аяттарымызды жасынға айналдырғандар, міне соларға қорлаушы азап бар. (57)

Алдыңғы аяттардың жалғасында бұл аяттар былай дейді: «Күпіршілік пен қырсықтық рухы кәпірлердің өмірлерінің соңына дейін хақ жолына келмей, әрдайым өз көздерімен қияметті көрмей, азаптың дәмін татпайынша, оған шәк пен күмән келтіруге себеп болады. Ол жерде енді иман келтірудің де пайдасы болмайтындай, теріске шығарудың да мағынасы болмайды. Қиямет күні – есеп күні. Төреші де Дана әрі Әділ Құдай. Ол әр кісіден оның сенімі мен іс-әрекеті және амалына сай есеп алады. Ізгі іс істеуші мүміндер жұмаққа, ал жамандық жасаған кәпірлер тозаққа душар болады. Осы аяттардан үйренетініміз.1.    Шәк пен күмән егер ақиқатты зерттеудің кіріспесі болса, құнды. Бірақ егер өмірдің соңына дейін жалғасса адасушылық пен бұрмалаушылыққа себеп болады.2.    Қиямет өлім сынды тұтқиылдан, кенеттен болады. Оның келетін уақытын Құдайдан басқа ешкім білмейді.3.    Құдайдың қияметтегі төрелік етуінің принципі адамдардың осы дүниедегі жүректеріндегі имандары немесе күпіршіліктері, жақсы істері немесе жамандықтары негізінде.