Хадж сүресі, 581-ші бөлім, 46-51 аяттар
Хадж сүресі, 581-ші бөлім, 46-51 аяттар
«Хадж» сүресінің 46 аяты:
«أَفَلَمْ یَسِیرُوا فِی الْأَرْضِ فَتَکُونَ لَهُمْ قُلُوبٌ یَعْقِلُونَ بِهَا أَوْ آذَانٌ یَسْمَعُونَ بِهَا فَإِنَّهَا لَاتَعْمَى الْأَبْصَارُ وَلَکِن تَعْمَى الْقُلُوبُ الَّتِی فِی الصُّدُورِ»
Олар жер жүзінде кезіп жүрмеді ме? Сонда олардың түсінер жүректері және естір құлақтары болса еді. Негізінен көздері соқыр емес. Бірақ көкіректеріндегі жүректері соқыр. (46)
Алдыңғы аяттарда Құдай олардың зұлымдықтарына байланысты қалалары мен өлкелерінің ойранын шығарған қауымдардың тағдырлары туралы айтылды. Осы аят былай дейді: «Сол зұлымдар бұрынғылардың тарихтарына қараған жоқ, солардан ғибрат алған жоқ. Егер олардың көздері мен құлақтары және ақылдары ақиқатты көріп, естіп, қабылдағанда мұндай жаман салдарға душар болмаған болар еді». Олар сұлтандардың қираған сарайларын көргендерімен бәрібір зұлымдық пен үстемшілдіктен бас тартпай, билік пен көбірек байлық жинаудың соңында болды. Көздері көргенімен жүректері олардың да келешекте осындай жаман салдарға душар болатындықтарын қабылдамады. Құлақтары өткен оқиғаларды естігендерімен ақылдарының «Тарих қайталанады» деген үнін естімеді. Олар сырттай көретін, еститін болғанымен шын мәнінде ақиқатты көрмейтін соқыр, естімейтін керең болды. Осы аяттан үйренетініміз:1. Жер бетінде саяхаттау, адамзаттың өткен тарихын тану үшін сапарға шығу және содан бүгінгі өмірге сабақ алу құнды да пайдалы.2. Зұлымдық істі адам не ақиқатты көрмейтіндей, не егер көрсе де түсінбейтіндей және қабылдамайтындай жерге жеткізеді.
«Хадж» сүресінің 47-48 аяттары:
«وَیَسْتَعْجِلُونَکَ بِالْعَذَابِ وَلَن یُخْلِفَ اللَّهُ وَعْدَهُ وَإِنَّ یَوْمًا عِندَ رَبِّکَ کَأَلْفِ سَنَةٍ مِّمَّا تَعُدُّونَ»، «وَکَأَیِّن مِّن قَرْیَةٍ أَمْلَیْتُ لَهَا وَهِیَ ظَالِمَةٌ ثُمَّ أَخَذْتُهَا وَإِلَیَّ الْمَصِیرُ»
(Мұхаммед Ғ.С.) олар сенен азаптың тез келуін тілейді. Алла уәдесінен әсте айнымайды. Негізінде Алланың қасындағы бір күн сендер санайтын мың жылмен тең. (47) Қаншалаған кенттерге ол залым бола тұра мұрсат беріп барып, сонан соң қолға алдым. Әрине барар жері де Біз тарап. (48)
Пайғамбар мүшріктерге «Абай болыңдар, бұрынғы қауымдар сынды Алланың қаһарына душар болып жүрмеңдер» деп ескерту жасаған кезде олар келекеге айналдырып: «Егер қолыңнан келсе Құдайыңнан бізді де неғұрлым тезірек азапта деп сұра» дейтін. Құдай оларға жауап беріп: «Асықпаңдар. Себебі Құдай бұрынғы кәпірлер мен зұлымдарды да тез арада жазалаған жоқ. Керісінше, оларға мұрсат беріп, бәлкім өздерінің жолдарынан кейін қайтар, оларға тәубеге келу мүмкіндігі әзірленер» деп мұрсат берді. Бірақ олардың өздерінің бұрыс жолдарында табандап тұрып, теріс істерінен бас тартпайтындықтары белгілі болған кезде Құдай оларды жазалап, өлтірді» дейді. Осы аяттарда нәзік бір тақырыпқа сілтеме жасалған: «Сендердің, адамдардың мың жылдарың Алланың жанында бір күн де емес. Сендердің асығыстықтарыңның мағынасы жоқ. Құдайдың жанында бір сағат пен бір күн және бір жылдың арасында айырмашылық жоқ. Олардың уақыттары аяқталған кезде олар Алланың қаһары мен азабына ұшырайды» деді. Бұрынғы қауымдар да пайғамбарларынан осындайды талап етіп: «Егер рас айтсаң, Құдайың бізге азап түсірсін» дескен болатын. Бірақ азап келген кезде олардың қашар жолдары болмады. Осы аяттардан үйренетініміз:1. Азап пен оның кешіктірілуіне қатысты күдіктенудің орнына Құдай бізге беретін мүмкіндік пен мұрсаттан бұрынғы қателіктеріміздің орнын толтыру үшін пайдаланып, Алланың рақымына бөленейік. 2. Құдайды өзімізбен салыстырмайық. Оның рақымы қашанда оның қаһарынан алдыда келеді. Адам күнә жасай салысымен Құдай оны бірден жазаламайды.
«Хадж» сүресінің 49-50-51 аяттары:
«قُلْ یَا أَیُّهَا النَّاسُ إِنَّمَا أَنَا لَکُمْ نَذِیرٌ مُّبِینٌ »، «فَالَّذِینَ آمَنُوا وَعَمِلُوا الصَّالِحَاتِ لَهُم مَّغْفِرَةٌ وَرِزْقٌ کَرِیمٌ»، «وَالَّذِینَ سَعَوْا فِی آیَاتِنَا مُعَاجِزِینَ أُوْلَئِکَ أَصْحَابُ الْجَحِیمِ»
(Мұхаммед Ғ.С.): "Әй, адамдар! Шын мәнінде мен сендерге ашық ескертуші ғанамын" де. (49) Ал иман келтіріп, түзу іс істегендер, оларға жарылқау әрі құрметті несібе бар. (50) Бірақ, біздің аяттарымызды бұзуға тырысқандар және бізді әлсіретуге күшіміз жетеді деп ойлайтындар, міне солар тозақтық. (51)
Күдік пен келеке етіп пайғамбарға: «Егер айтып тұрған уәждерің рас болса, бізге азап түсір» деген кәпірлерге қарсы осы аяттар: «Пайғамбарлардың ісі жазалау емес, ескерту. Олар халыққа жетекшілік етіп, уағыз айтады. Адамдар өздерінің істерінің нәтижесінен хабардар болу үшін және таным мен хабардарлық негізінде өздерінің жолын таңдау үшін жаман және жақсы істердің салдарлары мен соңын баяндайды. Пайғамбарлар ескертумен қатар сүйінші де береді. Кәпірлерге егер сендер күпіршілік пен қырсықтықтарыңнан бас тартсаңдар және иман келтірсеңдер Құдай да һәм сендердің өткендеріңді кешіріп, һәм осы дүние мен ақыретте ерекше және илаһи құнға ие нығметтерге ие боласыңдар» деп сүйіншілейді. Осы аяттардан үйренетініміз:1. Пайғамбарлар адамдарды не дінді қабылдауға мәжбүрлемейді, не кәпірлерді жазаламайды. Олардың міндеті тек қана жетекшілік етіп, хабарлау. 2. Пайғамбарлар қиын, күрделі және түсінуге келмейтін тілмен емес, баршаға түсінікті және анық тілмен сөйледі. 3. Кәпірлер Алланың діндерімен күресу үшін және мүміндерді жеңу үшін талпыныс жасап, көп күш салады. Ондай болса мүміндер де дәлелмен және анық қисынмен Құдайдың дінін қорғаулары керек.