Хадж сүресі, 580-ші бөлім, 39-45 аяттар
Хадж сүресі, 580-ші бөлім, 39-45 аяттар
«Хадж» сүресінің 39-40 аяттары:
«أُذِنَ لِلَّذِینَ یُقَاتَلُونَ بِأَنَّهُمْ ظُلِمُوا وَإِنَّ اللَّهَ عَلَى نَصْرِهِمْ لَقَدِیرٌ»، « الَّذِینَ أُخْرِجُوا مِن دِیَارِهِمْ بِغَیْرِ حَقٍّ إِلَّا أَن یَقُولُوا رَبُّنَا اللَّهُ وَلَوْلَا دَفْعُ اللَّهِ النَّاسَ بَعْضَهُم بِبَعْضٍ لَّهُدِّمَتْ صَوَامِعُ وَبِیَعٌ وَصَلَوَاتٌ وَمَسَاجِدُ یُذْکَرُ فِیهَا اسْمُ اللَّهِ کَثِیرًا وَلَیَنصُرَنَّ اللَّهُ مَن یَنصُرُهُ إِنَّ اللَّهَ لَقَوِیٌّ عَزِیزٌ »
Шынында шабуыл жасалып, зұлымдыққа үшырағандарға соғысу үшін рұхсат берілді. Күдіксіз Алланың оларға жәрдем етуге күші толық жетеді. (39) Олар сондай жазықсыз: "Раббымыз бір Алла" дегендіктерінен ғана жұрттарынан шығарылғандар. Егер Алла адамдарды бір бірі арқылы қорғамаса, шіркеулер мен синагога және ішінде Алланың аты көбірек зікір етілетін мешіттер қүлатылар еді. Кім Алла жолына жәрдем етсе, Алла оған жәрдем етеді. Шәксіз, Алла аса көруші, тым үстем. (2-С. 251-А) (40)
Пайғамбар Меккенің халқын шерк пен пұтқа табынушылықтан бойды аулақ салып, бір Құдайға табынуға шақырған он үш жыл ішінде сол хазіретке әйелдер мен балалардан көп адам иман келтірді. Бірақ сол адамдар әрдайым құрайыш тайпасының үлкендері тарапынан азаптауларға ұшырап, олардың бірқатары шәһид болды. Мүшріктердің бұл қатігез әрекеттері пайғамбар мен серіктері өздерінің үйлерін тастап, Мединеге хиджрат етуге дейін жетті. Мұсылмандардың Меккеге хиджрат етулері мен олардың билікке жетулерінің алдында Құдай осы аяттарды түсіріп, оларға мүшріктердің кез-келген шабуылдары мен әрекеттері алдында қарсы тұрып, өздерінің жандары мен малдарын қорғауға рұқсат беріп, Өзінің оларға жар болатындығын білуді айтты. Осы аяттардың негізі бойынша, кәпірлердің шабуылдарынан діни орталықтарды сақтау барлық аспандық діндердің ізбасарларының міндеті болып табылады, әрі арнайы бір дінге қатысты емес. Егер мұсылмандар мәсихилер мен яһудилердің шіркеулері мен монастырларын, синагогаларын кәпірлердің шабуылдары алдында қорғаулары керек болса, мұсылмандардың кітап иелерімен соғыста олардың діни орталықтарына шабуыл жасауға немесе сол орталықтарға нұқсан келтіруге хақылары жоқ. Осы аяттардан үйренетініміз:1. Зұлымдыққа ұшыраған халық өздерінің дұшпандарымен күресуге хақылы. 2. Илаһи жәрдем – Құдайдың кесімді уәдесі. Бірақ мүміндер Құдайдың дінін сақтау үшін талпыныс жасап, әрекет етулері керек.3. Отанға деген сүйіспеншілік адамның табиғи құқығы. Бұл хақтан айыру зұлымдықтың айқын көрінісі.4. Дұшпан діни орталықтарды жоюды мақсат етеді. Себебі бұл діни орталықтар әрдайым халықты Құдайды еске алуға жетелеп, олардың залымдардың жетегінде кетулеріне рұқсат бермейді.
«Хадж» сүресінің 42 аяты:
«الَّذِینَ إِن مَّکَّنَّاهُمْ فِی الْأَرْضِ أَقَامُوا الصَّلَاةَ وَآتَوُا الزَّکَاةَ وَأَمَرُوا بِالْمَعْرُوفِ وَنَهَوْا عَنِ الْمُنکَرِ وَلِلَّهِ عَاقِبَةُ الْأُمُورِ»
Егер оларды жер жүзіне орналастырсақ олар, намазды орындар, зекет берер сондай-ақ дұрысқа қосып, бұрыстан тосар еді. Негізінде істердің соңы Аллаға тән. (41)Бұл аят пайғамбарға Құдайдың дінін таратуда жәрдемдесетін ізбасарларын сипаттап: «Джиһад пен қорғаныстағы олардың мақсаттары жерді кеңейтіп, үстемшілдік ету емес, Құдайдың діні мен басында намаз, зекет тұрған және тағы да басқа ислам діні рұқсат ететін істерге шақырып, тыйым салған істерден тыятын илаһи ахкамдардың үстемдік етпеуінде. Намаз адамдардың Құдаймен байланысы үшін, зекет адамдар мен жарлы-жақыбайлардың халдерін түсіну үшін, ал ислам діні рұқсат ететін істерге шақыру сау жән тұрақты қоғам орнату үшін қажет.Исламдық рауаяттар негізі бойынша имам Маһдидің билігі ақырзаманда орнайды. Құдай оны әлемнің батысы мен шығысында жеңімпаз етіп, билікке жеткізіп, өзінің дінін сол арқылы тірі сақтап, тұрақтандырып, жер бетінен зұлымдық пен әділетсіздікті жояды. Осы аяттан үйренетініміз:1.Егер күш пен билік түзу және мүмін адамдардың қолдарына тисе, олар оны халыққа дұрыс қызмет етіп, Құдайға дұрыс құлшылық ету жолына бағыттайды.2. Түзу басшылар һәм халықтың рухани дамуын, һәм олардың материалды және экономикалық бақуаттылығын ойлайды. 3. Дін жеке бастың ісі емес. Қоғамның қажеттіліктеріне көңіл аударып, қоғамдық бұзықтықтарға тиісті қатынас жасау мүміндердің діни міндеттеріне жатады.
«Хадж» сүресінің 42-43-44 аяттары:
«وَإِن یُکَذِّبُوکَ فَقَدْ کَذَّبَتْ قَبْلَهُمْ قَوْمُ نُوحٍ وَعَادٌ وَثَمُودُ»، «وَقَوْمُ إِبْرَاهِیمَ وَقَوْمُ لُوطٍ»، « وَأَصْحَابُ مَدْیَنَ وَکُذِّبَ مُوسَى فَأَمْلَیْتُ لِلْکَافِرِینَ ثُمَّ أَخَذْتُهُمْ فَکَیْفَ کَانَ نَکِیرِ»
(Мұхаммед Ғ.С.) егер олар сені жасынға шығарса, рас олардан бүрын Нұх (Ғ.С.)тың елі және Ғад, Сәмүд елі де жасынға шығарған болатын. (42) Сондай-ақ Ыбырайым (Ғ.С.) елі және Нұх (Ғ.С) елі де. (43) Сондай-ақ мәдяндықтар да жасынға шығарып, Мұса да жасынға шығарылған еді. Сонда ол кәпірлерге мұрсат беріп барып, сосын қолға алдым. Қара, менің азабым қандай болған?(44)
Джиһад пен қорғаныс туралы айтылған аяттардан соң бұл аяттар ислам пайғамбары мен ол хазіреттің ізбасарларын жұбатып, Меккенің мүшріктері олар үшін қалыптастырған қиындықтардың бұрынғы пайғамбарлар мен олардың ізбасарлары үшін де болғанын білулері үшін бұрынғы үмбеттердің пайғамбарларымен қалай қатынас жасағандарына тоқталады. Құдай мүміндерге жәрдемдесіп, дұшпандарды қаһары мен жазаға душар етті. Бұлар Құдай мүміндерге уәде еткен илаһи жәрдемдердің үлгілері. Ия, қарсыласулар мен кедергілер қалыптастыру пайғамбарлар мен олардың ізбасарлары үшін Құдайдың жолында бөгет болмады. Мұсылмандар да өздеріңе осалдыққа жо бермеулері керек. Құдайдың дініне қолдау танытудан бас тартпаулары керек. Керісінше табанды да тұрақты қалып, сол жолда өздерінің жандары мен малдарынан аянып қалмаулары керек. Осы аяттарданүйренетініміз:1. Бұрынғы өткен қауымдардың тарихын зерттеу келешек ұрпақ үшін ғибрат пен сабақ алудың мәйегі.2. Құдай залымдарға мұрсат пен мүмкіндік береді. Бірақ оларды жөндеріне жібере салмайды. Керісінше қай кезде қаласа сол кезде қаһарына алып, жазалайды.
«Хадж» сүресінің 45-аяты:
«فَکَأَیِّن مِّن قَرْیَةٍ أَهْلَکْنَاهَا وَهِیَ ظَالِمَةٌ فَهِیَ خَاوِیَةٌ عَلَى عُرُوشِهَا وَبِئْرٍ مُّعَطَّلَةٍ وَقَصْرٍ مَّشِیدٍ»
Қаншалаған залым болған кенттерді типыл қылдық. Міне ол, үсті-астына түсіп жатыр. Және иен қалған қүдық, ойран болған сарай. (45)
Осы аят бір жалпы принцип ретінде осы дүниеде залымдардың жазаланатындықтарына сілтеме жасап: Егер әлемнің әр жеріне сапарға шықсаңдар бір кездері биліктің тағына арқа сүйеп, зұлымдық пен үстемшілдік жасаған билеушілер мен патшалардың сарайларынан төбелері жоқ биік бағаналары мен иесіз қирандылардан басқа ештеңенің қалмағандығын көресіңдер. Олардың биліктері мен мен салтанаттарын зұлымдықтан басқа ештеңе жойған жоқ» деді.. Осы аяттан үйренетініміз:1. Басқаларға зұлымдық жасаудың соңы жақсылыққа жеткізбейді. Зұлымның тамырын жұлады. 2. Құдайдың қаһарының алдында мықты құрылыстар әлсіз әрі тұрақсыз. Соларға қуанып, тәуелді болмайық.