Жел 11, 2016 19:12 Asia/Almaty

Хадж сүресі, 579-шы бөлім, 35-38 аяттар

«Хадж» сүресінің 35 аяты:

«الَّذِینَ إِذَا ذُکِرَ اللَّهُ وَجِلَتْ قُلُوبُهُمْ وَالصَّابِرِینَ عَلَى مَا أَصَابَهُمْ وَالْمُقِیمِی الصَّلَوةِ وَمِمَّا رَزَقْنَاهُمْ یُنفِقُونَ»

Олар қашан Алла зікір етілсе жүректері лүпілдейді. Өздеріне келген ауыртпалыққа шыдап, намазды орындай отырып, берген несібемізден тиісті орынға жұмсайды. (35)

Алдыңғы бағдарламада Құдайдың пайғамбарын илаһи бұйрықтардың алдында бағынып, мойынсұнатын адамдарға сүйінші хабар беруге жауапты еткенін айттық. Осы аят сол адамдардың рухани және жүректеріндегі ерекшеліктерін баяндап, былай дейді: «Олар әрдайым діни міндеттерін орындауда кемшіндіктің орын алуынан қорқып, алаңдайды. Құдайдың дәрежесі мен атының ұлылығы және Оның бұйрықтары мүміндердің болмыстарын билейтіндігі сондай, дірілдеп, жүректері лүпілдейді». Осы адамдардың ең маңызды ғибадат, яғни намазды орындауда ешқандай солқылдақтық пен әлсіздік танытпайтындықтары, намазды үнемі орындайтындықтары белгілі. Бірақ әртүрлі қиындықтар мен тауқіметке толы әлеуметтік өмірде бұл адамдар сабыр сақтап, асқан шыдамдылық танытады. Олар ауыртпалықтар қаншалықты қиын әрі омақастыратын болғанымен солардың алдында сабыр сақтап, Құдайға сенеді. Күпіршілік білдіріп, шүкірсіздік танытпайды. Кедейлер мен міскіндердің қиындықтарының алдында да парықсыздық танытпай, өздерінің шама-шарықтары мен қал-қадірлерінше оларға да көмектеседі.  Осы аяттан үйренетініміз:1.Тақуалық пен Құдайдан қорқу – адами барлық кемелдіктердің негізі. Бұл сипаттар адамның бойында сабыр мен табандылық рухын нығайтады.1.Құдаймен байланыс қоғаммен және міскіндермен байланыстан бөлек нәрсе емес. Мүмін адам оқшау емес, керісінше қоғамға белсенді араласып, өзіне тиесілі жауакершілікті қабылдайды. 

«Хадж» сүресінің 36 аяты:

«وَالْبُدْنَ جَعَلْنَاهَا لَکُم مِّن شَعَائِرِ اللَّهِ لَکُمْ فِیهَا خَیْرٌ فَاذْکُرُوا اسْمَ اللَّهِ عَلَیْهَا صَوَافَّ فَإِذَا وَجَبَتْ جُنُوبُهَا فَکُلُوا مِنْهَا وَأَطْعِمُوا الْقَانِعَ وَالْمُعْتَرَّ کَذَلِکَ سَخَّرْنَاهَا لَکُمْ لَعَلَّکُمْ تَشْکُرُونَ »

Түйе, сиырды сендер үшін Алланың белгілері (қүрбандықтары) қылдық. Мүнда сендер үшін хайыр бар. Оларды тұрғызып қойып, оған Алланың атын айтыңдар. Сонда қашан олардың жамбастары жерге тисе (жаны шықса) жеңдер де мұхтажға да, мұхтаж емеске де жегізіңдер. Өстіп шүкір етулерің үшін малды еріктеріңе бердік. (36)

Бұл аят тағы да қажылық рәсімі мен құрбандық шалу мәселесіне сілтеме жасап: «Құрбандыққа шалыну үшін таңдалатын семіз түйелер бір жағынан адамның Алланың бұйрығын қабылдауының белгісі. Басқа жақтан, қоғамдағы пақырлар мен мұқтаждардың қажеттілігін қамтамасыз етеді. Кедейлер екі топқа бөлінеді: бір топ өздерінің мұқтаждықтарын айтып, сұрайды. Екінші қанағатшыл топ абыройларын сақтап, сабыр сақтап, тіленбейді. Мүміндер екі топқа қатысты да жауапты саналады. Аяттың соңы түйе сынды үлкен жануардың адамның алдында жуастық танытуына тоқталып, оны Алланың адамға берген, сол үшін адам Аллаға шүкіршілік білдіруі керек мейірімдерінің бірі деп атайды. Осы аяттан үйренетініміз:1.    Илаһи дәстүрлерді құрметтеуде жомарттықпен қаржы жұмсау керек. Құрбандыққа шалу үшін қой мен сиыр союға да рұқсат етілгенімен, Құран семіз түйе союды тапсырады. 2.    Құранда «жеңдер» деген сөздің жанында әрдайым «жеңдер, бірақ ысырап етпеңдер» деген бұйрық та қатар келген. Жеңдер және басқаларға да жегізіңдер. Қайырымдылық жасаңдар. Жеңдер де шүкіршілік білдіріңдер.

 «Хадж» сүресінің 37 аяты:

«لَن یَنَالَ اللَّهَ لُحُومُهَا وَلَا دِمَاؤُهَا وَلَکِن یَنَالُهُ التَّقْوَى مِنکُمْ کَذَلِکَ سَخَّرَهَا لَکُمْ لِتُکَبِّرُوا اللَّهَ عَلَى مَا هَدَاکُمْ وَبَشِّرِ الْمُحْسِنِینَ »

Ешқашан құрбанның еті, қаны Аллаға үлгірмейді. Бірақ сендердің тақуалықтарың үлгіреді. Сендерге тура жол көрсеткен Алланы ұлықтауларың үшін; осылайша малды еріктеріңе бердік. (Мұхаммед Ғ.С.) Жақсылық істеушілерді қуандыр. (37)

Бұл аят құрбандық шалудың негізгі принципіне сілтеме жасап: «Мұқтаждар құрбандыққа шалынған малдың етін пайдаланғандарымен оның негізгі мақсаты қарынды тойғызу емес. Керісінше сендердің дүниеден баз кешіп, Құдайдың алдында мойынсұнушылық танытуларыңда. Себебі құрбандық деген Құдай жолында жанкештілік пен шәһид болуға дайын болудың символы» дейді. Ертеде құрбандыққа шалынған малдың қанын пұттарға шашу рәсімі болғандықтан, аят былай дейді: «Құдай не құрбандықтың етіне, не оның қанына мұқтаж емес. Мақсат адамдардың тақуалығы мен Құдайға табыну рухын жоғарылатуда». Аяттың соңы да құрбандыққа шалуды жақсылықтың бір түрі деп атап, пайғамбарды ізгілік істейтін адамдарға сүйінші беруге жауапты етті. Осы аяттан үйренетініміз:1.    Құдай біздің ғибадатымызға мұқтаж емес. Ғибадаттың әрбір бұйрығы адамның дамуы мен кемелдікке жетуі және Алла жақындауы үшін сабақ болып табылады. 2.    Жетекшілік нығметі  үнемі оған алғыс айту қажет, Құдайды сол үшін ұлықтауы керек нығметтердің қатарына жатады.

 «Хадж» сүресінің 38 аяты:

«إِنَّ اللَّهَ یُدَافِعُ عَنِ الَّذِینَ آمَنُوا إِنَّ اللَّهَ لَایُحِبُّ کُلَّ خَوَّانٍ کَفُورٍ »

Күдіксіз, Алла иман келтіргендерді қорғайды. Әрине Алла, ешбір қиянатшыл, шүкірсізді жақсы көрмейді. (38)

Қажылық рәсімнің кейбір ахкамдары мен дәстүрлерін баяндаған соң тақуалық және мойынсұнушылық рухы қуатталып, осы аят жалпы бір принципке сілтеме жасап, былай дейді: «Құдай жолындағы тбандылық және ырымшылдық пен адасушылықпен күрес табиғи түрде кәпірлердің ашу-ызаларының көрініс табуына себеп болады. Олар тілдері немесе өздерінің істерімен мұсылмандармен соғысқа, күреске көтеріледі. Бірақ иман иелері Алланың жәрдемдері мен қорғауына ие. Құдай оларды дұшпандардың алдында қорғайды». Аяттың соңы қиянатшыл кәпірлердің Алланың мейірімсіздігіне ұшырауларының белгілерімен тағы да илаһи қолдауды қуаттайды. Осы аяттан үйренетініміз:1.Мүміндер азғана, әрі панасыз болғандарымен қорғаушысыз емес. Құдай оларға қолдау көрсетуге уәде берді. 2. Мүміндер – Құдайдың сүйіктілері. Кәпірлер Оның ашуына душар болады. Құдайдың өзінің достарын ұмытпайтындығы белгілі. 3. Күпіршілік нығметке күпіршілік таныту және Құдай мен оның елшісіне жасалған қиянат болып табылады.