Хадж сүресі, 578-ші бөлім, 30-34 аяттар
Хадж сүресі, 578-ші бөлім, 30-34 аяттар
«Хадж» сүресінің 30 аяты:
«ذَلِکَ وَمَن یُعَظِّمْ حُرُمَاتِ اللَّهِ فَهُوَ خَیْرٌ لَّهُ عِندَ رَبِّهِ وَأُحِلَّتْ لَکُمُ الْأَنْعَامُ إِلَّا مَا یُتْلَى عَلَیْکُمْ فَاجْتَنِبُوا الرِّجْسَ مِنَ الْأَوْثَانِ وَاجْتَنِبُوا قَوْلَ الزُّورِ »
Міне осы, кім Алланың ардақтағандарын жоғары бағаласа сонда оған Раббыларының қасында қайырлы. Сендерге арамдыгы білдірілгеннен басқа малдар халал қылынды. Ал енді нәжіс пұттардан сақтаныңдар. Сондай-ақ өтірік сөздерден сақтаныңдар (30)
.Алдыңғы бағдарламада қажылықтың кейбір жоралғылары мен рәсімдері баяндалды. Осы аят сол рәсімдерді олардың құрметі сақталуы тиіс илаһи құрметтер деп атайды. Мұнымен қоса, Мекке қаласы мен Әл-Харам мешіті және Қағба кез келген құрметсіздіктен сақталуы тиіс ерекше құрметке ие мекендер. Аяттың жалғасында Алла харам еткен және халал деп атаған кейбір заттарға сілтеме жасалып, ластықтардан бойтарту тапсырылады. Харам жейтін нәрселер сияқты материалды ластықтар мен шерк пен пұтқа табынушылық және жөнсіз, жалған сөздер сынды рухани ластықтар. Осы аяттан үйренетініміз:1. Алланың бұйрықтарын Құдайдың тыйым салғаны деп білейік. Соларды дұрыстап орындау арқылы олардың құрметі мен ұлылығын сақтайық. 2. Ақыл және уәхимен сәйкеспейтін кез келген сөз: ол өтірік пен ғайбат сөз бола ма немесе әділетсіз куәлік ету ме, болмаса харам ән мен әуендер ме жалған және жөнсіз сөз болып табылады ма үмін одан бойын аулақ салғаны жөн.
.«Хадж» сүресінің 31-32 аяттары:
«حُنَفَاء لِلَّهِ غَیْرَ مُشْرِکِینَ بِهِ وَمَن یُشْرِکْ بِاللَّهِ فَکَأَنَّمَا خَرَّ مِنَ السَّمَاء فَتَخْطَفُهُ الطَّیْرُ أَوْ تَهْوِی بِهِ الرِّیحُ فِی مَکَانٍ سَحِیقٍ »، « ذَلِکَ وَمَن یُعَظِّمْ شَعَائِرَ اللَّهِ فَإِنَّهَا مِن تَقْوَى الْقُلُوبِ »
Нағыз құл болып, Аллаға ортақ қоспаңдар. Кім Аллаға ортақ қосса сонда ол көктен түсіп, оны құс іліп әкететін немесе оны ұзаққа жел ұшырып кеткен нәрсе сияқты. (31) Міне осы. Кім Алланың белгілерін ұлықтаса, күдіксіз ол жүректің тақуалығының белгісі. (32)
Осы аяттар таухидтік қажылық рәсімінде шеркке толы кез келген әс-әрекеттен сақтануды қуаттап: «Өздеріңнің ғамалдарыңды Құдайға арнап риясыз түрде орындаңдар. Бұл адамдардың болмыстарына қаланған сол илаһи табиғи мінез болып табылады. Құдайдың бұйрығына қарсы кез келген түрткі немесе әрекеттен абай болыңдар» дейді. Аяттың жалғасы түсінікті және көңілге қонымды теңеу келтіріп: «Құдай жолында істері риясыз емес адамдар аспаннан құлап немесе өлексемен қоректенетіндердің жемтігіне айналатын адам сынды. Егер олардың шеңгелінен жаны аман қалса, қатты жел оны қалған жағына ұшырып әкетеді» дейді.Ия, таухид пен бірқұдайшылық Құдай жаққа жоғарылау, ал шерк пен көп құдайшылық илаһи рақым аспанынан жәһілдік пен жікшілдік және бұрмаланушылықтың қатты жеріне құлау деген сөз. Құдайды паналайтын тақуа адам кез келген адасушылық пен бұрмаланушылықтан аман болады. Құдайдан басқаға арқа сүйейтін адамға әрдайым қатер мен құлау қаупі төніп тұрады. Бірақ тақуалықтың сатылары бар. Сол сатылардың бірі Құдайдан тыс кез келген нәрсені жүректен қуып, адамды әлемнің Пәруәрдігеріне мойынсұндыратын жүректің тақуалығы. Яғни, Құдайға қатысты нәрсені ұлықтап, құрметтеп, тағзым ету. Осы аяттардан үйренетініміз:1.Құдайдан басқа қандай күшке иек артсақ та, тіпті ол бір ұлы күш болса да оның соңы құрдым. 2. Істің үлкендігі немесе кішкентай болуы маңызды емес, ниеттің ықыласы мен түрткісі маңызды. Құдайдың үйін тәуап ету де егер риясыз болмаса дамуға себеп болмайды, керісінше құрдымның факторы болады. 3. Таухид пен ықыластың арқанына жабысу адамды ішкі нәпсілік тілектердің дауылы мен сыртқы оқиғалардың алдында қорғап, оған тыныштық пен қауіпсіздік сыйлайды. Шерк – ішкі алаңдаушылық пен сыртқы қауіп-қатердің факторы.
«Хадж» сүресінің 33-34 аяттары:
«لَکُمْ فِیهَا مَنَافِعُ إِلَى أَجَلٍ مُّسَمًّى ثُمَّ مَحِلُّهَا إِلَى الْبَیْتِ الْعَتِیقِ»، «وَلِکُلِّ أُمَّةٍ جَعَلْنَا مَنسَکًا لِیَذْکُرُوا اسْمَ اللَّهِ عَلَى مَا رَزَقَهُم مِّن بَهِیمَةِ الْأَنْعَامِ فَإِلَهُکُمْ إِلَهٌ وَاحِدٌ فَلَهُ أَسْلِمُوا وَبَشِّرِ الْمُخْبِتِینَ»
Құрбандықтан белгілі мерзімге дейін пайдалануларыңа болады. Сосын ол Кағбаның жанындағы орнына апарылады (33). Біз әрбір үммет үшін өздеріне берген малдардан, Алланың ғана атын атап, қүрбан шалуды бекіттік. Өйткені, Тәңірлерің бір-ақ Тәңір. Сондықтан Соған бой үсыныңдар. (Мұхаммед!) Ықыластыларды қуандыр. (34)
Тәпсірлерде Құдай бұл тұрғысында бұйрық бермегендігіне қарамастан мұсылмандардың бір тобының құрбандыққа шалуға әкелген жануарлардың сүтін пайдаланып немесе оларға мінуге рұқсат етілмеген деп санағандары айтылған. Олар өздерінің көзқарастары бойынша осылай етіп, оны дінмен байланыстырған. Отыз үшінші аят ырымшыл осы ақидамен күресіп: «Құрбандыққа шалынатын малды шалу уақыты жеткенше пайдалануға рұқсат. Басқаша айтқанда, құрбандыққа шалынатын мал бауыздалардан бұрын басқа да төрт аяқты жануарлар сынды оның иесінің ықтиярында» дейді. Келесі аят жалпы іске сілтеме жасап: «Ғибадаттың бір түрі ретінде құрбандыққа шалу рәсімі барлық діндерде таралған. Бірақ мүшріктер бұл істі ырымшылдықпен араластырып, құрбандыққа шалу кезінде пұттардың атарын атаған. Құрбандық шалу деген адамның Құдай жолында құрбан болуы дегенді білдіреді. Сонымен құрбандық шалуда қатар кедейлер мен міскіндердің қарындарын тойғызу да қарастырылады. Аяттардың жалғасы Құдайдың істері алдындағы ықылас пен мойынсұнушылықты қуаттап, пайғамбарды ықыласты адамдарды қуантуға жауапты етеді. Осы аяттан үйренетініміз:1. Дін бұйрықтарын орындауда дінге ырымшылдықтың енуі үшін негіз болатын өзіміздің қалауларымыз бен талғамдарымызды кірістірмейік. 2. Мүмін адамның істері ғана Құдайдың атымен басталып, Ол үшін ғана жасалмайды, сонымен қатар оның тәні де Құдайдың атымен бауыздалған етпен қоректенуі керек.