Жел 11, 2016 19:21 Asia/Almaty

Хадж сүресі, 577-ші бөлім, 26-29 аяттар

«Хадж» сүресінің 26 аяты:

«وَإِذْ بَوَّأْنَا لِإِبْرَاهِیمَ مَکَانَ الْبَیْتِ أَن لَّاتُشْرِکْ بِی شَیْئًا وَطَهِّرْ بَیْتِیَ لِلطَّائِفِینَ وَالْقَائِمِینَ وَالرُّکَّعِ السُّجُودِ»

Сол уақытта Ыбырайым (Ғ.С.)-ды Қағбаның орнына: "Маған ешбір нәрсені ортақ қоспа! Тауап етушілерге, тік тұрып, еңкейіп және бас қойып, құлшылық қылушыларға таза ұста" деп орналастырған едік. (26)

Алдыңғы бағдарламада мұсылмандар үшін Әл-Харам мешітінің мәртебесі мен кәпірлердің Құдайдың үйіне зиярат жасауға тосқауыл болуларына тоқталдық. Осы аят атлмыш мешіттің тарихы мен соның ортасында орналасқан Қағба туралы сөз қозғап, былай дейді: «Алланың бұйрығымен хазірет Ыбырайым бұл үйдің жөндеу жұмыстарын жасады». Исламдық рауаяттар негізі бойынша, Қағбаның іргетасын алғаш қалаған хазірет Адам болған. Бірақ ол заманның тезімен жойылды. Құдай хазірет Ыбырайымға шамнан Меккеге барып, іргетасы сақталған осы үйді перзенті Ысмайылдың көмегімен қайта тұрғызуға, сонымен қатар осы үйді тәуап етіп немесе сол жерде намаз оқуды, таза кеңістікте ғибадат етуді мақсат ететін адамдар үшін оның айналасын тазалап, дайындауға жауапты етіп тағайындады. Осы аяттан үйренетініміз: 1. Ғибадат орындарына өзіміздің ішкі дүниемізді кез келген шерктен тазалап, пәк жүрекпен енейік. 2. Мешітке қызмет етіп, оны тазалау Ыбырайымнан келе жатқан дәстүр.

«Хадж» сүресінің 27 аяты:

«وَأَذِّن فِی النَّاسِ بِالْحَجِّ یَأْتُوکَ رِجَالًا وَعَلَى کُلِّ ضَامِرٍ یَأْتِینَ مِن کُلِّ فَجٍّ عَمِیقٍ»

Адамдарды хажға шақыр. Олар жаяу және көлік үстінде әрбір алыс жолдардан саған келеді. (27)

Қағбаны тұрғызып, оның айналасын тазалап, дайындаған соң Құдай хазірет Ыбырайымға адамдарды Құдайдың үйін тәуап етіп, зиярат етуге, Меккенің тұрғындарын ғана емес, сондай-ақ алыс-жақындағы бірқұдайшылдардың барлығын осы қалаға келіп, таухид рәсімін орындауға шақыруға бұйырды. Хазірет Ыбырайым заманынан Қағбаның дін ізбасарларының, тіпті мүшріктердің назарын аударып келе жатқандығына тарих куә. Ислам пайда болған кезде мүшріктер де Құдайдың үйін тәуап етіп, қажылық рәсімін орындаған. Бірақ олардың тәуап етулері мен ғибадаттарында ауытқушылықтар болды. Осы аяттан үйренетініміз: 1. Қажылыққа бару хазірет Ыбырайымның үніне, Меккенің тауларының арасынан мыңдаған жыл өткен соң құлаққа жететін үнге жауап беру болып табылады. 2. Алланың жүктеген міндетін орындауда аянбау керек. Жаяу-жалпылай, атқа мініп немесе көлікке мініп, қалай болса да міндетті орындау керек.

«Хадж» сүресінің 28 аяты:

«لِیَشْهَدُوا مَنَافِعَ لَهُمْ وَیَذْکُرُوا اسْمَ اللَّهِ فِی أَیَّامٍ مَّعْلُومَاتٍ عَلَى مَا رَزَقَهُم مِّن بَهِیمَةِ الْأَنْعَامِ فَکُلُوا مِنْهَا وَأَطْعِمُوا الْبَائِسَ الْفَقِیرَ »

Олар өздеріне тән пайдаларын көрсін. Сондай-ақ өздеріне берілген малдардан белгілі күндерде Алланың атын алсын. (Қүрбан шалсын.) Одан өздерің де жеңдер және жоқ-жітікке де жегізіндер. (28)

Адамдарды қажылық рәсімін жасауға шақырған алдыңғы аяттың жалғасында осы аят былай дейді: «Мұсылмандардың Құдайдың үйінің айналасына жиналуының көп пайдасы бар. Қажылар сол жерге жиналып, материалды пайда болсын, рухани береке болсын, пайданы байқайды. Әлемнің әртүрлі жерлеріндегі мұсылмандардың бірлігі мен ниеттестіктерінің қалыптасуы, бір-бірінің мүмкіндіктері мен кем-кетігінен хабардар болуы және қиындықтарды шешіп, сондай-ақ әлемде ислам дінін таратып, уағыздау үшін талпыныс жасау осы рәсімнің әлеуметтік пайдаларына жатады. Адамның рухын мемендік пен дүниеқұмарлықтан тазарту, ақырет пен рухани дүниеге көңіл аударту қажылықтың жеке бас аспектілеріндегі құнды берекеттерінің қатарын құрайды. Исламдық елдер арасында экономикалық қарым-қатынас орнатып, сауда байланыстарын кеңейту, өкінішке орай оған азырақ көңіл бөлінетін қажылықтың экономикалық әсерлеріне жатады. Қажылықтың экономикалық аспектілері бұл ғибадаттың рухына қайшы болмауымен қатар, исламдық рауаяттарда ол қажылықтың пайдаларының бірі ретінде аталған. Аяттың жалғасы Мина жеріндегі құрбандық шалу рәсіміне тоқталады. Мүшріктер құрбандық шалған кезде пұттардың аттарын атағандықтан, осы рәсім кез-келген шерктен тазалану үшін осы аят мұсылмандарға құрбандық шалған кезде Құдайдың атын атауға бұйырады. Аят адамдардан құрбандыққа шалынған малдың етінің бір бөлігін міскіндер мен мұқтаждарға беруді тапсырған. Себебі қажылық рухы өзінің байлығынан баз кешіп, басқаларға, әсіресе кедей-кепшікке қарайласуды қуаттау болып табылады. Бірақ Құдайды зікір ету құрбандық шалумен ғана шектелмейді. Қажылар Мина жерінде болған кездері де әрбір намаздан соң оқылатын арнайы зікірлер тапсырылған. Осы аяттан үйренетініміз: 1. Қажылық рәсімі бір адам ғана ғибадат ететін рәсім емес, әлемнің түкпір-түкпірінен жиналатын мұсылмандардың қатысуымен жүзеге асатын, сондай-ақ исламды сақтап, мұсылмандарды жетілдіруде көп пайдасы мен әсері бар қоғамдық орасан жиын. 2. Құдайды зікір етіп, Одан басқаны жүректен шығарып тазалау қажылық пен басқа да исламдық ғибадаттардың маңызды пәлсапасы болып табылады. 3. Қағбаның жанында мұсылмандардың үлкен жиыны исламдық елдердегі кедейшілікті жою үшін арнайы бағдарламаға ие болуы тиіс.

«Хадж» сүресінің 29 аяты:

«ثُمَّ لْیَقْضُوا تَفَثَهُمْ وَلْیُوفُوا نُذُورَهُمْ وَلْیَطَّوَّفُوا بِالْبَیْتِ الْعَتِیقِ»

Сонан соң олар кірлерін кетірсін. (Шаш, тырнағын алып, ыхрамнан шықсын.) Және айтқан нәзірлерін орындап, Кағбаны тауап кылсын. (29)

Қажылықтың ахкамында қажылар құрбандық шалған соң шаштарын алып немесе өздерінің тырнақтарын алып, денелерін ластықтардан тазартулары керек деп жазылған. Сол кезде ихрамнан шығып, Мекке тарапына бет алып, Құдайдың үйін қайтадан тәуап ету үшін дайын болулары керек. Көптеген адамдар қажылық рәсімін табысты орындаған жағдайда құрбандық шалып немесе садақа беру туралы нәзір ететіндіктен, осы аят соны орындауды қуаттап: «Енді қажылық рәсімін табысты орындаған соң өздеріңнің назырларыңды ұмытпаңдар. Неғұқрлым тезірек соны орындаңдар» дейді. Осы аяттан үйренетініміз: 1.Денені ластықтан тазалау – қажылық рәсімінің бір бөлігі. Намазда да оны орындауға кіріспес бұрын денені ластықтан тазалау қажет. Бұл исламның тазалық пен денсаулыққа көңіл бөлетіндігінің белгісі. 2. Құдайдың үйі – ежелгі көне үй. Ол ешкімге тиесілі емес, адамның иелік етуінен азат.