Жел 11, 2016 19:28 Asia/Almaty

Хадж сүресі, 576-шы бөлім, 22-25 аяттар

«Хадж» сүресінің 22 аяты:

«کُلَّمَا أَرَادُوا أَن یَخْرُجُوا مِنْهَا مِنْ غَمٍّ أُعِیدُوا فِیهَا وَذُوقُوا عَذَابَ الْحَرِیقِ»

Қашан олар тозақтың бейнетінен шығуды қаласа, оған қайта итеріледі де: "Жандырушы азаптың дәмін татыңдар!",-(делінеді.) (22)

Алдыңғы бағдарламада иман иелерімен соғысып, күреске көтерілетін адамдардың қатты жазаларымен таныстық. Осы аят былай дейді: «Тозақ – қасірет пен қайғының орыны. Ол жерде не осы дүниедегі өз істеріне өкініш танытудың пайдасы болмайды, не азаптың азаюына әсер етпейді, не кешірімге себеп болмайды. Себебі, бұл дүние – і-сәрекеттің сарайы, ал ақырет – жазаның орыны. Осы аяттан үйренетініміз:1.    Тозақта дене азабынан гөрі жан азабы қаттырақ. Одан қашып құтылатын жол жоқ. 2.    Дінмен күресуді мақсат етіп, өмірлерінң соңына дейін осы істі жалғастырған адамдар тозақта мәңгілік азапталады. 

«Хадж» сүресінің 23 аяты:

«إِنَّ اللَّهَ یُدْخِلُ الَّذِینَ آمَنُوا وَعَمِلُوا الصَّالِحَاتِ جَنَّاتٍ تَجْرِی مِن تَحْتِهَا الْأَنْهَارُ یُحَلَّوْنَ فِیهَا مِنْ أَسَاوِرَ مِن ذَهَبٍ وَلُؤْلُؤًا وَلِبَاسُهُمْ فِیهَا حَرِیرٌ » 

Күдіксіз, Алла иман келтіріп, ізгі іс істегендерді, астарынан өзендер ағатын бақшаларға кіргізеді. Олар онда алтын және інжу білезіктермен безенеді. Ондағы киімдері де жібек болады. (23)

Күпіршілік етіп, теріске шығарып, иман иелерімен соғысып, күрескендеріне байланысты Алланың қаһары мен азабына душар болатын тозақтықтардың жағдайын баяндаған соң осы аят салыстыру ретінде ізғі ғамал иелері жұмақтықтардың орындарын сипаттап, былай дейді: «Кәпірлер осы дүниеде тыраштанып, жинайтын нәрсені Құдай ақыретте барлық иман иелеріне сыйлайды. Дүниеге тәуелділердің қалауы болған ең әдемі бақтар мен ең жақсы киімдер және ең жақсы әшекей бұйымдар ізгі ғамал иелері үшін берілетін ең азғантай сый болады». Мүмін адамдар тәкәппарлық пен қапылдыққа душар болмауы үшін оларға осы дүниеде жібектен тігілген киімдер киіп, әшекей бұйымдар мен алтын мен жауһар тағуға тыйым салынған. Бірақ Құдай қияметте бұл құрметтің де орнын толтырып, оларға бұл дүниедегіден де артық киімдер мен әшекей бұйымдарды сыйлайды. Әлбетте, осы өмір бойында да дүниенің соңына түскендердің қалаған нәрселеріне жетуі мүмкін. Алайда олардың көпшілігі өздерінің мақсаттарына қол жеткізбей, осы дүние мен ақыретте қасіретке душар болады. Осы аяттан үйренетініміз:1.    Жасыл кеңістіктен пайдалану – Құдай ізгі ғамал иелері үшін бірінші сый ретінде баяндаған тән және жан ләззатының ең жоғарысы.2.    Құранның тәрбиелік жүйесінде қорқыныш пен үміт, ескерту мен сүйіншінің арасында үйлесімділік пен бірқалыптылық орналасқан. Ондай болса біз де перзенттерімізді тәрбиелеуде осы үйлесімділік мен бірқалыптылықты сақтауымыз керек.

«Хадж» сүресінің 24 аяты:

«وَهُدُوا إِلَى الطَّیِّبِ مِنَ الْقَوْلِ وَهُدُوا إِلَى صِرَاطِ الْحَمِیدِ»

Олар көркем сөзге көндіріліп, мақтаулы Алланың жолына салынғандар (24)

.Алдыңғы аятта баяндалған материалды нығметтер мен тән ләззаттарынан соң осы аят жұмақтың рухани ләззаттарына тоқталып, былай дейді: «Жұмақ тұрғындары арасындағы жүрекке қонымды сұхбаттар олардың ең жақсы ләззаттары саналады. Әлемнің Жаратушысының ризашылығына ие болу да Құдай жолын өткеру арқылы қол жеткізілетін және адам рухының Құдайға жақындауына, сондай-ақ адами жоғары кемелдіктерге жетуіне себеп болатын, мүміндер үшін осы дүние мен ақыреттегі ең жоғарғы мақсаттардың қатарына жатады. Осы аяттан үйренетініміз:1.    Жұмақ тән ләззатымен шектелмейді. Құдай ол жерде мүміндер үшін рухани және жан ләззаттарын да дайындап қойған.2.     Жақсы нәтиже осы дүниеде Құдай жолында және Құдай үшін талпыныс жасаған адамдарға тиесілі.

«Хадж» сүресінің 25 аяты:

«إِنَّ الَّذِینَ کَفَرُوا وَیَصُدُّونَ عَن سَبِیلِ اللَّهِ وَالْمَسْجِدِ الْحَرَامِ الَّذِی جَعَلْنَاهُ لِلنَّاسِ سَوَاءً الْعَاکِفُ فِیهِ وَالْبَادِ وَمَن یُرِدْ فِیهِ بِإِلْحَادٍ بِظُلْمٍ نُذِقْهُ مِنْ عَذَابٍ أَلِیمٍ»

Шынында қарсы болғандарға Алланың жолынан, сондай-ақ Біз оның тұрғындарымен шеттен келуші адамдарға тең қылған Месжід Харамнан тосқандарға және кім онда зұлымдықпен жолдан шығуды қаласа оған жан түршігерлік азаптың дәмін таттырамыз. (25)

Жауластықтарына байланысты иман иелерімен соғысатын кәпірлердің жағдайын баяндаған соң осы аят адамдарды қажылық рәсімін жасауға, сонымен қатар Әл-Харам мешітіне баруға тосқауыл болып, әртүрлі қалыпта сол жолда тас ататын адамдардың тағдырларына сілтеме жасайды. Мекке, әсіресе Әл-Харам мешітінің бүкіл халыққа тиесілі болуына байланысты ешкім ешбір себеппен өзіне арнайы құқық бере алмайды. Тіпті Мекке қаласы олардың отаны саналатын Меккенің тұрғындары да адамдардың бұл сапарлары мен жолаушылардың Меккеге келуіне тосқауыл болып немесе олардың мазаларын ала алмайды. 1.    Діни және ғибадат орталықтарының құрметі сақталуы керек. Ғибадат етушілерге қатысты кез келген лайықсыз қатынасқа жол бермеу керек.2.    Мекке – Алланың қауіпсіз қаласы. Бұл қала ешбір топқа немесе ешбір адамға тиесілі емес. Құдайдың үйі ешбір ел мен ешбір үкіметтің меншігі емес. Бұл қасиетті мекен кез келген талғам мен мазхабтық көзқарастың таңылуынан сақталуы керек.