Жел 11, 2016 19:32 Asia/Almaty

Хадж сүресі, 575-ші бөлім, 17-21 аяттар

«Хадж» сүресінің 17 аяты: 

«إِنَّ الَّذِینَ آمَنُوا وَالَّذِینَ هَادُوا وَالصَّابِئِینَ وَالنَّصَارَى وَالْمَجُوسَ وَالَّذِینَ أَشْرَکُوا إِنَّ اللَّهَ یَفْصِلُ بَیْنَهُمْ یَوْمَ الْقِیَامَةِ إِنَّ اللَّهَ عَلَى کُلِّ شَیْءٍ شَهِیدٌ»

Расында иман келтіргендер, яһуди болғандар, сабилар, мәсихилер, мәжүсилер және Аллаға шерік қосқандар, күдіксіз Алла осылардың арасына билік айтады. Шын мәнінде Алла әр нәрсеге айғақ. (17)

Қиямет күнінің келесі бір аты – «Йоум ал-Фасл», яғни хақтың жалғаннан ажыратылып, діндер мен мазхабтар арасындағы алауыздықтардың аяқталатын күні. Осы аятта кітап иелерінің төрт тобына: яһудилерге, мәсихилерге, сабилер мен мәжүсилерге сілтеме жасалады. Алдыңғы екі топ белгілі. Бірақ келесі екі топ деген кімдер? Сабиліктердің есімі бұдан бұрын «Бақара» сүресінің 62 аятында келді. Бұлар хазірет Яхияның ізбасарлары болып табылады. Ақидалары мәсихи және яһуди діндерінің сенімдерінің араласқан. Олар үлкен өзендердің жағалауларында өмір сүріп, ағынды суға көп мән береді.  «Мәжүс» деген атау Құранда бір-ақ рет келген. Бұл Зәрдүштің ізбасарларына айтылады. Ол хазірет Мәсихтен бірнеше ғасыр бұрын болған. Ол бүгінде оның біраз бөлімі сақталған "Авеста" атты кітап иесі болған. Зәрдүштіктер екі бастауға:  ізгілік құдайы – Иаздан және Ахриман атты зұлымдық құдайларына сенеді. Олар төрт элементке, әсіресе отқа құрмет білдіреді. Олардың ғибадатханаларында әрдайым от жанып тұрады. Осы аяттан үйренетініміз:1.Мүміндердің есебі кітап иелерінен бөлек. Қияметте осы үш топтың әрқайсының есебі жеке-жеке қарастырылады.2. Діндер мен мазхабтардың алауыздықтары ақырзаманға дейін жалғасады. Біздің міндетіміз басқаларды исламға шақыру, сөйте тұра барша исламға ереді деп күтпейік. 

 «Хадж» сүресінің 18 аяты:  

«أَلَمْ تَرَ أَنَّ اللَّهَ یَسْجُدُ لَهُ مَن فِی السَّمَاوَاتِ وَمَن فِی الْأَرْضِ وَالشَّمْسُ وَالْقَمَرُ وَالنُّجُومُ وَالْجِبَالُ وَالشَّجَرُ وَالدَّوَابُّ وَکَثِیرٌ مِّنَ النَّاسِ وَکَثِیرٌ حَقَّ عَلَیْهِ الْعَذَابُ وَمَن یُهِنِ اللَّهُ فَمَا لَهُ مِن مُّکْرِمٍ إِنَّ اللَّهَ یَفْعَلُ مَا یَشَاءُ»

(Сәжде аяты бар.) (Мұхаммед Ғ.С.) көрмейсің бе? Аллаға; көктерде, жерде болған әркім; күн, ай, жүлдыздар, таулар, ағаш, хайуандар және адамдардың көбі сәжде қылады. Және де олардың көбіне азап тиісті болған. Алла кімді қорласа, сонда оны, ешбір құрметтеуші болмайды. Күдіксіз Алла, қалағанын істейді. (18)

Осы аят Ұлы Алланың алдында жаратылыстың барлығының сәждеге жығылып, мойынсұнатындықтарын баяндайды. Жаратылыстардың Алланы мадақтауы мен Алланы пәктеуі деген тақырып Құранның басқа да аяттарында сан рет қуатталды. Еш күмәнсіз, жаратылыстың барлық бөлшегі Дана және құдіретті Алла арқылы жаратылған жаратылыс пен жүйе заңдарының алдында бойұсынып, бағынушылық танытады. Бұл жансыздан бастап жандыға дейін, түйсікке ие немесе түйсіксіз барлық жаратылысты қамтитын сәжде болып табылады. Осы ретте адамдардың барлығы, тіпті кәпірлер барлық жаратылыстармен бірдей, барлығы Алланың жаратылыс жүйесіне бағынады. Бірақ періштелер мен адамдар сынды түйсікке ие жаратылыс иелері жаратылыстық сәждеге жығылумен қатар шариғаттық сәжде де жасайды. Бірақ адамдар Құдайдың оларға берген ықтиярлары мен еріктеріне байланысты шариғатқа қарсы әрекет етіп, бағынбаушылық таныта алады. Ондай жағдайда олар әлбетте өздерінің әрекеттерінің жазасына душар болады – осы дүние мен ақыретте олардың қорлыққа ұшырауларына соқтыратын жазаға. Осы аяттан үйренетініміз: 1.    Жаратылыстың барлығы әлемнің Пәруәрдігеріне бағынады. Біз адамдар осы орасан топтамаға үйлеспейтін жамау болудан абай болайық.2.    Абырой мен қорлық Құдайдың қолында. Алланың қалауының алдында ешқандай кедергі жоқ.

«Хадж» сүресінің 19-20-21 аяттары:

 «هَذَانِ خَصْمَانِ اخْتَصَمُوا فِی رَبِّهِمْ فَالَّذِینَ کَفَرُوا قُطِّعَتْ لَهُمْ ثِیَابٌ مِّن نَّارٍ یُصَبُّ مِن فَوْقِ رُءُوسِهِمُ الْحَمِیمُ»، «یُصْهَرُ بِهِ مَا فِی بُطُونِهِمْ وَالْجُلُودُ»، «وَلَهُم مَّقَامِعُ مِنْ حَدِیدٍ»

 Осы Раббылары жайында таласқан екі топ қарсы болғандарға, оттан киім пішілген, төбелерінің үстінен қайнап тұрған су қүйылады. (19) Онымен олардың ішіндегілері және терілері ерітіледі. (20) Олар үшін темірден күрзілер болады. (21) 

Рауаяттарда «Бадр» шайқасында ислам ләшкерінің үш қолбасшысының кәпір әскерінің үш қолбасшысын жеңгені айтылады. Осы аят түсіріліп, исламмен күресу үшін соғыс алаңына келген адамдардың тағдырларын баяндады. Бірақ аят жалпы мазмұнға ие. Бұл аят иман иелері мен кәпірлер арасындағы кез-келген қақтығыс пен жауластықты қамтиды. Осы аяттар иман иелерімен жауласатын кәпірлердің қатты жазаланатындықтарына тоқталып: «Үстеріне соғыс киімін киіп, күрес алаңына келгендердің киімдері отқа оранып, олардың денелері күйеді. Мұсылмандарды өлтірмек болып, қолдарына ұстаған семсерлері мен қарулары олардың өздерін бөлшектеп, өлтіреді. Сол жанып тұрған жәһаннамда дәмді судың орнына бастарына қайнаған су құйылып, азапты екі есе арттырады». Осы аяттардан үйренетініміз: 1.Иман иелері кәпірлермен ешуақытта Құдай мен діни бұйрықтар тұрғысында бітіспейді. Бұл жауластық еш жойылмайды. 2. Тозақтың азабы ауыр әрі қатты. Ешбір адамның онымен қарсыласуға шамасы жетпейді.