Хадж сүресі, 574-ші бөлім, 12-16 аяттар
Хадж сүресі, 574-ші бөлім, 12-16 аяттар
«Хадж» сүресінің 12-13 аяттары:
«یَدْعُو مِن دُونِ اللَّهِ مَا لَا یَضُرُّهُ وَمَا لَا یَنفَعُهُ ذَلِکَ هُوَ الضَّلَالُ الْبَعِیدُ »، « یَدْعُو لَمَن ضَرُّهُ أَقْرَبُ مِن نَّفْعِهِ لَبِئْسَ الْمَوْلَى وَلَبِئْسَ الْعَشِیرُ »
Олар Алладан өзге өздеріне пайда, зиян бере алмайтын нәрселерге сиынады. Міне сол ұзақ адасу. (12) Сөйтіп олар пайдасынан зияны жақын біреулерге сиынады. Әрине нендей жаман сыбайлас, нендей жаман серік! (13)
Алдыңғы бағдарламада имандары әлсіз адамдарды қиындықтар мен мәселелер жеңген кезде олардың күпіршілікке салынатындықтары туралы айттық. Осы аяттар былай дейді: «Олардың хақ жолынан бұрмаланушылықтары бірте-бірте артып, Құдайдың орнына ырымшылдыққа салына бастайды. Олар кейбір жұлдыздар мен жансыз тастар олардың бақытсыздықтары мен бақыттарында роль атқарады деп ойлайды. Сол себепті әртүрлі тәсілдермен өздерінің қиындықтарын шешуді талап етіп, сол жансыз заттарға табынады. Өкінішке орай, сырттай дамыған болып көрінетін бүгінгі әлемде де кейбір адамдар өздерінің бақытқа жету жолында жылқының тағасы, жыланның «мөрі» сынды заттарға көңіл аударып, жансыз заттардан өздерін бақытқа жеткізуді сұрайды. Тағы бір топ өздерінің қиындықтарын шешіп, дүниенің рахаты мен бақытына жету үшін Құдайдың орнына өздері сынды адамдарға ешбір шартсыз мойынсұнады. Ал сол адамдардың пайдаларынан гөрі зияны шаш-етектен. Олар қатер төнген кезде адамға жақсы көмекші, серік бола алмайды. Мұсаның Құдайының орнына Перғауынға құдай сынды табынған Перғауынның ізбасарлары қатер төнген кезде Перғауыннан ешқандай көмек көрген жоқ. Олар да Перғауын сияқты Ніл өзеніне батып кетті. Осы аяттардан үйренетініміз:1.Құдайдан басқа адамның өміріне басқа біреу ықпал ете алады дегенге сену шеркке толы бұрмаланған сенім болып табылады.2.Бізді Құдайдың жолынан бұрып, басқа жолдарға тартатын адамдармен араласудан бойтартайық. Себебі ол адамдардың қатер уақытында бізге еш пайдасы тимейді.
«Хадж» сүресінің 14 аяты:
«إِنَّ اللَّهَ یُدْخِلُ الَّذِینَ آمَنُوا وَعَمِلُوا الصَّالِحَاتِ جَنَّاتٍ تَجْرِی مِن تَحْتِهَا الْأَنْهَارُ إِنَّ اللَّهَ یَفْعَلُ مَا یُرِیدُ »
Күдіксіз, Алла иман келтіріп, түзу іс істегендерді астарынан өзендер ағатын бақшаларға кіргізеді. Шынында Алла қалағанын істейді. (14)
Осы дүниеде ырымшылдық пен адасушылыққа, ақыретте жаза мен азапқа душар болатын имандары әлсіз адамдардың тағдырларын баяндаған соң бұл аят иманды адамдардың тағдырларына сілтеме жасайды. Бұл аяттың жолдауы мынадай: Өмірлерінің соңына дейін иманмен өмір сүретін адамдар иманмен дүние салады. Олардың бұл дүниеде ізгілік пен пәктік тәсілдерін ұстанды. Олар о дүниеде Алланың үлкен сыйына ие болады. Құдайдың уәде еткенін орындайтындығы күмәнсіз. Себебі Ол һәм пенделерінің істерінен хабардар, һәм олардың сыйларын беруге күші жетеді. Осы аяттан үйренетініміз:1. Имансыз ғамалдың құны болмайтындығындай, ғамалсыз иман да болмайды. Құтқарылу мен бақыттың кілті ғамалмен қатар болатын иманда. 2. Кәпір адамдар өздері сынды адамдардан көмек сұрайды. Осы дүниеде істеріне көмектесе алмайтын адамдардың ақыретте қолдарынан не келер дейсің?! Бірақ мүміндер тек Құдайдан ғана көмек сұрайды. Өйткені Ол оларға көмектесе алады. Ол қиямет күнінің Иесі де, Төреші де.
«Хадж» сүресінің 15-16 аяттары:
Кім Алла дүние мен ахиретте пайғамбарға әсте жәрдем етпейді деп, ойласа, дереу бір жіппен төбеге асылып, сосын соны кессін де көрсін. (Буынып, өліп көрсін.) Оның бұл амалы ызаланған нәрсесін келтіре ала ма? (15) Сөйтіп Құранды ашық-ашық аяттар түрінде түсірдік. Рас, Алла қалағанын тура жолға салады. (16)
«مَن کَانَ یَظُنُّ أَن لَّن یَنصُرَهُ اللَّهُ فِی الدُّنْیَا وَالْآخِرَةِ فَلْیَمْدُدْ بِسَبَبٍ إِلَى السَّمَاء ثُمَّ لْیَقْطَعْ فَلْیَنظُرْ هَلْ یُذْهِبَنَّ کَیْدُهُ مَایَغِیظُ »، «وَکَذَلِکَ أَنزَلْنَاهُ آیَاتٍ بَیِّنَاتٍ وَأَنَّ اللَّهَ یَهْدِی مَن یُرِیدُ»
Осы аяттар Меккенің мүшіріктерінің исламның дамуына қатысты ашу-ызаларына сілтеме жасайды. Себеі олар құдайдың пайғамбарына көмектеседі, ислам діні дамып, кеңейеді деп күткен жоқ болатын. Сол себепті әртүрлі себептермен өздерінің ашу-ызалары мен реніштерін көрсетті. Құдай оларға жауап беріп: «Егер қатты ашулы болсаңдар, өздеріңді жіппен буындырыңдар. Бәлкім, ашуларың басылар» деді. Негізінен күншіл адамдар басқалардың дамуы мен олардың көтерілгенін көре алмайды. Сол себепті өздеріне өлім тілеп: «Әттең, болмағанымда ғой. Пәленнің бүгінгі жағдайын көрмегінімде ғой" дейді. Құдай да мүшріктердің сол жағдайына сілтеме жасап, олардан «егер ислам пайғамбарының жеңісі мен жетістігін көре алмасаңдар, көңілдерің жай табу үшін өздеріңді өлтіріңдер» дейді. Себебі пайғамбардың адамдарға ұсынғаны әрбір адамның хақты талап етіп, қабылдап, оны түсініп, иман келтіруі керек Алланың айқын аяттары болатын. Бірақ адамдардың көбісі оларды өздерінің бұрыс талаптарына қарсы деп санап, хақты қабылдауға әзір емес. Мұндай адамдардың жетекшілікке түспейтіндіктері табиғи іс. Осы аяттардан үйренетініміз:1. Алланың қалауы мен талабы алдында ашуланып, қайғырудың орнына Оның мейірімі мен қайырымынан үміт еткен жөн. Себебі осы жол біздің құтқарылуымыздың құралы. 2. Құдай мен Құранның жетекшілігі – адамның жетекшілікке түсуінің құралы. Құранның жетекшілігіне ие болған адамның жүрегіне Құдайдың нұры түсіп, әлемнің Пәруәрдігеріне иман келтіреді.