Жел 11, 2016 19:46 Asia/Almaty

Хадж сүресі, 573-ші бөлім, 7-11 аяттар

«Хадж» сүресінің 7 аяты:

«وَأَنَّ السَّاعَةَ آتِیَةٌ لَّارَیْبَ فِیهَا وَأَنَّ اللَّهَ یَبْعَثُ مَن فِی الْقُبُورِ »

Әлбетте қиямет келеді. Онда күдік жоқ. Шәксіз,  қабірлерде жатқандарды Алла тірілтеді. (7)

Алдыңғы бағдарламада «Хадж» сүресінің алғашқы аяттарымен таныстық. Осы аяттар Құран мәдениетінде «қиямет» деп аталатын болашақта орын алатын үлкен оқиғаны хабарлайды. Адамдардың кейбіреуі оның болатындығына шәк келтіріп, күмәнданатын қиямет. Бірақ Құран қыс мезгілінде ағаштар мен шөптердің өліп, көктем келгенде олардың қайта көктеп тірілетінін Құдайдың шексіз құдіретінің белгісі деп, Оны барлық іске күші жететін әлеует иесі деп атайды. Алайда жансыз топырақты ұрыққа айналдырып, одан бүкіл болмысы тіршілікке толы, таңғажайыпқа ие адамды жарататын Құдайдың өлімнен соң сол адамды қайта тірілтуге күші жетпейді ме? Осы аят кесімді түрде былай дейді: «Қияметтің орнайтындығында еш шәк пен күмән жоқ. Алланың бұл хабарына сеніңдер. Сендердің істеріңнің соңы зират – сендер сонда көмілген соң істерің аяқталатын қала немесе мекен емес. Топырақтың сендерді ананың етегі сынды сақтап, топырақтан көктеп көгерген шөп сынды сендер бас көтеріп, Алланың алдына жиналатын уақытқа дейінгі аманаткерлерің болып табылатындығын біліңдер.  Осы аяттан үйренетініміз:1.Бір нәрсені бір рет Жаратқан оны тағы да жарата алады. Сол себепті Оның құдіретіне шәк келтіруге болмайды.2. Қияметте адамдар физикалық түрде жиналады. Құдай қабірлерге аманатқа тапсырғандарды топырақтан шығарады.

«Хадж» сүресінің 8-9-10 аяттары:

«وَمِنَ النَّاسِ مَن یُجَادِلُ فِی اللَّهِ بِغَیْرِ عِلْمٍ وَلَا هُدًى وَلَا کِتَابٍ مُّنِیرٍ »، « ثَانِیَ عِطْفِهِ لِیُضِلَّ عَن سَبِیلِ اللَّهِ لَهُ فِی الدُّنْیَا خِزْیٌ وَنُذِیقُهُ یَوْمَ الْقِیَامَةِ عَذَابَ الْحَرِیقِ »، «ذَلِکَ بِمَا قَدَّمَتْ یَدَاکَ وَأَنَّ اللَّهَ لَیْسَ بِظَلَّامٍ لِّلْعَبِیدِ »

Адамдардың кейбіреуі білімсіз, жолбасшысыз және олардың анық кітабы да жоқ бола тұра Алла жайында таласады. (8) Алланың жолынан адастыруда тіпті тоң мойындық істейді. Оған дүниеде қорлық бар. Әрі қиямет күнінде жандырушы азаптың дәмін татырамыз. (9) "Бұл бұрыннан істеген істеріңнің сазайы." Расында Алла құлдарына қатысты зұлымдық жасамайды. (10)

Осы аяттар қарсыластардың Құдай және қиямет туралы дін тағылымдарымен дауласулары мен қарсыласулары туралы айтып: «Тәкәппарлық пен менмендіктеріне байланысты кейбір адамдар ақылға қонымды анық дәлелдер негізінде сөйлеудің орнына иман иелерімен дауласады. Олар адамдарды хақ жолынан тайдырып, өздерінің бұрыс жолдарына бұруды мақсат етеді». Ислам мәдениетінде ақиқатқа жету үшін пікірталастыру қаблданған іс. Сол себепті Құдай пайғамбарына былай дейді: «Қарсыластарды дінге шақыру жолында хикмет және уағызбен қоса қабылданған іс болып табылатын пікірталастыру мен сұхбаттасу тәсілдерін де пайдалан. Бірақ кез-келген пікірталас дәлел мен қисын негізінде болуы қажет.  Оның өзі тараптардың көзқарасы тұрғысынан қабылдауға лайық болуы керек. Оның дәлелін келесі тарап теріске шығармауы керек. Дәлелдер сенімді діни мәтіндер сынды болуы керек. Осы аяттар сонымен қатар халықты адастыру мақсатында дауласатын адамдарға осы дүние мен ақыретте қатты жазаланатындықтарына уәде беріп: «Құдай оларды осы дүниеде ұятқа қалдырып, қорлыққа душар етеді» дейді. Оларды қияметте осы дүниедегі істері мен қылықтарының нәтижесі болып табылатын тозақтың ауыр жазасы күтіп тұр. Осы аяттардан үйренетініміз:1.    Пайдалы және сындарлы жағдайда діни мәселелер бойынша пікірталастырып, сұхбаттасу әсірешілдік пен тәкәппарлық негізде емес, ғылым мен дәлел негізінде болуы керек.2.    Еш күмәнсіз, Алланың жазалары адамның жөнсіз қылықтарына сай беріледі. Тәкәппарлықтың жазасы адамды қорлық пен масқараға ұшырату.

«Хадж» сүресінің 11 аяты: 

«وَمِنَ النَّاسِ مَن یَعْبُدُ اللَّهَ عَلَى حَرْفٍ فَإِنْ أَصَابَهُ خَیْرٌ اطْمَأَنَّ بِهِ وَإِنْ أَصَابَتْهُ فِتْنَةٌ انقَلَبَ عَلَى وَجْهِهِ خَسِرَ الدُّنْیَا وَالْآخِرَةَ ذَلِکَ هُوَ الْخُسْرَانُ الْمُبِینُ »

Адамдардың Аллаға немқұрайды құлшылық қылатындары бар. Егер оған бір жақсылық келсе олардың көңілдері орнығады, егер оған бір кесір тисе, жалтарып, дүние, ахиретте зиян тартады. Міне бұл ашық зиян. (11)

Бұл аят имандары әлсіз адамдарды таныстырып: «Ол адамдар күпіршілік құрдымының ернеуінде тұр. Өйткені иман олардың жүректеріне терең бойламаған, тек тілдерімен ғана ислам туралы айтады. Өмірде рахат пен бақуаттылықта болса, Құдайға шүкіршілік білдіріп, намаз оқиды. Бірақ, егер оларға кішкентай қиындық пен тауқімет жетсе, күпіршілік етіп, Құдайға шағым айтады. Басқаша айтқанда, олардың діні олардың дүниесіне тәуелді. Егер дүниелері қамтамасыз етілсе, діндар болып, дінді қорғайды. Бірақ, егер дүние оларға теріс айналса, олар да діннен теріс айналады.  Ие болу мен кенде болу дегеннің барлығы Алланың сынақтары болып табылады. Дүние – адамды сынайтын мекен. Осы аяттан үйренетініміз:1.Өзіміздің иманымызға масаттанбайық. Себебі қиындықтар мен мәселелер туындағанда біздің қандай реакция көрсетіп, қалай әрекет ететініміз мәлім емес. 2. Осы өмірде адамның көретін қиындықтары оған берілген сынақ құралы. Егер сабыр сақтаса, сыйлыққа жетеді. Егер күпіршілік айтса, Алланың қаһары мен жазасына ұшырайды.