Жел 11, 2016 19:50 Asia/Almaty

Хадж сүресі, 572-ші бөлім, 1-6 аяттар

«Әнбия» сүресі тәпсірінің аяқталуымен осы бағдарламада Құран Кәрімнің 22-ші сүресі болып табылатын «Хадж» сүресін бастаймыз. Алдымен осы сүренің 1-2 аяттарын тыңдалық:

« یَا أَیُّهَا النَّاسُ اتَّقُوا رَبَّکُمْ إِنَّ زَلْزَلَةَ السَّاعَةِ شَیْءٌ عَظِیمٌ » ، « یَوْمَ تَرَوْنَهَا تَذْهَلُ کُلُّ مُرْضِعَةٍ عَمَّا أَرْضَعَتْ وَتَضَعُ کُلُّ ذَاتِ حَمْلٍ حَمْلَهَا وَتَرَى النَّاسَ سُکَارَى وَمَا هُم بِسُکَارَى وَلَکِنَّ عَذَابَ اللَّهِ شَدِیدٌ » 

Әй, адам баласы! Раббыларыңнан қорқыңдар. Расында қияметтің сілкінісі үлкен нәрсе (1). Ол күні әр емізушінің емізгенін ұмытқанын және әрбір жүкті әйелдің түсік тастағанын көресің. Адамдарды мас түрде көресің. Негізінде олар мас емес. Бірақ Алланың азабы қатты. (2)

Осы сүре қияметтің келетінін ескертіп, адамдарды дүние мен материалды дүниеге деген тәуелділіктерден тыйып, былай дейді: «Қиямет орасан зор зілзаламен басталады. Зілзаланың орнауымен адамдардың бойын қорқыныш пен үрей билейді. Олардың бастары айналып, есеңгіреп қалатындықтары сондай, қылықтары қалыпты жағдайдан шығып, мас адамдар сынды арлы-берлі теңселіп қалады. Бұлар шын мәнінде адамдарды үрейлендіретін Алланың азабының әсерлерінен басқа ештеңе де емес». Осы аяттар үлкен жер сілкінісі арқылы әлемнің жүйесінің быт-шытын шығаратын ақырзаманға байланысты болуы мүмкін. Ондай жағдайда емшектегі сәби мен жүкті әйел дегендегі мақсат оның негізгі мағынасында бола алады. Сондай-ақ «Зілзала» сүресінде айтылғандай үлкен зілзаламен басталатын қияметпен де байланысты бола алады.  Ондай жағдайда емшектегі сәби мен жүкті әйел деген түсінік аллегориялық астарға ие болады. Яғни, қияметтің қорқыныштылығы сондай, егер жүкті әйел немесе емшектегі сәби сол жерде болса, осылай болады деген сөз. Осы аяттардан үйренетініміз:1.Қияметте құтқарылатын және бақытқа жетудің жалғыз жолы – осы дүниедегі пәктік пен тақуалық.2.Қияметке деген бір сенім жеткілісіз. Сонымен қатар осы дүниеге тәуелді болмауымыз үшін әрдайым қиямет күні мен сол күннің қиындықтары туралы да ұмытпайық. 3.Қияметтің қиын оқиғасы тіпті адамдардың ең мықты деген сезімі ананың перзентке деген сезімін үзіп, оның қиындығы адамның ақылы мен түйсігін істен шығарады.

«Хадж» сүресінің 3-4 аяттары: 

« وَمِنَ النَّاسِ مَن یُجَادِلُ فِی اللَّهِ بِغَیْرِ عِلْمٍ وَیَتَّبِعُ کُلَّ شَیْطَانٍ مَّرِیدٍ » ، « کُتِبَ عَلَیْهِ أَنَّهُ مَن تَوَلَّاهُ فَأَنَّهُ یُضِلُّهُ وَیَهْدِیهِ إِلَى عَذَابِ السَّعِیرِ » 

Адамдардың кейбіреуі Алла жайында білмей таласады да қасарысқан шайтанға ілеседі. (3) Негізінде кім шайтанды дос көрсе, ол оны адастырып, тозақ отына бастайды деп жазылған. (4)

Қиямет туралы ескертуден соң осы аяттар былай дейді: «Адамдардың көбісі тамыры жәһілдік пен надандық болып табылатын әсірешілдік пен еліктеу негізінде ешқандай дәлелдері мен деректері болмаса да хақпен тайталасып, ерегеседі. Кейде Құдайды, кейде қияметті теріске шығарады. Бұл тәкфірлік пен теріске шығарудың тамыры ақыл мен ғылымға бағыну емес, нәпсілік тілек пен шайтанға еру болып табылады. Шайтанның соңынан еретін адамның бақыттың жолын таппайтындығы, керісінше хақ және ақиқат жолынан таятындығы, оның сонының тозақ азабы болатындығы шүбәсіз.Осы аяттардан үйренетініміз:1.Сұхбат пен дау-дамай егер дәлел мен қисын негізінде болса, қабылдауға болады. Бірақ, егер әсірешілдік пен тәкәппарлық негізінде болса, нәтижеге жеткізбейді. 2.Күпіршіліктер мен теріске шығарулардың көбісінің бастауы әсірешілдік пен еліктеуге соқтырып, хақты қабылдауға кедергі болатын жәһілдік пен хабарсыздық.3.Шайтан барлық адамдарды емес, оның достығы мен билігін қабылдайтын адамдарды ғана адастырады.  

 «Хадж» сүресінің 5-6 аяттары:

« یَا أَیُّهَا النَّاسُ إِن کُنتُمْ فِی رَیْبٍ مِّنَ الْبَعْثِ فَإِنَّا خَلَقْنَاکُم مِّن تُرَابٍ ثُمَّ مِن نُّطْفَةٍ ثُمَّ مِنْ عَلَقَةٍ ثُمَّ مِن مُّضْغَةٍ مُّخَلَّقَةٍ وَغَیْرِ مُخَلَّقَةٍ لِّنُبَیِّنَ لَکُمْ وَنُقِرُّ فِی الْأَرْحَامِ مَا نَشَاءُ إِلَى أَجَلٍ مُّسَمًّى ثُمَّ نُخْرِجُکُمْ طِفْلًا ثُمَّ لِتَبْلُغُوا أَشُدَّکُمْ وَمِنکُم مَّن یُتَوَفَّى وَمِنکُم مَّن یُرَدُّ إِلَى أَرْذَلِ الْعُمُرِ لِکَیْلَا یَعْلَمَ مِن بَعْدِ عِلْمٍ شَیْئًا وَتَرَى الْأَرْضَ هَامِدَةً فَإِذَا أَنزَلْنَا عَلَیْهَا الْمَاءَ اهْتَزَّتْ وَرَبَتْ وَأَنبَتَتْ مِن کُلِّ زَوْجٍ بَهِیجٍ » ، « ذَلِکَ بِأَنَّ اللَّهَ هُوَ الْحَقُّ وَأَنَّهُ یُحْیِی الْمَوْتَى وَأَنَّهُ عَلَى کُلِّ شَیْءٍ قَدِیرٌ »

«Әй, адам баласы! Егер өлгеннен кейін тірілуден күдіктенсеңдер, әрине біз сендерді топырақтан, сонан соң жыныстық тамшыдан, кейін ұйыған қаннан тағы бейнеленген, бейнеленбеген кесек еттен өздеріңнің тектеріңді білдіру үшін жараттық. Сондай-ақ жатырларда қалаған мерзімге дейін қойып қоямыз. Соңында шарана түрінде шығарамыз. Одан кейін ер жетесіңдер. Кейбіреулерің қайтыс болып, кейбіреулерің әр нәрсені білгеннен кейін түк білмейтін өмірдің ең нашарына қайтарыласыңдар. Қураған жерді көресің. Оған жаңбыр жаудырсақ, құлпырып, көпсиді де әр түрлі көркем өсімдік өнеді. (5) Осы дәлелдер бойынша, шын мәнінде Алла Ол хақ. Күдіксіз, Ол өлікті тірілтеді. Өйткені, әр нәрсеге күші жетеді. (6)

Қарсыластардың қияметтің орнауына қатысты күдік-күмәндері туралы айтылған алдыңғы аяттардың жалғасында осы аяттар қияметтің болатындығына қатысты екі анық дәлелді келтіріп, былай дейді: «Біріншісі, шараналық кезеңнің эволюциясы, келесісі – шөптер өсетін кездегі жердегі өзгерістер. Бұлар адамдар табиғи түрде солармен қатысты болатын өзгерістер болып табылады. Бірақ осы аятта шарананың ұрықтан пайда болып, дүниеге келуіне дейінгі әртүрлі кезеңдеріне сілтеме жасалады. Бұл Құранның ғылыми мұғжизаларының бірі саналады. Себебі Құран аяттары түскен ғасырда жүктіліктің тоғыз айлық кезеңдерін көретін ешқандай құрал болған жоқ. Құранда айтылғандар сол уақытта бірінші рет айтылды. Құран аяттары түскеннен бері 14 ғасыр өтіп, ғылыми-технологиялық үлкен жетістіктердің орын алуына қарамастан Құранның ұрықтың даму кезеңдері туралы айтуының ғылыми жаңалықтармен ешқандай қайшылығы жоқ. Осы саланың мамандары мұны осы аспандық кітаптың мұғжизасы санайды. Аяттың жалғасы нәрестенің дүниеге келгеннен кейінгі даму цикліне сілтеме жасап: «Дамудың бұл циклі тоқтамайды. Керісінше нәресте жасөспірімдік кезең мен орта жасқа дейін өсіп, өзінің әлеуетінің шыңына жетеді. Бірақ содан кейін адам өмірінің кері циклі басталып, әлсіздік пен қауқарсыздықтың шыңы болып табылатын кәрілікке жеткізеді. Кәрілік шақта адам сәбиге ұқсас күй кешеді. Басынан соңына дейінгі бұл жолды қарастыру бір жағынан Алланың мәңгілік құдіреті мен Құдайдың барлық нәрсеге, соның ішінде өлілерді тірілтуіндегі құдіретін көрсетсе, басқа жақтан адамның жаратылыстың басындағы нүктеге қайтып оралатындығын баяндайды. Осы аяттарда сілтеме жасалатын келесі жәйт, ол жердің қыста тоң болып қатып, көктемде қайта тірілуі. Өлген жер жаңбырдың жаууымен тіріліп, жанданып, шөптер мен ағаштардың түр-түрі өседі. Бұл осы дүниедегі қияметтің белгісі болып табылады. Бұлардың барлығы Құдайдың тұрақты және хақ екендігі мен Ол барлық нәрсені хақ негізінде тұрақты етіп жасады деген мағынада. Бірақ солардың бірі өлілерді өлімнен кейін тірілтуі болып табылады. Бұл Құдайдың шексіз құдіреті үшін ештеңе емес. Осы аяттардан үйренетініміз:1.    Қияметті теріске шығаратындардың дәлелдері жоқ. Олар күдік пен күмәнға сүйеніп, теріске шығарады. Құдайдың шексіз құдіретімен шәк пен күмән жойылады.2.    Осы дүниедегі қияметтің белгілері содан қапыл қалмай, хақты түсінгісі келетін және оны қабылдайтын адамдар үшін көзге көрінеді. 3.    Адам өмірінің ең төменгі кезеңі – хабарсыздығы мен ұмытшақтық кезеңі. Өмірдің ең жақсы кезеңі біздің ақыл мен хабардарлық және ғылым мен білімге ие кезеңіміз.