Жел 11, 2016 20:01 Asia/Almaty

Әнбия сүресі, 571-ші бөлім, 109-112 аяттар

«Әнбия» сүресінің 109 аяты:

« فَإِن تَوَلَّوْا فَقُلْ آذَنتُکُمْ عَلَى سَوَاءٍ وَإِنْ أَدْرِی أَقَرِیبٌ أَم بَعِیدٌ مَّا تُوعَدُونَ »

 Уа, пайғамбар! Егер олар сенің шақыруыңнан жүз бұрса: "Сендерді тегіс құлақтандырып, ескерттім.  Сендерге уәде етілген нәрсе алыс па, жақын ба, білмеймін" де. (109)

Алдыңғы бағдарламада Құдай ислам пайғамбарының беғсаты мен ресалатын әлемдіктер үшін рақымның мәйегі деп атады. Осы аят пайғамбар мен мүміндерге қаратып: «Барша бірдей сендердің таухид пен бірқұдайға табынушылыққа шақыруларыңды қабылдайды деп күтпеңдер. Керісінше, тарих бойында хақты қабылдаудан бас тартып, онымен қарсыласып, күрескен адамдардың бір тобы болған. Сендердің міндеттерің ескертіп, еске салу. Бірақ кәпірлердің қай уақытта Алланың қаһарына душар болып, жазаланатындығы сендердің қолдарыңда емес. Сендердің одан хабарларың жоқ» дейді. Құдай оларды осы дүниеде де жазалауы мүмкін. Ондай жағдайда оның уақыты өте жақын. Немесе оларды жазалауды қияметке қалдырады. Олардың ойынша бұл әлі алыс әрі белгісіз.Осы аяттан үйренетініміз:1.Пайғамбардың болуы және оның жетекшілік шақырулары жердің бәріне аямай жауатын рақым жаңбыры сынды. Бірақ қанша жауғанымен сортаң жерде гүл өспейді. 2. Құдай адамға ықтияр мен ерік сыйлады. Осы ерік кейбір адамдардың, тіпті Құдайды теріске шығарып, Оның бұйрықтарын қабылдамауына себеп болады.

«Әнбия» сүресінің 110 аяты:

« إِنَّهُ یَعْلَمُ الْجَهْرَ مِنَ الْقَوْلِ وَیَعْلَمُ مَا تَکْتُمُونَ »

"Күдіксіз, Алла сөздің көрнеуін де біледі, жасырғандарыңды да біледі." (110)

"Бұл аят алдыңғы аяттың жалғасында былай дейді: «Егер сендерді жазалау кешіктірілсе, Құдай сендердің істеріңнен хабарсыз деп ойламаңдар. Себебі Ол барлық нәрсені біледі. Сендердің әшкере айтатын сөздеріңді де немесе жасырын істейтін істеріңді де біледі». Әсілі, сендер мен мыну кең байтақ әлемнің Жаратушысы Құдай үшін әшкере мен көмес деген әсте мағынаға ие емес. Оның ілімі шексіз. Оның ілімін ешнәрсе шектей алмайды. Біздің, адамдардың көзіміз бен құлағымыз және сезім мүшелеріміз уақыт пен мекенмен шектеледі. Ғайыптан хабарсызбыз. Құдай үшін әшкере мен ғайып мағынаға ие болатындай ғайып пен әшкере дегеннің арасында айырмашылық жоқ.Осы аяттан үйренетініміз:1.Сөз бен ғамалдардағы екіұштылық пен екіұдайылық, егер тіпті адамдар үшін айқындалмаса да Құдай үшін анық. Бұл көбінесе адамдардың масқаралыққа ұшырауына себеп болады. 2.Құдайдың ілімін өзіміздің ілімімізбен салыстырмайық. Себебі біз өзіміздің іс-әрекетімізде қателіктерге ұрынып, жасырын істер жасаймыз. 

«Әнбия» сүресінің 111 аяты:

« وَإِنْ أَدْرِی لَعَلَّهُ فِتْنَةٌ لَّکُمْ وَمَتَاعٌ إِلَى حِینٍ »

Мен білмеймін, бәлкім, азаптың кешіктірілуі  сендер үшін бір сынақ, белгілі бір заманға дейін табысқа жету үшін берілген мұрсат шығар." (111)

Алдыңғы аяттың жалғасында осы аят тағы да пайғамбарлардың шақыруын қабылдаудан бас тартқан адамдарға қаратып: «Жазалаудың кешіктірілуі бәлкім, сендер ажалдарың жеткенше, өз еріктеріңмен қалаған нәрселеріңді жасау үшін және өздеріңнің қолдарың қысқа деп ойламау үшін сынақ үшін берілген мұрсат болар» дейді. Әрбір адам өзін қандай болса, солай дұрыстап көрсетіп, оған дәлел аяқталу үшін жазаны асықтырмайтын бұл  Құдайдың дәстүрі болып табылады. Келесі жәйт, бұл мұрсат қайта оралу мен тәубеге келуді әзірлейтін мүмкіндік. Себебі Құдай рақымының тәубеге келетін күнәһарларды да қамтитыны туралы және олардың жазадан құтылатындығына уәде берді. Осы аяттан үйренетініміз:1.Бұл дүниедегі ғұмыр қысқа. Тілекке жетіп, ләззатқа батудың уақыты шектеулі және уақытша. Ондай болса дүниеге алданбай, өзіміздің қателіктеріміздің салдарларынан қорыққанымыз жөн. 2.Дүниедегі барлық нәрсе сынақтың құралы. Сол себепті илаһи сынақтарда сүрінуімізге себеп болатын қапылдыққа салынбауымыз керек.

«Әнбия» сүресінің 112 аяты:

« قَالَ رَبِّ احْکُم بِالْحَقِّ وَرَبُّنَا الرَّحْمَنُ الْمُسْتَعَانُ عَلَى مَا تَصِفُونَ »

(Мұхаммед Ғ.С.): "Раббым, біз бен мүшріктердің арасында туралықпен үкім ет. Сендердің жөнсіз сөздеріңнің алдында мейірімді Раббымыздан жәрдем тілейміз" деді. (112)

«Әнбия» сүресінің соңғы аяты болып табылатын осы аят мүшріктердің теріс айналып, хақты теріске шығарғандарын көрген пайғамбардың Құдайдан әділдікпен төрелік етіп, оларды істеріне қатысты жазалап, қарсыластардың жазаның кешіктірілуін теріс пайдалануларына, пайғамбардың серіктері мен ізбасарларын келеке етулеріне рұқсат бермеуді және олардың рухтарын әлсірету үшін негіз дайындауды сұраған сөздерін баяндайды. Аяттың жалғасы қарсыластарға қаратып: «Сендердің қырсықтықтарың рақым пайғамбарының сендерге лағынет айтып, Құдайдан жәрдем тілеуіне дейін жеткізді» дейді. Осы аяттан үйренетініміз:1.    Тіпті дұшпанға қатысты да әділетсіз үкім шығармайық. Әділетсіздікті күтпейік. Әділеттен аспайық. Шектен тыс жазалауды сұрамайық.2.     Тас пұттар немесе дәрменсіз адамдардан көмек сұраған мүшріктер мен кәпірлерге қарсы пайғамбар мен оның ізбасарлары тек Құдайдан ғана көмек сұрады.