Әнбия сүресі, 570-ші бөлім, 105-108 аяттар
Әнбия сүресі, 570-ші бөлім, 105-108 аяттар
«Әнбия» сүресінің 105 аяты:
« وَلَقَدْ کَتَبْنَا فِی الزَّبُورِ مِن بَعْدِ الذِّکْرِ أَنَّ الْأَرْضَ یَرِثُهَا عِبَادِیَ الصَّالِحُونَ »
Расында Тәураттан кейінгі Зәбүрде: "Жерге игі қүлдарым мұрагер болады" деп жаздық (105)
.Алдыңғы бағдарламада қяметтегі тозақтықтар мен жұмақтықтардың жағдайын салыстырып, Құдай мүміндерді олардың осы дүниедегі игіліктерінің соңы мен ақыреттері туралы сүйіншіледі. Осы аят былай дейді: «Хазірет Мұсаның Тауратында ғана емес, сонымен қатар хазірет Дәуіттің Забур кітабында да жердің болашағының түзу мүміндерге тиесілігі екендігін, олардың жерде билік ететіндіктерін жаздық». Дәуіттің Забуры хазірет Дәуіттің ғибадаттары, мүнәжаттары, мен уағыздарының жинағын қамтыған кітап. Забурдың бес жерінде түзу мүміндердің билігі туралы илаһи уәде жазылған. Хазірет Дәуіт билік құрып, тақуалардың билігін Шам өлкесінде көрсете білген исраил қауымының үлкен пайғамбарларының бірі болған. Сенімді рауаяттардың негізі бойынша, ақырзаманда Құдайдың елшісінің ұрпағы болып табылатын хазірет Мәһдидің қолымен әлемде әділет орнататын, залымдардың істерін тәмамдайтын үкімет орнайды. Осы аяттан үйренетініміз:1. Бұрынғы аспандық кітаптар мен Құран Кәрім әлемнің болашағын болжап, жер бетінде Алланың түзу, мүмін құлдарының үкіметі орнайтындығын хабарлады.2.Әлемдегі биліктің екі шарты бар: біріншісі Алла мен илаһи заңдар және ережелердің алдында мойынсұну; келесісі, билік ету үшін біліктілік пен қажетті ғылыми және іс жүзіндегі лайықтылықтарға қол жеткізу.
«Әнбия» сүресінің 106 аяты:
« إِنَّ فِی هَذَا لَبَلَاغًا لِّقَوْمٍ عَابِدِینَ »
Күдіксіз осы Құранда құлшылық қылған елге ұғынықты да анық хабар бар. (106)
Алдыңғы аяттың жалғасында осы аят былай дейді: «Құдайдың таза құлдары залымдардың қолындағы билікті тек ғибадат арқылы ғана алып, биліктің тағына отыруға болмайтынын, сонымен қатар талпыныс жасап, әлемдік қоғамды басқару үшін қажетті біліктілікке де қол жеткізу керектігін білулері керек. Оларға ғылым мен тақуалық сынды жеке бастық біліктіліктер немесе экономикалық, саяси және мәдени салалар бойынша қоғамның істерін басқару мүмкіндігі сынды әлеуметтік лайықтылықтар жатады. Осы аяттан үйренетініміз.1. Жердегі билік зорлықшылар мен талан-таражға салушылардың емес, мүміндер мен түзу ғамал иелерінің хақысы. Сол себепті иман иелері билік пен басқарушылықты қолға алу үшін күш салулары керек. 2. Иманды адамдар мен қоғамның бақыты үшін қажеттіні Құдай аспандық кітаптарда жариялады. Иманды жандар өздерін илаһи жолдауды танып, соны орындауға міндетті санайды.
«Әнбия» сүресінің 107 аяты:
« وَمَا أَرْسَلْنَاکَ إِلَّا رَحْمَةً لِّلْعَالَمِینَ »
Мұхаммед (Ғ.С.) Біз сені бүкіл әлемге рахмет етіп қана жібердік. (107)
«Иман иелері соңында билікке қол жеткізеді» деп сүйіншілеген соң осы аят былай дейді: «Оның орынбасарларының әлемдік билігіне ұласатын исламның ардақты пайғамбарының беғсаты әлемдіктердің барлығы үшін рақымның мәйегі. Өздерінің жеке бастары мен партиялық мүдделерін көздейтін басқа билеушілерге қарсы Құдайдың түзу құлдары Құдайдың жаратылыстарына қызмет етіп, қоғамның барлық таптары арасында әділет орнатуды мақсат етеді. Биліктің бұл түрі бойынша, тіпті кәпірлер соның арқасында қауіпсіздік пен тыныштықта өмір сүріп, оларға зұлымдық жасалмайды. Негізінен пайғамбарлардың болуы адамдардың барлығы үшін, мүміндер үшін де, кәпірлер үшін де рақымның мәйегі болып табылады. Себебі олар Алланың қалауынан басқа ешнәрсе істемейді. Құдай да құларының барлығына рақымды болып, оларға жақсылық пен бақыт қалайды. Бірақ адамдардың бір тобы үнемі өздерінің бақыты мен игіліктерін тануда қателікке ұрынып немесе қырсықтыққа байланысты хақ пен хақиқатты қабылдауға әзір болмайды. Олар қаласын, қаламасын өздеріне зарар келтіреді. Осы аяттан үйренетініміз:1.Ислам пайғамбарының Құдай тарапынан адамдарға әкелгені адамзат қоғамының құтқарылуы мен бақыты үшін мәйек болып табылады. 2. Хазірет Мұхаммад бір қауым мен араб нәсілінің емес, әлемнің барлық халқының пайғамбары. Сол себепті ислам дінінің тағылымдары мен бағдарламалары жаһандық, олар белгілі бір аймақпен шектелмейді.
«Әнбия» сүресінің 108-аяты:
« قُلْ إِنَّمَا یُوحَى إِلَیَّ أَنَّمَا إِلَهُکُمْ إِلَهٌ وَاحِدٌ فَهَلْ أَنتُم مُّسْلِمُونَ »
"Шын мәнінде маған Құдайларың бір-ақ Құдай деп уахи етілді. Онда Соған бой ұсынып, исламды қабылдайсыңдар ма?»- де. (108)
Алдыңғы аят Алланың елшісінің болмысын әлемдіктер үшін рақымның мәйегі деп атады. Осы аят илаһи пайғамбарлардың ең маңызды сөзіне, яғни таухидке шақырулары туралы айтады: «Пайғамбарлар адамдарды өздері жаққа шақырған жоқ. Оларды пұттарға табыну мен ырымшылдықтан құтқару үшін Құдай тарапына, бір Құдайға табынуға шақырды. Басқаша айтқанда, илаһи елшілер адамдардың зорлықшылар мен үстемшілердің билігінен құтқарып, нағыз азаттыққа жетулері үшін бір Құдайға табынуға шақырды. Осы аяттан үйренетініміз:1.Адамдарды таухид пен сөздің бірлігіне шақыру жер бетіндегі илаһи рақымның көрінісі.2.Ұлы Алланың бұйрықтарына бағыну таухидке сенім келтірудің қажеттілігі болып табылады. Шәксіз, иман ғамалдан бөлек емес.