Әнбия сүресі, 569-шы бөлім, 100-104 аяттар
Әнбия сүресі, 569-шы бөлім, 100-104 аяттар
«Әнбия» сүресінің 100 аяты:
« لَهُمْ فِیهَا زَفِیرٌ وَ هُمْ فِیهَا لَایَسْمَعُونَ »
Олар, тозақта ыңыранып, ол жерде еш нәрсе естімейді. (100)
Алдыңғы бағдарламада қияметттегі мүшріктер мен кәпірлердің жағдайына сілтеме жасалды. Осы аят жалғасында былай дейді: «Тозақтықтардың қайғысы мен қасіреттерінің зорлығы сондай, олар дайым зарлап, ыңырсып, айғайлап, өздерін құтқару үшін жәрдем сұрайды. Бірақ құтқаратындай ешқандай жауап естімейді, олардың құтқарылудан үміттері үзіледі». Тозақтықтардың барлығының ыңырсып, айғайлағандарына қарамастан, азаптың күштілігі олардың қайғылары мен күрсіністерін кемітпейді. Себебі олар бұның жалпыға келген зауал екендігін, шыдаудың нәтижесінде олар жеңілдікті сезетіндей бір-бірінің дауыстарын естімейді. Тозақ – жауапсыз налалардың орыны. Бұның өзі адамның наласы естілмейтін ауыр азап.
«Әнбия» сүресінің 101- 102 аяттары:
« إِنَّ الَّذِینَ سَبَقَتْ لَهُم مِّنَّا الْحُسْنَى أُوْلَئِکَ عَنْهَا مُبْعَدُونَ » ، « لَایَسْمَعُونَ حَسِیسَهَا وَ هُمْ فِی مَا اشْتَهَتْ أَنفُسُهُمْ خَالِدُونَ »
Күдіксіз, өздеріне Бізден игілік жазылғандар солар тозақтан аулақ болады. (101) Олар тозақтың сыбдырын да естімейді. Сондай-ақ олар жаннаттағы көңілдері қалаған нәрселерінде мәңгі қалады. (102)
Тозақтықтардың жағдайын баяндаған соң осы аяттар жұмақтықтардың жағдайына тоқталып, былай дейді: «Біз осы дүниеде мүміндерге берген барлық уәделерімізге берік болып, оларды тозақ отынан сақтаймыз. Оларды тозаққа да жібермейміз, сондай-ақ олар оттың орасан зор гүрілін де естімейтін болады. Олар ешқандай қатерді сезбейді». Олар жұмақтың нығметтері мен сыйларын толықтай тыныштық пен қауіпсіздікте пайдаланып, армандаған нәрселері мен тілектеріне жетеді. Жұмақта мәңгілік және шектеусіз уақытқа қалатындықтан олар болашақ жайлы алаңдамайды». Осы аяттардан үйренетініміз:1.Жұмаққа кіргендер тозаққа жіберілмейді. Бірақ тозақтықтардың көбісі жазаларға шыдап, күнәлардан арылған соң жұмаққа енеді. 2. Осы дүниеде өздерінің нәпсілік тілектерін бақылап, харам нәрселерден бойтартқандарға Құдай қияметте олардың ғамалдарының орнын толтырып, оларға нәпсілері қалағанды береді.
«Әнбия» сүресінің 103- аяты:
« لَا یَحْزُنُهُمُ الْفَزَعُ الْأَکْبَرُ وَتَتَلَقَّاهُمُ الْمَلَائِکَةُ هَذَا یَوْمُکُمُ الَّذِی کُنتُمْ تُوعَدُونَ »
Оларды қорқыныштың ең зоры уайымдатпайды да оларды періштелер: "Міне бұл сендерге уәде етілген күн" деп қарсы алады. (103)
Қиямет күнінің қорқыныштылығы адамдар сезетін ең үлкен қорқыныш болып табылады. Бірақ, тіпті мұндай қорқыныштың өзі мүміндердің алаңдаушылықтарына себеп болмайды. Олар толықтай қауіпсіздікте жұмаққа жіберіледі. Періштелер оларға қошамет білдіріп, қуантады. Имам Әли көркем сөздерінде былай дейді: «Уа, имам иелері! Ақырет сарайында Құдайдың көршісі болып, пайғамбарлар сендердің жолдастарың болып, періштелер сендерді зиярат ету үшін ізгі іс жасауға кірісіңдер». Осы аяттан үйренетініміз:1. Осы дүниедегі қорқыныш пен алаңдаушылықтың факторлары қандай болса да қиямет күнгі тауқіметтің жанында түкке тұрғысыз.2. Қиямет – мүміндер қуанып, олар абыройға бөленетін, ал кәпірлердің қорлыққа ұшырайтын күні.
«Әнбия» сүресінің 104-аяты:
« یَوْمَ نَطْوِی السَّمَاءَ کَطَیِّ السِّجِلِّ لِلْکُتُبِ کَمَا بَدَأْنَا أَوَّلَ خَلْقٍ نُّعِیدُهُ وَعْدًا عَلَیْنَا إِنَّا کُنَّا فَاعِلِینَ »
Ол күні көкті кітаптың бетін бүктегендей бүктейміз де, әуел бастағыдай қайта жаратамыз. Бұл Бізге бір міндет. Шынында Біз орындаймыз. (104)
Бұл аяттар орасан ұлы жаратылысты бір кездері беттері ашылып, оған мәселелер жазылған, қиямет орнаған кезде беттері жабылатын кітап пен хатқа теңейді. Хатты бүктеу деген ондағы жазбаларды жасыру деген мағынада емес. Әлемді бүктеу деген сөз де оның жоғалуы деген сөз емес. Керісінше оның бөлшектерін басып-жаншып, басқа жүйе мен басқа заңға ие басқа әлемді жарату деген сөз. Сол себепті жалғасында былай дейді: «Дүниеде жаратылысты басындағы сынды соңында да бүктеп, қияметті оны қайтадан қайтарамыз. Бұл қиын емес». Осы аяттан үйренетініміз:1.Әлемнің қазіргі жүйесі мәңгілік жүйе емес, Толығымен өзгеріп отыратын жүйе.2. Қияметті орнату Құдай үшін бір хаттың қағазын бүктеген сынды оңай шаруа.