Жел 11, 2016 20:20 Asia/Almaty

Әнбия сүресі, 568-ші бөлім, 95-99 аяттар

«Әнбия» сүресінің 95  аяты: 

« وَحَرَامٌ عَلَى قَرْیَةٍ أَهْلَکْنَاهَا أَنَّهُمْ لَایَرْجِعُونَ »

 Біз жоқ еткен кент халқының бізге қайтпауы мүмкін емес. (95)

Алдыңғы аятта Құдай олардың ғамалдарының нәтижесін қияметке дейін тіркейтін, олардың талпыныстары Алланың толық сыйына ие болатын түзу ізгі ғамал иелері – мүміндер туралы айттық. Осы аят қарама-қарсы топқа тоқталып: «Осы дүниеде күнәларына байланысты өлім құшатын кәпірлер мен күнәһарлар өлген соң өмірге қайтып келуді армандайды. Бірақ Алла кәпірлерге қайтып оралуға рақым етпегендіктен, олардың бұл армандары орындалмайды» дейді. Құранның басқа аяттарында да өлім алдындағы күнәһарлардың осы өтініштері туралы айтылған. Олар ажалдың белгілері мен нышандарын байқаған кезде Құдайдан жасамаған ізгі істерді жасап, солардың орынын толтыру үшін дүниеге қайтаруды сұрайды. Бірақ олар «Мұндай нәрсе мүмкін емес» деген жауап естиді. Осы аяттан үйренетініміз:1.Көзіміз тіріде жақсы істер жасап, өткен қателіктерімізді түзетуді ойлайық. Себебі өлімнен соң басқа мұрсат болмайды.2.Бұл дүние мен ақыреттің жүйесі негізді әрі ықпалға түспейді. Одан бұлтару мүмкін емес. 

« حَتَّى إِذَا فُتِحَتْ یَأْجُوجُ وَمَأْجُوجُ وَهُم مِّن کُلِّ حَدَبٍ یَنسِلُونَ » ، « وَاقْتَرَبَ الْوَعْدُ الْحَقُّ فَإِذَا هِیَ شَاخِصَةٌ أَبْصَارُ الَّذِینَ کَفَرُوا یَاوَیْلَنَا قَدْ کُنَّا فِی غَفْلَةٍ مِّنْ هَذَا بَلْ کُنَّا ظَالِمِینَ »

Яжүж, Мажүжге жол ашылып, олар ағылып, әрбір төбеден келгенге дейін. (96) Ол шын уәде (қиямет) таяса, сол уақытта қарсы болғандардың көздері шарасынан шығып: "Әттегең-ай! Біз бұдан қәперсіз залым болған екенбіз" дейді. (97)Ақыр заман мен қияметтің басталуының белгілерінің бірі – Яжұж, Мәжүж қауымының шабуылына бөгет болатын Зұлқарнайын салған қамалдың қирауы болып табылады. «Кәһф» сүресінің 98-99 аяттарында Яжүж, Мәжүждің өздерінің басқа аймақтарға шапқыншылықтарымен бұзақылыққа себеп болғандарын айттық. Зұлқарнайын соларға қарсы биік дуал тұрғызып, олардың шапқыншылық жасау жолына бөгеттің қойылғанын айтқан болатынбыз.  Зұлқарнайын өзінің ісінің соңында: «Пәруірдігердің уәдесі келген кезде бұл бөгетті сындырып, сол күні сүр үрленіп, барша жиналады» деген болатын. Осы аяттар былай дейді: «Әлемнің үдерісі Яжүж, Мәжүж дүниеге тарап, әрбір биіктіктен жылдам өтіп, адамдарға шапқыншылық жасағанға дейін осылайша өтеді». Сүр үрленіп, ақырзаманның басталуы жариялануымен кәпірлердің бойларын қорқыныш пен үрей билеп, көздері шараларынан шығып, тәкәппарлықтары мен қапылдықтарының перделері сыдырылып, олар күйінішті үнмен: «Неліктен біз бұл күннен қапыл болдық? Пайғамбарлар мен мүміндер айтқан нәрселерді мазақтап, келеке еткен едік» деп, соңында өздерінің күнәларын мойындап, өздерін залым деп атайды. Осы аяттардан үйренеетініміз:1.Жабайы қауымдардың шапқыншылық жасауы – ақырзаман мен қияметтің басталу белгілерінің бірі. 2. Күпіршілік пен хақты теріске шығару қапылдық пен мән бермеуден басталады. Кәпірлер қияметте осы ақиқатты мойындайды. Бірақ одан не пайда?

«Әнбия» сүресінің 98-99 аяттары: 

« إِنَّکُمْ وَ مَاتَعْبُدُونَ مِن دُونِ اللَّهِ حَصَبُ جَهَنَّمَ أَنتُمْ لَهَا وَارِدُونَ » ، « لَوْ کَانَ هَؤُلَاء آلِهَةً مَّا وَرَدُوهَا وَکُلٌّ فِیهَا خَالِدُونَ »

Сендер және Алладан өзге табынған нәрселерің тозақтың отынысыңдар. Сендер соған кіресіңдер. (98) Егер олар құдай болса, оған кірмес еді. Барлығы онда мүлдем қалады. (99)

Өздерінің күпіршіліктері мен зұлымдықтарын мойындағандар үшін олардың мойындауларының қияметте оларға еш пайдасы болмайды, олардың тозаққа еніп, азапқа душар болуына бөгет болмайды. Олар ғана емес, сондай-ақ олардың ойдан жасап алған пұттары да тозаққа түседі. Олар шөпшек пен тезек сынды джәһаннамға лақырылады. Қолдан жасап алған жансыз тас және ағаш пұттары да олардың қолдарынан іс келмейтінін, құтылар жолдың жоқтығын білулері үшін өздерінің жандарынан орын алады. Осы дүниеде мүшріктер сол пұттар қияметте өздеріне шапағат етеді деп үміттеніп, соларға табынған болатын. Осы аяттардан үйренетініміз:1.    Күнәһарлардың денелері тозақтың отын жалындатып, оның қызуын күшейте түседі.2.    Залым адамдардың құнсыздықтары сондай, қияметте оларға ағаш және басқа да қатты заттар сынды қатынас көрсетіледі.