Әнбия сүресі, 567-ші бөлім, 89-94 аяттар
Әнбия сүресі, 567-ші бөлім, 89-94 аяттар
«Әнбия» сүресінің 89-90 аяттары:
" وَزَکَرِیَّا إِذْ نَادَى رَبَّهُ رَبِّ لَا تَذَرْنِی فَرْدًا وَأَنتَ خَیْرُ الْوَارِثِینَ " ، " فَاسْتَجَبْنَا لَهُ وَ وَهَبْنَا لَهُ یَحْیَى وَأَصْلَحْنَا لَهُ زَوْجَهُ إِنَّهُمْ کَانُوا یُسَارِعُونَ فِی الْخَیْرَاتِ وَیَدْعُونَنَا رَغَبًا وَ رَهَبًا وَکَانُوا لَنَا خَاشِعِینَ
" Зәкерияны да есіңе ал. Раббына: " Раббьм! Мені жалғыз қойма. Сен ең жақсы мұрагерсің" деп жалбарынды. (89) Сонда тілегін қабыл етіп, оған Яхияны беріп, жұбайын жасарттық. Өйткені бұлар жақсылықтарға үмтылды. Бізден үміт пен қорқу арасында тіледі де бізге бәйек болды. (90)
Алдыңғы бағдарламада Айюб, Ыдырыс және Жүніс сынды пайғамбарлардың бастарынан кешкен оқиғалары баяндалды. Осы аяттар хазірет Зәкәрия мен оның ұлы Яхияның оқиғасына тоқталады. Құранның басқа да аяттарында айтылғандай, хазірет Зәкәрия қартайғанша перзент сүймеген. Себебі хазіреттің әйелі бедеу болды. Ол Құдайдан өзінің жолы мен тәсілін жалғастырып, оның уағыздаушылыық істерін ілгерілететін перзент сыйлауды сұрады. Құдай оның тілегін орындап, жұбайының денсаулығын жақсартып, оның атын Яхия деп атаған перзент сыйлады. Аяттардың жалғасы осы илаһи отбасының ерекшеліктеріне тоқталып, былай дейді: «Олар барлық жағдайда: қиындықтарда болсын, бақуаттылықта болсын Құдайға ғибадат ететін пенделер болды. Әрдайым ізгі істер жаққа, соның ішінде мақұрымдар мен мұқтаждардың істерін шешуге асықты». Осы аяттардан үйренетініміз:1.Ешбір жағдайда да илаһи рақымнан күдер үзбеу керек. Біздің міндетіміз дұға тілеп, мәселеміздің шешілуін тілеу. Егер Құдай дұрыс деп тапса біздің тілегімізді орындайды. 2. «Жақсы отбасы» деген отбасы мүшелері қайырлы істерге бірге қатысып, ешқашанда мақұрымдарды ұмытпайтын отбасы.3.Дұға тілеген кезде һәм қажеттілігімізді сұрау керек, һәм қателіктер үшін кешірім тілеу керек.
«Әнбия» сүресінің 91-аяты:
" وَالَّتِی أَحْصَنَتْ فَرْجَهَا فَنَفَخْنَا فِیهَا مِن رُّوحِنَا وَجَعَلْنَاهَا وَابْنَهَا آیَةً لِّلْعَالَمِینَ "
Сондай абыройын қорғаған (Мәрям)-ға рүхымыздан үрледік. Сондай-ақ өзін де ұлын да бүкіл әлемге ғибрат қылдық. (91)
Хазірет Иса – ислам пайғамбарының алдында келген пайғамбар. Осы аят оның дүниеге келу оқиғасына тоқталып: «Хазірет Мәриямның абыройлығы мен оның рухының ластықтардан пәктігі Құдайдың Исаның дүниеге келуіне негіз әзірледі» дейді. Алланың пайғамбарларына арналған «Әнбия» сүресінің осы аяттары соңында хазірет Мәриямның ұлылығы мен пәктігіне сілтеме жасайды. Бұл тек ер адамдар ғана Аллаға жақын бола алмайды, сонымен қатар әйелдер де мұндай дәрежеге лайық болып, Құдайдың жанынан үлкен орынға ие болып, Алланың ерекше мейіріміне бөленіп, тіпті есімі пайғамбарлардың қасында әлемдіктер үшін үлгіге айнала алады деген мағынаны білдіреді. Осы аяттан үйренетініміз:1.Илаһи кемелдікке жетуде әйел мен ердің арасында айырмашылық жоқ. Олар ең жоғары адами және рухани дәрежелерге жете алады. 2. Ананың пәктігі мен адалдығы перзенттің бақытына өте әсер ететін ерекшеліктерге жатады.
«Әнбия» сүресінің 92-93 аяттары:
" إِنَّ هَذِهِ أُمَّتُکُمْ أُمَّةً وَاحِدَةً وَأَنَا رَبُّکُمْ فَاعْبُدُونِ " ، " وَتَقَطَّعُوا أَمْرَهُم بَیْنَهُمْ کُلٌّ إِلَیْنَا رَاجِعُونَ "
Осы сендердің үмметтерің бір-ақ үммет. Мен Раббыларың. Сондықтан Маған ғана құлшылық қылыңдар (92) Бірақ адамдар дін істерін бөлшектеді. Негізінде барлығы бізге қайтады. (93)
Алланың көптеген пайғамбарларының есімдерін санамалап, атаған осы аяттардың соңында: «Пайғамбарлардың барлығы бір үмбет және біртұтас болып, бір мақсатқа жетуді көздеді. Олардың өмір сүрген уақыттары мен жағдайларының әртүрлілігіне байланысты қауымдарына әртүрлі бағдарлама ұсынғанымен, олардың барлығының ісі халықты таухидке шақырып, шерк пен күпіршілік және зұлымдықпен күрес болды. Олардың барлығы халықты бір Құдайға табынуға шақырып, кім болсын, қай жерде болсын Одан басқаға табынбау туралы ескертті. Бірақ адамдардың көбісі пайғабарлардың ескертулеріне көңіл бөлмей, жікке бөлініп, алауыздыққа салынып, бір-бірінен бөлінді. Олар таухидке сенудің орнына шерк ойлар мен ақидаларға душар болып, тура жолдан тайды» дейді. Осы аяттардан үйренетініміз:1. Алланың пайғамбарларының діні мен шариғаты бір болды. Олардың барлығы бір мақсат пен бір мүддені көздеді.2. Барлық діндердің жолдауы – таухид. Ислам барлық діндердің ізбасарларын таухидке негізделген бірлікке шақырады. Бірақ әртүрлі діндердің ізбасарлары жікшілдік пен бөліну жолын таңдады.
«Әнбия» сүресінің 94-аяты:
" فَمَن یَعْمَلْ مِنَ الصَّالِحاتِ وَهُوَ مُؤْمِنٌ فَلَا کُفْرَانَ لِسَعْیِهِ وَإِنَّا لَهُ کَاتِبُونَ "
Сонда кім иман келтіріп, жақсылық істесе, оның еңбегі босқа кетпейді. Күдіксіз оның ғамалын жазамыз. (94)
Құдайдың сүннеттерінің бірі ізгі ғамалдарға сый беру болып табылады. Құдай ізгі ғамал иелерімен қатынаста өзін Алғыс айтушы ретінде таныстырып: «Сендердің ізгі істеріңді ұмытып, алғыс айтпайды деп ойламаңдар. Керісінше Мен сендердің барлық қайырлы істеріңнен хабардармын. Уақытында солардың сыйын беремін» дейді. Құранның әртүрлі аяттарында әдетте ізгі іс жасауды Құдайға иман келтірудің қажеттілігі деп санайды. Бірақ осы аят былай дейді: «Егер мүмін адамдар жақсы іс жасаса, Құдай оларды қабылдап, олардың ғамал кітаптарына тіркейді». Осы аяттардан үйренетініміз: 1.Адами және ахлақтық істерге ислам діні әрдайым алғыс айтып, оларды мадақтайды. Бір ғана шарт қойылады: жасайтын істің түрткісі Құдай жолына арналуы керек. 2.Илаһи дүниетаным бойынша ізгі және пайдалы ешбір істі басқалар көрмесе де, одан хабарлары болмаса да оларға Құдай тарапынан көзжұмбайлық көрсетілмейді.