Жел 11, 2016 20:31 Asia/Almaty

Әнбия сүресі, 565-ші бөлім, 79-82 аяттар

«Әнбия» сүресінің 79  аяты:

" فَفَهَّمْنَاهَا سُلَیْمَانَ وَکُلًّا آتَیْنَا حُکْمًا وَعِلْمًا وَسَخَّرْنَا مَعَ دَاوُودَ الْجِبَالَ یُسَبِّحْنَ وَالطَّیْرَ وَکُنَّا فَاعِلِینَ "

Сонда оны Сүлейменнің көкейіне салдық. Негізінен  әрқайсысына әкімшілік, білім бердік. Және Дауыт (Ғ.С.) пен бірге Алланы дәріптейтін тауларды, құсты бой ұсындырдық. Оны Біз істедік. (79)

Алдыңғы бағдарламада екі адамның арасында дау туып, олардың хазірет Дәуітке жүгінгендіктерін айттық. Ол хазірет ұлы Сүлейменнің де сол мәселе бойынша төрелік етуін сұрады. Екі ұлы адам – Дәуіт пен Сүлеймен зарар келген адамның шығыны өтелуі керек деген үкім шығарды. Бірақ олардың тәсілдері әркелкі болды. Дәуіттің пікірі бойынша, зарар тез арада, бір демде өтелуі керек болды. Алайда Сүлейменнің көзқарасы бойынша біртіндеп, бір жылдың ішінде шығын келтірілген адамға төленуі тиіс болды.  Осы аят былай дейді: «Осылай дұрыс төрелік жасай алған Сүлейменге Құдай мәселені түсінетін күшті үйретті». Аяттың жалғасы екі пайғамбардың ресалатын қуаттап: «Нобоватқа қажет нәрселерді, яғни хикмет пен білімді Біз Дәуіт пен Сүлейменге сыйладық. Бірақ Дәуіт хазіретке қатысты құстар мен таулардың да оның ғибадатымен үйлестікте Алланы мадақтайтындай іс жасадық» дейді.  Еш күмәнсіз, жаратылыстың барлығы, соның ішінде құстар мен таулар да табиғи түрде Құдайды мдақтап, оны дәріптейді. Бірақ олардың хазірет Дәуітпен бірлестікте мадақ айтуы, оның өзі басқалар да түсініп, байқай алатындай түрде болған кезде сол хазіреттің пайғамбарлығын дәлелдейтін илаһи мұғжиза болды. Осы аяттан үйренетініміз:1.Пайғамбарлар бағыт-бағдар беру және дінді уағыздап, насихаттаумен қатар, адамдардың арасында төрелік жасап, қазылық ету жауапкершілігіне де ие болды.2.Жаратылыс түйсікке ие. Ол өзінің Жаратушысын дәріптеуде. Алайда біздің еститін құлағымыз жоқ. Жаратылыс иелерінің дәріптеуі мен мадағын біз түсінбейміз.

«Әнбия» сүресінің 80 аяты: 

" وَعَلَّمْنَاهُ صَنْعَةَ لَبُوسٍ لَّکُمْ لِتُحْصِنَکُم مِّن بَأْسِکُمْ فَهَلْ أَنتُمْ شَاکِرُونَ " 

Дауыт (Ғ.С.)-қа сендерді соғыстан қорғау үшін сауыт жасау өнерін үйреткен едік. Сонда сендер шүкір етесіңдер ме? (80)

Осы аят Құдайдың Дәуітке берген келесі сыйларының біріне сілтеме жасап, былай дейді: «Ол хазірет тек ғибадат етіп, Құдаймен оңаша сырласушы ғана болған жоқ, сонымен қатар соғыс пен джиһадқа да қатысатын ер болды. Дұшпанның өткір семсерлерінің алдында жауынгерлерді қорғау үшін сауыт жасады. Дәуіт темірді балқытып, оны жұмсартып, алдымен сауыттың дөңгелектерін дайындап, кейін оларды бір-біріне кіріктіріп, сауыт тоқыды. «Саба» сүресінің аяттары бойынша, бұл істердің барлығын Дәуітке Құдай үйреткен. Адамдар Құдайға шүкір айтушы болуы керек. Осы аяттан үйренетініміз:1.Адамдар жаңалықты Алла олардың ойына илаһи шабыт бергенде ашады. 2.Пайғамбарлар әдеттегі қарапайым жұмыстар мен кәсіптерден қорықпаған. Олар өмірді қалыпты түрде басқарған. 3.Әскери өндіріс үстемшілдік пен жер кеңейту мақсатында емес, қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, дұшпанның шапқыншылығының алдын алу мақсатын көздеуі керек. 

«Әнбия» сүресінің 81 аяты:

" وَلِسُلَیْمَانَ الرِّیحَ عَاصِفَةً تَجْرِی بِأَمْرِهِ إِلَى الْأَرْضِ الَّتِی بَارَکْنَا فِیهَا وَکُنَّا بِکُلِّ شَیْءٍ عَالِمِینَ "

Сүлеймен (Ғ.С.)-ға қатты желді бағындырдық. Оның әмірімен біз мүбарак қылған жерге жүреді. Біз барлық нәрседен хабардармыз» 81.

Алдыңғы аятта Құдай хазірет Дәуіт туралы: «Біз тауларды оған бағындырдық» деді. Осы аят «Оны қалаған жеріне апарсын деп, біз оған желдерді де бағындырдық» дейді. Бұл аяттар жаратылыс жүйесі мен оның құбылыстарының Алланың бұйрығына бағынатындығының белгісі. «Саба» сүресі аяттарының негізі бойынша, хазірет Сүлеймен желдің күшін пайдаланып, ұзақ жолдарды өткерген. Ол заманда қалыпты түрде бір айдың ішінде жүруге болатын жолды ол хазірет желдің күшімен жарты күнде жүріп өткен.   Осы аяттан үйренетініміз:1.Алланың пайғамбарлары Құдайдың рұқсатымен жаратылыс істеріне үстемдік етіп, оларға билік жүргізе алады. 2.Құдай – жаратылыстың Жаратушысы. Ол оның барлық істерінен хабардар. Ешнәрсе де Оның ғылымы мен құдіретінен тыс емес.

«Әнбия» сүресінің 82 аяты:

" وَمِنَ الشَّیَاطِینِ مَن یَغُوصُونَ لَهُ وَیَعْمَلُونَ عَمَلًا دُونَ ذَلِکَ وَکُنَّا لَهُمْ حافِظِینَ " 

Оған суға сүңгитін, басқа істер де істейтін жындардан да мойынсал қылдық. Сондай-ақ олардың бақылаушысы едік. (34-С.12-А.) (82) 

Жел сияқты табиғи құбылыстар ғана емес, сондай-ақ жындардың бір тобы да Сүлейменге бағынышты болып, оған  қызмет етті. Суға сүңгу солардың істерінің қатарын құрады. Бірақ олардың өнерлері суға сүңгумен ғана шектелген жоқ. Басқа аяттарда олардың үлкен де әдемі құрылыстар салып, үлкен қазандар мен табақтар сынды тұрмысқа қажетті әртүрлі заттар мен құралдарды жасаған кейбір істеріне сілтеме жасалған. Осы аятта «шайтандар» деген есім келтірілгенімен, бірақ «Саба» сүресінде «жын» деген атау да айтылған. Бұл екеуінің арасында айырмашылық жоқ. Себебі шайтандардың да тегі жын. Жын ақыл мен түйсікке, міндетке ие мақұлық. Біздің, адамдардың көзіне көрінбегендіктен жын деп аталады. Олар да біз, адамдар сияқты мүмін және кәпір болады. Шайтандар адамдарды адастыруды көздейтін кәпір жындар.  Құдай шайтандарды да хазірет Сүлейменге бағынышты етті. Ол хазірет олардың бір тобын байлап тастап, бір тобын суға сүңгу сынды ауыр жұмыстарға жекті. Сол себепті аяттардың жалғасы былай дейді: «Сүлейменнің бұйрығынан қашып, бағынбаушылық танытпау үшін Құдай адыр шайтандарды қатаң бақылауда ұстайды» Осы аяттан үйренетініміз: 1.Адамзаттан басқа жындар да ерік-жігер, түйсік және міндетке ие. Сол себепті адамдар сияқты олардың арасында да мүмін мен кәпірлер бар.2. Кейбір пайғамбарлар пайғамбарлық міндетпен қоса билік етіп, патшалық дәрежесіне де жетіп, адамдардың дүниелік  істеріне жауапты болған.