Жел 11, 2016 20:36 Asia/Almaty

Әнбия сүресі, 564-ші бөлім, 74-78 аяттар

«Әнбия» сүресінің 74-75 аяттары:

« وَلُوطًا آتَیْنَاهُ حُکْمًا وَعِلْمًا وَنَجَّیْنَاهُ مِنَ الْقَرْیَةِ الَّتِی کَانَت تَّعْمَلُ الْخَبَائِثَ إِنَّهُمْ کانُوا قَوْمَ سَوْءٍ فَاسِقِینَ » ، « وَأَدْخَلْنَاهُ فِی رَحْمَتِنَا إِنَّهُ مِنَ الصَّالِحِینَ » 

Лұт (Ғ.С.)-қа хикмет, ғылым бердік. Жаман істер істейтін кенттен құтқардық. Рас олар, жаман бұзық ел еді. (74) Оны рахметімізге бөледік. Рас ол жақсылардан еді. (75)

Алдыңғы бағдарламада хазірет Ибраһим оқиғасының аяқталуымен осы аяттар хазірет Луттың пайғамбарлығына тоқталып, былай дейді: «Адамдарға жетекшілік етудегі қажет нәрсені Лутқа сыйладық. Ол осы үлкен міндетті қабылдап, орындау үшін лайықты қажеттіліке ие болды. Бірақ оның қауымының адамдары біржынысты байланыс сынды ұят әрі сорақы істерден баса тартпағандықтан, илаһи жаза түскен кезде Құдай өзінің міндетін орындаған хазірет Лутты құтқарды. Адамдардың арасында «Бәле төнген кезде жақсы мен жаман бірге күйеді» деген кең таралған пікірге қарсы Құран аяттарының негізі бойынша күнәһарлар мен күнәһарларға насихат айтып, уағыздау ісінде тартынып қалған немесе үнсіздік танытқан адамдардың ғана бастары бәлеге душар болады. Осы аяттардан үйренетініміз:1.Аңдаусызда жасалған күнә кешіріледі. Бірақ күнәнің қайталануы мен жалғасуы Алланың жазасының түсірілуі мен бәленің орнауына негіз дайындайды.2.Мүмін, түзу адамдар Алланың телегей-теңіз мейірімі мен рақымына бөленген жандар. 

«Әнбия» сүресінің 76-77 аяттары:

« وَنُوحًا إِذْ نَادَى مِن قَبْلُ فَاسْتَجَبْنَا لَهُ فَنَجَّیْنَاهُ وَأَهْلَهُ مِنَ الْکَرْبِ الْعَظِیمِ » ، « وَنَصَرْنَاهُ مِنَ الْقَوْمِ الَّذِینَ کَذَّبُوا بِآیَاتِنَا إِنَّهُمْ کَانُوا قَوْمَ سَوْءٍ فَأَغْرَقْنَاهُمْ أَجْمَعِینَ » 

Ибраһим мен Луттан бұрын жалбарынған Нұх (Ғ.С.) ның тілегін қабыл етіп, оны әрі үй-ішін зор апаттан құтқарған едік. (76) Оны аяттарымызды жасынға шығарған елден қорғадық. Өйткені олар сұмпайы ел еді. Сонда оларды түгел суға батырдық. (77)

Хазірет Ибраһим оқиғасын тәптіштеп баяндап, Ибраһиммен замандас болған хазірет Луттың оқиғасын қысқаша баяндаған соң Құран Алланың үлкен пайғамбарларының бірі Нұхтың басынан кешкендерін еске салады. Аят былай дейді: «Осы пайғамбарлардан бұрын болған Нұх та қырсық адамдарға душар болған еді. Нұх пайғамбар оларға қанша ақыл-кеңес беріп, уағыз айтқанымен оның сөздеріне азғантай адам ғана құлақ асты. Нұхтың Құдай тарапынан айтқан сөздерінің барлығын өтірік санап, өздерінің бұрыс жолдарында табандап тұрып алды. Хазірет Нұх 950 жыл бойғы уағыз бен шақырудан кейін Құдайдан өз қауымының күнәһарларына зауал түсіруді сұрады. Сөйтіп Нұх қауымы да осы дүниеде Алланың қаһарына душар болды.Осы аяттардан үйренетініміз:1.Бұрынғы қауымдардың тарихтарынан хабардар болу күнәһарлар үшін ғибрат пен дәрістің, ал ізгілік иелері үшін сабыр мен шыдамдылықтың мәйегі. 2.Адамдарының көбісі бейбастақтық пен азғындыққа салынған қоғам өзін Алланың қаһары мен азабынан аманбыз деп ойламаулары керек. Себебі бәле-жала адамдардың іс-әрекеттерінің көрінісі болып табылады. 

«Әнбия» сүресінің  78 аяты:

« وَ دَاوُودَ وَسُلَیْمَانَ إِذْ یَحْکُمَانِ فِی الْحَرْثِ إِذْ نَفَشَتْ فِیهِ غَنَمُ الْقَوْمِ وَکُنَّا لِحُکْمِهِمْ شَاهِدِینَ »

Дауыт пен Сүлеймен (Ғ.С.)-ды есіңе ал. Екеуі бір елдің қойы түнде егінге түсіп, соған билік айтқанда, биліктерін көріп тұрдық (78).

Бұрынғы пайғамбарлардың өмірлерін баяндаған алдыңғы аяттардан соң осы аят хазірет Дәуіт пен оның ұлы Сүлейменді еске алып, былай дейді: «Бір оқиғаға төрелік еткенде олардың әрқайсысы өздерінің көзқарастары мен пікірлерін айтты. Құдай Сүлейменнің пікірін растады». Оқиға былай болды: «Бір отар қой түнде жүзім бағына түсіп, жүзімнің жапырақтары мен сабақтарын жеп қойды. Бақ иесі хазірет Дәуітке шағып айтып келді. Хазірет қойдың иесіне келтірілген шығынның орнын толтыру үшін барлық қойын бақ иесіне беру туралы үкім шығарды. Бірақ ұлы Сүлеймен шығынның орнын толтыру үшін басқа шешім жолын ұсынып, былай деді: «Қойлар жүзімдіктің негізін емес, пайдасын құртты. Олай болса қойларды басы бүтін бере салудың орнына, қойлардың беретін пайдасы болып табылатын олардың жүні мен сүтін бір жылға дейін бақ иесіне беріп тұру керек. Осылайша һәм бақ иесіне келтірілген шығын өтеледі, һәм қойлардың иесі бір демде барлық малынан айрылып қалмайды». Екі пайғамбардың да шығынның мөлшері мен оның орнын толтыруды есептеп барып үкім шығарғаны белгілі. Бірақ бірі тез арада орнын толтыруды ұсынса, екіншісі біртіндеп, бір жыл ішінде өтеуді ұсынды. Осы аяттардан үйренетініміз:1.Адамдардың құқықтарын сақтап, шығын қасақана ма, жоқ әлде жазатайым келтірілді ме, оның орнын толтыру қоғамда әділет орнату үшін қажеттілік болып табылады.  2.Діни жетекшілердің міндеті тек адамдарға уағыз айтып, бағыт беру емес, сонымен қатар олар адамдардың әлеуметтік істер бойынша соларға жүгінетін және қоғамның мәселелерін қарастыратын тұлғалар да.