Әнбия сүресі, 563-ші бөлім, 68-73 аяттар
Әнбия сүресі, 563-ші бөлім, 68-73 аяттар
«Әнбия» сүресінің 68-69 аяттары:
" قَالُوا حَرِّقُوهُ وَانصُرُوا آلِهَتَکُمْ إِن کُنتُمْ فَاعِلِینَ " ، " قُلْنَا یَا نَارُ کُونِی بَرْدًا وَسَلَامًا عَلَى إِبْرَاهِیمَ "
Олар: "Егер бір нәрсе істейтін болсаңдар, Ыбырайымды өртеп, тәңірлеріңе көмек етіңдер" десті. (68) "Әй от! Ыбырайымға салқын, зиянсыз бол" дедік. (69)
Алдыңғы бағдарламада пұтқа табынушылардың хазірет Ибраһимнің анық қисыны алдында дәлел келтіре алмағандарын және ашық сот ұйымдастыру арқылы оны соттағандарын айттық. Соттың үкімі бойынша Ибраһимге ең қатаң үкім орындалуы керек болып шешілді. Осылайша ешбір адамның пұттарды сындырып, пұттарға құрметсіздік көрсетуге батылдары бармас үшін хазіретті отқа тастауға үкім шығарылды. Орасан үлкен от жағып, Ибраһимді катапультамен от жалының ортасына атты. Бірқа Алланың бұйрығымен оттың Ибраһимді күйдірмегенімен қатар илаһи пайғамбардың дұшпандары Құдайдың құдіретін көріп, ешқандай қасиетке ие емес пұттарға табынуды қою үшін хазірет үшін қауіпсіз кеңістік орнады. Осы аяттардан үйренетініміз.1.Қисынсыз адамдар Құдайдың ерлерін өлтіріп, азаптауды көздейді. Құдайға табынатындар қасық қандары қалғанша өздерінің хақ ақидаларына табандылық танытып, күпіршілік және шеркпен күреседі. 2.Табиғат Құдайдың жаратылысы. Табиғаттың заңдары Құдайдың қалауы мен ерік-жігеріне тәуелді. Ол һәм себеп тудырушы, һәм себепті залалсыздандырушы. Күйдірудің себебі болып табылатын от Алланың қалауымен салқындық пен аман-саулықтың себебіне айналады.
«Әнбия» сүресінің 70-71 аяттары:
" وَأَرَادُوا بِهِ کَیْدًا فَجَعَلْنَاهُمُ الْأَخْسَرِینَ " ، " وَنَجَّیْنَاهُ وَلُوطًا إِلَى الْأَرْضِ الَّتِی بَارَکْنَا فِیهَا لِلْعَالَمِینَ "
Олардың Ыбырайым (Ғ.С.) ға қастық істегілері келді. Бірақ өздерін сәтсіздікке ұшыраттық. (70) Оны мен Лұт (Ғ.С.) ты құтқарып, әлемдер үшін мүбарак болған жер Шамға жеткіздік. (71)
Пұтқа табынушылар үлкен от жағып, Ибраһимнің ісін біржолата тәмамдап, одан құтыламыз деп ойлады. Бірақ от өшіріліп, Ибраһим от-жалынның арасынан аман-есен шыққан кезде адамдар аңтарылып, тұрған жерлерінде сілейіп тұрып қалды. Сол кездегі Бабелдің зұлым патшасы Намруд басқа бір қастандық арқылы хазірет Ибраһимнің көзін жоймақ болды. Алайда бұл жолы өлтірудің орнына Ибраһимді жер аударуға бұйрық берді. Нәтижесінде хазірет немере ағасы Лутпен бірге Шам өлкесіне аттанды. Осы аяттардан үйренетініміз:1.Құдайдың құдіреті мен ерік-жігері дұшпандардың қастандықтарының алдында үстем әрі жеңімпаз. Қалаған уақытта олардың айла-шарғылары мен қулықтарын залалсыздандырып, жояды. 2.Хақ пен жалғанның арасындағы күресте ақыр-соңында хақ жеңіске жетіп, жалған жеңіліс табады.3.Күпіршілік жайлаған жерден пәк өлкелерге хиджрат ету илаһи ерлердің тәсілі.
«Әнбия» сүресінің 72-73 аяттары:
" وَوَهَبْنَا لَهُ إِسْحَاقَ وَ یَعْقُوبَ نَافِلَةً وَکُلًّا جَعَلْنَا صَالِحِین " ، " وَجَعَلْنَاهُمْ أَئِمَّةً یَهْدُونَ بِأَمْرِنَا وَأَوْحَیْنَا إِلَیْهِمْ فِعْلَ الْخَیْرَاتِ وَ إِقَامَ الصَّلَوةِ وَإِیتَاءَ الزَّکَوةِ وَکَانُوا لَنَا عَابِدِینَ "
Ыбырайым (Ғ.С.) ға Ысхақты артықша Яқұпты бердік. Бәрін де түзу кісілер еттік. (72)Оларды әміріміз бойынша, тура жол көрсететін басшы қылып, оларға жақсылық істеуді, намазды орындауды, зекет беруді уахи қылдық. Олар бізге құлшылық қылушы еді. (73)
Хазірет Ибраһим Шам жерінде орналасып, Сарамен отасқаннан кейін олар ұзақ жылдар бойы перзент сүймеді. Сараның ұсынысымен Ибраһим кәнизагы Хаджермен үйленіп, оларға Құдай Ысмайылды сыйлады. Содан кейін Сара да жүкті болып, Ысқақты дүниеге әкелді. Ысқақтан Йағұб туды. Осы аяттардағы Ибраһимге перзент сыйлаудан маңызды нәрсе ол имаматтың жауапкершлігі мен илаһи уәхи арқылы қоғамға жетекшілік ету және Құдай Ибраһимнен кейін оның балалары мен ұрпағына тапсырған пайғамбарлық міндет болып табылады. Құдай оларды бұл қиын жауапкершілікке лайық деп тапты. Бұл үлкен жауапкершілік құлшылық және илағи ғибадатпен басталып, соның жалғасуымен үзілмеді. Осы аяттардан үйренетініміз:1.Түзу перзент түзу және пәк адамдарға Құдай сыйлайтын илаһи үлкен нығметтер болып табылады.2.Риясыз құлшылық ету илаһи мейірім мен ерекше рақымға ие болу үшін негіз болып табылады. Пайғамбарлар мен имамдар ең тақуа адамдар болған. 3.Илаһи уәхидің өзегі адамдарды ізгі істерге шақыруда. Намаз бен зекет ізгі істердің үлкен дәлелдері саналады.