Әнбия сүресі, 562-ші бөлім, 62-67 аяттар
Әнбия сүресі, 562-ші бөлім, 62-67 аяттар
«Әнбия» сүресінің 62-63 аяттары:
" قَالُوا ءَ أَنتَ فَعَلْتَ هَذَا بِآلِهَتِنَا یَا إِبْرَاهِیمُ " ، " قَالَ بَلْ فَعَلَهُ کَبِیرُهُمْ هَذَا فَسْئلُوهُمْ إِن کَانُوا یَنطِقُونَ " "
Әй, Ыбырайым! Осыны тәңірлерімізге сен істедің бе?",-десті. (62) "Бәлкім, мына олардың үлкені істеген шығар. Егер сөйлей алатын болса, олардан сұраңдар" деді. (63)
Алдыңғы бағдарламада адамдар мерекелік шараға қатысып, сауық құруға қаланың сыртына кеткенде хазірет Ибраһимнің пұтханаға барып, барлық пұттарды сындырып, балтаны үлкен пұттың иығына қойып кеткенін айттық. Адамдар қалаға қайтып оралған кезде сондай жағдайды көріп, Ибраһимді жазалау үшін оны ертіп келуді бұйырды. Осы бағдарламада адамдардың хазірет Ибраһиммен сындырылған пұттар туралы сөздері баяндалады. Хазірет адамдарды сенімдері туралы ойлануға мәжбүр ету үшін үлкен пұттың аман қалуын сылтауратып, былай деді: «Неліктен басқа айыптыны іздейсіңдер? Бақталастарын алаңнан шығарып, адамдар жалғыз өзіне табыну үшін бәлкім, бұл істі үлкен пұт істеген болар? Егер менің сөзіме сенбесеңдер, сынған пұттардан сұраңдар. Олар сендерге қандай жауап берер екен» дейді. Осы аяттардан үйренетініміз:1.Алланың пайғамбарлары адамдарды қапылдықтан ояту үшін тек сөзбен ғана әрекет етіп қойған жоқ, кейбір жағдайларда үлкен әрі маңызды қадамдар да жасады.2.Діни ойларды жеткізу үшін театр, спектакль, және роль сомдау сынды істерді пайдалану құптарлық іс. Негізгі айыпкер ретінде үлкен пұтқа адамдардың назарын аудартқан хазірет Ибраһимнің сөздері өтірік болған жоқ. Керісінше, қапылдыққа ұрынған адамдардың естерін жинату үшін роль ойнаудың бір түрі болды.
«Әнбия» сүресінің 64-65 аяттары:
" فَرَجَعُوا إِلَى أَنفُسِهِمْ فَقَالُوا إِنَّکُمْ أَنتُمُ الظَّالِمُونَ " ، " ثُمَّ نُکِسُوا عَلَى رُءُوسِهِمْ لَقَدْ عَلِمْتَ مَا هَؤُلَاء یَنطِقُونَ "
Олар естерін жинап, бір-біріне: "Сендердің өздерің залымсыңдар" десті. (64) Сосын олар мүсейрей, сүлкиіп: "Сен бұлардың сөйлемейтінін білесің ғой" деді. (65)
Хазірет Ибраһимнің ойы жүзеге асып, адамдардың ұжданы оянды. Олар Ибраһимнің пұттарды сындырып оларға зұлымдық жасамағанын, керісінше жансыз пұттарға Құдай ретінде табынған өздерінің зұлым екендіктерін түсінді. Бірақ адамардың бұл күйі ұзаққа созылмады. Олар ата-бабаларының ақидалары мен өздерінің әдет-ғұрыптарын қорғау үшін Ибраһиммен пікірталастырып: «Айыптыны тану үшін неліктен бізді сынған пұттарға жібересің? Олардың сөйлемейтінін білесің ғой? Бізді келеке еткенің бе?» десті. Осы аяттардан үйренетініміз:1.Ұйқыдағы ұждандарды ояту және илаһи пәк болмысқа назар аударту пайғамбарлардың ең маңызды мақсаттарына жатады. 2.Адамдарға жеткшілік етіп, олардың жөнсіз қылықтары туралы сұрау үшін жанама тәсілдерді пайдалану пайғамбарлардың тәрбиелік әдістеріне жатады. 3. Әсірешілдік және қырсықтық көп адамдардың оның заңдылығы мен дұрыстығын түсіне тұра қабылдаулары үшін кедергі болады.
«Әнбия» сүресінің 66-67 аяттары:
" قَالَ أَفَتَعْبُدُونَ مِن دُونِ اللَّهِ مَا لَایَنفَعُکُمْ شَیْئًا وَلَایَضُرُّکُمْ " ، " أُفٍّ لَّکُمْ وَلِمَا تَعْبُدُونَ مِن دُونِ اللَّهِ أَفَلَا تَعْقِلُونَ"
"Онда сендер Алланы қойып, өздеріңе ешбір пайда, зиян келтіре алмайтын нәрсеге табынасыңдар ма?" (66) "Түһ! Сендерге де Алланы қойып, табынғандарыңа да. Неге ойланбайсыңдар?",- деді. (67)
Хазірет Ибраһим адамдардың хақты түсінбейтіндіктерін, сөйте тұра өздері мен ата-бабаларының бұрыс ақидалары мен істерін қорғайтындықтарын көрген кезде алдымен қисынды дәлелдерді пайдаланып: «Сендердің өмірлеріңде ешқандай роль атқармайтын, не сендерге пайда келтіретіндей күштері жоқ, не сендерге төнген қатерді залалсыздандыратын қауқары жоқ нәрселерге неге табынасыңдар?» деді. Кейін Ибраһим өзінің ақидасына тұрақты екендігін және пұттар және пұтшылдықпен күрестен ешқашан қол үзбейтіндігін білсін деп олардың істеріне қатысты өзінің жеккөрінішін тура жария етті. Ибраһим пұттарды сындырған өз ісіне өкініш танытпауымен қатар, өзінің жолы мен тәсілінің дұрыстығын қуаттап адамдарға: «Неліктен еліктеп, көзсіз әсірешілдікке салынудың орнына ойланып, толғанбайсыңдар? Ата-бабаларыңа ерудің орнына өздеріңнің ақылдарың мен түйсіктеріңді пайдаланбайсыңдар?» деді.Осы аяттардан үйренетініміз:1. Табынудың табиғи түрткісі игілік пен табысқа қол жеткізу немесе бақытсыздық пен қатерлерден құтылуда. Бұлар әлемнің Пәруәрдігерінен басқа ешкімнің қолынан келмейді. 2.Жаман және жөнсіз істердің алдында сезімді пайдаланып, ашы-ыза білдіру құптарлық істердің қатарына жатады.3.Қырсықтыққа салынып, хақты қабылдамайтын адамдар айыптауға лайық.