Әнбия сүресі, 560-шы бөлім, 51-56 аяттар
Әнбия сүресі, 560-шы бөлім, 51-56 аяттар
«Әнбия» сүресінің 51-52 аяттары:
" وَلَقَدْ آتَیْنَا إِبْرَاهِیمَ رُشْدَهُ مِن قَبْلُ وَکُنَّا بِه عَالِمِینَ " ، " إِذْ قَالَ لِأَبِیهِ وَقَوْمِهِ مَا هَذِهِ التَّمَاثِیلُ الَّتِی أَنتُمْ لَهَا عَاکِفُونَ "
Рас, бұрын Ыбырайым (Ғ.С.) ға да туралық берген едік. (51) Сол уақытта ол әкесіне, еліне: "Мына сендер шоқынған мүсіндер не?",- деді. (52)
Алдыңғы бағдарламада осы сүреде он алты пайғамбарға сілтеме жасалатындығын айттық. Бірақ сол пайғамбарлардың арасында хазірет Ибраһим ерекше орынға ие. Хазірет Ибраһим мен пұтқа табынушылардың арасындағы сұхбат осы сүренің көп аяттарының қатарын құрайды. Аяттар алғашында былай дейді: «Құдай Ибраһимнің пайғамбарлық міндеттің жауапкершілігін қабылдау үшін лайық екендігінен хабардар болды. Сол себепті даму мен жетекшіліктің құрал-жабдығын оның ықтиярына берді. Лайықтығының белгісі мынада еді: ол жасөспірім шағында-ақ өз қауымының адамдарымен «Неліктен жансыз пұтттарға табынасыңдар? Неліктен күндіз-түні солардың алдарына тағзым етесіңдер?» деп пікірталастыратын. Жасөспірімдік шағында өз қауымының үлкендерімен осылай сөйлесе алған адамның ересейген шақта Алланың пайғамбарлық міндетін иығымен көтеріп, адамдарды шерк пен ырымшылдықтан құтқара алатындығы түсінікті». Осы аяттардан үйренетініміз:1.Құдай адамның соған лайық екендігін көрмесе оған ешқандай сыйды бермейді. 2. Адамдарға бағдар беріп, жетекшілік етуді жақын-жуық, туыстардан бастаған абзал.3. Ең үлкен теріске шығарушылық шерк болып табылады. Діннің уағыздаушылары бәрінен бұрын осы мәселеге көңіл аударулары керек.
«Әнбия» сүресінің 53-54 аяттары:
" قَالُوا وَجَدْنَا آبَاءَنَا لَهَا عَابِدِینَ " ، " قَالَ لَقَدْ کُنتُمْ أَنتُمْ وَآبَاؤُکُمْ فِی ضَلَالٍ مُّبِینٍ "
Олар: "Біз аталарымызды осыған табынған түрде таптық.",-деді. (53) (Ыбырайым Ғ.С.): "Рас сендер де аталарың да адасудасыңдар" деді. (54)
Хазірет Ибраһимнің мүшріктерден не себепті осы заттарға табынасыңдар деген айқын сұрағына мүшріктердің «Бұл біздің ата-бабаларымыздың салт-дәстүрі. Біз өзімізге олардың анық жолдарынан бұлтаруға рұқсат етпейміз» деп айтудан басқа берер жауаптары болмады. Ата-бабалардың қателеспеулері немесе өздерінен кейінгі ұрпақтардан ақылдырақ және хабардар болғандықтарына ешқандай дәлел жоқ. Бірақ ғылыми істерде әдетте бәрі керісінше. Бүгінгі ұрпақ бұрынғы ұрпақпен салыстырғанда білімдірек. Сол себепті хазірет Ибраһим мүшріктердің қисынсыз сұрақтарына берген жауапта: «Егер сендердің дәлелдерің ата-бабаларыңның ұстанған жолы деген болса, өздерің де олар да барлықтарың осы қателікке ортақсыңдар». Осы аяттан үйренетініміз:1. Ата-бабалардың перзент тәрбиелеудегі бұрыс қатынастары өте әсерлі. Олар өздерінен кейінгі ұрпақтың бұрмаланушылыққа түсуі үшін негіз дайындайды. 2. Ата-бабалардың істеріне ру-тайпаның әдет-ғұрпын сақтау үшін деп көзсіз еліктеу, сондай-ақ олардың бұрыс істеріне ешбір дәлелсіз және қисынсыз әсірешілдікпен еріп, табандылық таныту жағымсыз және ақылға сыймайтын іс. 3. Сенім мәселесінде дәлел мен қисын қажет. Ата-бабалардың сүннеті қабылдауға келетін дәлел болып табылмайды.
" قَالُوا أَجِئْتَنَا بِالْحَقِّ أَمْ أَنتَ مِنَ اللَّاعِبِینَ " ، " قَالَ بَل رَّبُّکُمْ رَبُّ السَّمَوَاتِ وَالْأَرْضِ الَّذِی فَطَرَهُنَّ وَأَنَا عَلَى ذَلِکُم مِّنَ الشَّاهِدِینَ "
Олар: "Сен бізге шындықты әкелдің бе? Ойнап жүрсің бе?",- деді. (55) "Олай емес. Негізінде сендердің Раббыларың көктер мен жердің Раббы. Соларды Ол жаратты. Сондай-ақ осы ақиқатқа айғақ боламын» деді. (56)Хазірет Ибраһимнің пұтқа табынушылықты теріске шығарудағы кесімді және мықты сөзі мүшріктердің кейбіреуінің одан өздерінің ата-бабаларын қателескен деп қалжыңдап айтып тұрсың ба, жоқ әлде бұл сенің шын ойың ба деп сұрауларына себеп болды. Өйткені олар біреудің ата-бабаларының сенімдеріне қарсы сөз айтуға батылы барады дегенге сене алмады. Бірақ хазірет Ибраһим өз ойын ашық түрде баяндап, былай деді: «Менің көзқарасым бойынша сендер мен әлемді жаратушы бір Пәруәрдігер. Пұттар жаратылыс істерінде ешқандай рольге ие емес». Осы аяттардан үйренетініміз:1.Теріс ойдың алдында кесімді және байсалды түрде сөйлеп, теріс жолға түскендер бәлкім, қапылдық ұйқысынан оянар деп ұстанымды жариялау керек. 2. Әлемнің істері де әлем мен адамды Жаратушының қолында. Ол жаратып, істерді басқаруды басқаларға тапсырған жоқ.