Жел 12, 2016 19:17 Asia/Almaty

Әнбия сүресі, 558-шы бөлім, 42-45 аяттар

«Әнбия» сүресінің 42-43 аяттары:

" قُلْ مَن یَکْلَؤُکُم بِاللَّیْلِ وَالنَّهَارِ مِنَ الرَّحْمَنِ بَلْ هُمْ عَن ذِکْرِ رَبِّهِم مُّعْرِضُونَ " ، " أَمْ لَهُمْ آلِهَةٌ تَمْنَعُهُم مِّن دُونِنَا لَایَسْتَطِیعُونَ نَصْرَ أَنفُسِهِمْ وَلَا هُم مِّنَّا یُصْحَبُونَ "

Мұхаммед Ғ.С.) оларға: "Сендерді күндіз-түні Алладан кім арашалай алады?",- де. Керісінше олар Раббыларының насихатынан бет бұруда. (42) Немесе бізден өзге өздерін корғайтын тәңірлері бар ма? Тәңірлері өз бастарына жәрдем ете алмаумен қатар бізден де қолдау таппайды. (43)

Алдыңғы бағдарламада қияметті теріске шығаратын мүшріктер мен кәпірлердің үнемі мұсылмандардың жұмақ пен тозаққа деген сенімдерін масқаралап, оны ырымшылдық деп санағандарын айттық. Сол себепті Құдай мұсылмандарға былай дейді: «Қарсыластардың бұл әрекеттеріне бола солқылдақтық танытып, осалдық жасамаңдар. Олар қияметте осының жазасын көреді». Осы аяттар былай дейді: «Қияметте ғана емес, сонымен қатар осы дүниеде де олар Алланың қаһары мен жазасынан аман қалмайды. Сәт сайын Құдай, егер қаласа Оның азабы түсіп, ешкім де, соларға табынатын жасанды құдайлары да оларды азаптан құтқара алмайды». Осы аяттарда Алла сөзінің орнына «Рахман» деген сөз келген. «Кәпірлер, сендердің істерің мейірім мен рақымның символы болып табылатын Құдайдың Өзін ашуландырып, сендер өздеріңнің істеріңмен Оның қаһарын өздеріңе тілеп отырсыңдар» деген сынды. Осы аяттардан үйренетініміз:1.Егер адам Құдайды ұмытса, Алланың рақымын өзінен алыстатып, Құдайдың қаһарына ұшырайды.  2. Құдайдан басқа кім болсын, не болсын басқалар тұрмақ, өздерінің қажеттіліктерін де орындай алмайды. 

«Әнбия» сүресінің 44 аяты:

" بَلْ مَتَّعْنَا هَؤُلَاء وَآبَاءَهُمْ حَتَّى طَالَ عَلَیْهِمُ الْعُمُرُ أَفَلَا یَرَوْنَ أَنَّا نَأْتِی الْأَرْضَ نَنقُصُهَا مِنْ أَطْرَافِهَا أَفَهُمُ الْغَالِبُونَ " 

Әрине, оларды да, аталарын да ұзын бір өмірге дейін пайдаландырдық. Ал енді олар, жерді айналасынан (апаттар арқылы) кеміткенімізді көрмей ме? Сонда жеңіске солар ие бола ма? (44)

Алдыңғы аяттар кәпірлердің Алланың қаһарынан аман қалмайтындықтарын айтты. Осы аят былай дейді: «Жер бетінінің барлық мекендеушілері мен үмбеттері үшін Алланың заңы болып табылатын ажалдың алдында олардың қорғанатын және қашатын күштері болмайды. Бірақ дендерінің сау және мықты болуларына байланысты тәкәппарлыққа салынып, қапылдыққа душар болып, Алланың сүннетін жеңдік деп ойлап, өздерін жеңетін күш жоқ деп санайды. Олар бір кездері жер бетін мекен еткен мықтырақ қауымдар мен ұлттардың барлығының жойылғанын көрмейді ме? Олар жеңді мен жоқ әлде біз жеңдік пе?»Осы аяттардан үйренетініміз:1.    Кәпірлердің дүниенің нығметтерін пайдалануы Алланың оларға деген мейірімінің белгісі емес. Құдай дүниедегі барлық тіршілік иелеріне өзінің нығметін пайдаландырады. Бұл тұрғысында мүмін мен кәпірдің арасында айырмашылық қоймайды. 2.    Бұрынғылардың тарихын зерттеу болашақ ұрпақ үшін бұл пәни дүниеге бауыр баспай, әлемнің Пәруәрдігеріне бағынбаушылық танытудан бас тарту үшін ғибраттың мәйегі болады. 

«Әнбия» сүресінің 45 аяты:

" قُلْ إِنَّمَا أُنذِرُکُم بِالْوَحْیِ وَلَا یَسْمَعُ الصُّمُّ الدُّعَاءَ إِذَا مَا یُنذَرُونَ "

(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: "Шын мәнінде сендерге уахи арқылы ескертемін. Саңырау ескертілсе де дауысты естімейді" де. (45)

Осы аят қарсыластардың қапылдығы мен тәкәппарлығына тоқталып, пайғамбарға қаратып: «Сенің айтатының –олардың оянып, Алланың сүннеттері алдында монйысұнушылық танытулары үшін олардың істерінің салдарлары туралы ескертетін илаһи уәхи. Бірақ кереңдер ескертетін сөздерді естімей, қатерді сезбесе не істеуге болады?» дейді. Пайғамбарлардың қарсыластарының саңырау болмағандары, олардың пайғамбардың сөздерін естігендері белгілі. Сол себепті осы және Құрандағы осыған ұқсас аяттардың мақсаты кейбір адамдардың Хақ сөзінің  алдында немқұрайлық танытатындықтары соншама, керең адамдардан айырмашылықтары жоқ. Осы аяттардан үйренетініміз:1. Ақылды адам қатер туралы ескерту жасаған адамның сөзін естіп, реакция танытып, өз жанын сақтап қалу үшін қажетті шара қолданады. Бірақ бұл кәпірлер пайғамбарлардың жаман істерінің соңы туралы барлық еткертулеріне қарамастан, өз істерінен қол үзбегендерімен қоймай, табандап, қырсықтық танытты. Пайғамбарлардың шақыруы мен сөздері адамның ой-пікірі емес, Алланың уәхиі негізінде. 2.Құлағы, көзі бар, бірақ ақиқатты естігісі келмейтін немесе тыңдағысы келмейтін адам шынтуайтында һәм керең, һәм соқыр.