Жел 12, 2016 19:19 Asia/Almaty

Әнбия сүресі, 557-ші бөлім, 38-41 аяттар

«Әнбия» сүресінің 38-39 аяттары:

" وَیَقُولُونَ مَتَى هَذَا الْوَعْدُ إِن کُنتُمْ صَادِقِینَ" ، " لَوْ یَعْلَمُ الَّذِینَ کَفَرُوا حِینَ لَا یَکُفُّونَ عَن وُجُوهِهِمُ النَّارَ وَلَا عَن ظُهُورِهِمْ وَلَا هُمْ یُنصَرُونَ " 

Олар: "Ал егер шын айтсаңдар, осы уәде қашан келеді?",- дейді. (38) Егер қарсы болғандар оттан беттерін де, арқаларын да қорғай алмайтын мезгілді білсе еді. (39)

Алдыңғы бағдарламада кәпірлердің көбісінің иман иелерінің шақырғандарына қарсы «Біз иман келтірмейміз. Егер сендердің Құдайларың бізді жазалағысы келсе, неліктен Өзінің азабын тезірек жібермейді?» деп айтты дедік. Осы аяттар да осы тақырыпқа тоқталып: «Қияметті теріске шығарушылар оның болатын уақытын сұрап, соны өздерінің уәждері алдындағы иман адамдарының шынайылықтарының шарты деп санайды. Бір істің болатын уақытын білмеу ол болмайды дегеннің дәлелі емес, әсіресе көптеген рационалды дәлелдер қияметтің болуы қажеттігін қуаттайды. Сондай-ақ өз замандарында шындық пен дұрыстықтың үлгілері болған Алланың пайғамбарларының барлығы оның болатындығын хабарлады. Құдай теріске шығарушылардың сол сөздеріне жауап беріп: «Ақыл мен қисынды қабылдамайтындар олар отқа оранған кезде және от олардың беттерін күйдіргенін сезген кезде ғана қабылдайды. Бірақ ол кезде кеш болады. Олардың жағдайларына пайдасы болмайды. Ешкім де оларды тозақтан құтқара алмайды» дейді.  Осы аяттардан үйренетініміз:1.Кәпірлер өздерін шыншыл, мүміндерді өтірікші деп санап, кім қиямет туралы айтса соны үлкен өтірік айтты деп ойлайды.  2.Күпіршілік пен қияметті теріске шығару ақиқат туралы жәһілдіктен туындайды. Пайғамбарлар мен аспандық кітаптар дүние мен ақыреттің ақиқатын айтуды мақсат етеді. Бірақ адамдардың көбісі оны қабылдауға әзір емес. 

«Әнбия» сүресінің 40 аяты:

" بَلْ تَأْتِیهِم بَغْتَةً فَتَبْهَتُهُمْ فَلَا یَسْتَطِیعُونَ رَدَّهَا وَلَا هُمْ یُنظَرُونَ "

Олай емес! Бейнет оларға кенеттен келіп, өздерін абыржытады. Сонда олар оны тойтара алмайды да өздеріне мұрсат та берілмейді. (40)

Тозақтықтарды орайтын от туралы алдыңғы аяттардан кейін осы аят былай дейді: «Өліммен басталатын ақырет істерінің барлығы кенеттен, тұтқиылдан болады. Еш адамның өз өлімінің уақытынан хабары жоқ. Ажал күтпеген жерден келеді. Өлімнен кейін басталатын барзахтық жазалаулар мен қиямет орнағаннан кейін болатын тозақтық жазалар залымдарды жағадан алады. Соның барлығы уақыт тұрғысынан мүлдем болжаусыз. Бәрінен маңыздысы –кейін қайтудың жоқтығы мен жазаны кешіктіруге болмайтындығы. Бірақ күнәһарлар Алланың жазасының бұл ерекшеліктеріне көңіл аудармайды». Осы аяттан үйренетініміз:1.Кәпірлерге мұрсат беру – Құдайдың осы дүниедегі сүннеті. Бірақ ақыретте оларға мұрсат пен мүмкіндік берілмейді.2.Бүгін өздерін білімді санап, дінді қабылдаудан бас тартатындар қияметтің белгілерін көргенде сең соққан балықтай есеңгіреп, ойланудан қалады.  

«Әнбия» сүресінің 41 аяты:

" وَلَقَدِ اسْتُهْزِئَ بِرُسُلٍ مِّن قَبْلِکَ فَحَاقَ بِالَّذِینَ سَخِرُوا مِنْهُم مَّا کَانُوا بِهِ یَسْتَهْزِؤُنَ " 

Расында сенен бұрынғы пайғамбарлар да ажыуаланған. Сонда мазақтағандардың тәлкектеген нәрселері өз бастарына жеткен. (41)

Осы аят ислам пайғамбарын жұбатып: «Егер Меккенің мүшріктері сенің сөздерің мен уәделеріңді келемеждесе, ренжіме. Себебі сенен бұрынғы пайғамбарлар да мұндай адамдармен істес болып, үнемі келекеге ұшыраған. Бірақ мұндай жәһілдік қатынастардың олардың жағдайлары үшін пайдасы жоқ. Олар осы дүниеде немесе өлімнен соң Алланың жазасына ұшырады. Маңызды мәселе – алдыңғы пайғамбарлардың өздерінің жолдары мен тәсілдерінде табандылық танытқандары. Олар қарсыластардың қорлаушылықтары мен масқаралағандары үшін ешқашан өздерінің ойлары мен жолдарында осалдық танытқан емес, хақ сөзден бас тартқан жоқ. Бұл олардың ізбасарлары үшін де үлгі болуы керек. Осы аяттан үйренетініміз:Осы аяттан үйренетініміз:1.Қисынға ие емес адамдар пайғамбарлардың қисынды шақыруларының алдында кемсіту және келеке ету әдісін ұстанады. Бүгінде де «қалам бостандығы» деген сылтаумен кітап, мақала арқылы немесе өнер жобалары мен карикатура қалпында аспандық діндердің қасиеттіліктеріне тіл тигізеді. 2.Бұрынғы пайғамбарлардың тарихынан хабардар болу олардың шыншыл ізбасарлары үшін жолдың қиындықтары мен тауқіметін оңайлатады.