Таһа сүресі, 543-ші бөлім, 105-109 аяттар
Таһа сүресі, 543-ші бөлім, 105-109 аяттар
«Таһа» сүресінің 105-106-107 аяттары:
" وَیَسْئَلُونَکَ عَنِ الْجِبالِ فَقُلْ یَنسِفُها رَبّی نَسْفًا " ، " فَیَذَرُها قاعًا صَفْصَفًا " ، " لا تَرى فیها عِوَجًا وَلا أَمْتًا "
Мұхаммед Ғ.С.) олар сенен таулардың жайын сұрайды. Сонда оларға: "Раббым тозаң қылып, ұшырып жібереді" де. (105) Оны теп-тегіс жазық қылады. (106) Сен онда ешбір қия не томпақ көрмейсің. (107)
Алдыңғы аяттарда ақырзамандағы оқиғалар мен қияметтің басталуы туралы айтылды. Осы аяттар қиямет күнгі жердегі жағдай туралы былай дейді: «Кейбір адамдарды «Аспанмен таласқан биік таулар қиямет күні быт-шыт болады ма?» деген сауал қызықтырады. Осы аяттар оларға жауап беріп: «Жер мен тауларды жаратқан Алланың құдіреті мықты да биік тауларды ұсақ-ұсақ бөлшектерге бөліп, ауаға тозаңдай шашып жіберуге жетеді. Жердің беті бір заматта теп-тегіс, жап-жазық болып, төбе атаулы қаламайтындай іс жасайды. Мұның барлығы барлық нәрсенің быт-шытын шығарып, бөлшектеп тастайтын үлкен жер сілкінісі орын алу үшін, сондай-ақ қиямет орнап, өліктер тіріліп, Алланың әділ сотына жиналу үшін» дейді.Осы аяттардан үйренетініміз:1. Дүниедегі жүйе қиямет күні жойылып, басқа жүйе орнайды.2. Табиғат жүйесі Алланың құдіреті мен даналығына тәуелді. Құдай табиғаттың жүйесіне тәуелді емес, Өзі қалай қаласа солай әрекет етеді.
«Таһа» сүресінің 108 аяты:
" یَوْمَئِذٍ یَتَّبِعُونَ الدّاعِیَ لا عِوَجَ لَهُ وَخَشَعَتِ الْأَصْواتُ لِلرَّحْمنِ فَلا تَسْمَعُ إِلّا هَمْسًا "
Олар қиямет күні шақырушыға еш бұрылмай ілеседі. Сондай-ақ Рахманның алдында дауыстар бәсеңдейді. Тіпті сыбдырдан басқаны естімейсің. (108)
Кейбір рауаяттардың негізі бойынша Исрафил есімді періште адамдарды тіріліп, махшар даласына жиналуға шақырады. Бұл іс сүр үрлеу арқылы жүзеге асады. Қиямет сахнасының қатты қорқынышты екендігі, тіпті адамның дем алуының өзі тоқтап, ешкімнің сөйлемейтіндігі табиғи жағдай. Алланың ұлылығының адамдарға әсер ететіндігі соншалықты, олар өздерін бейшара, түкке тұрғысыз көреді. Осы аяттан үйренетініміз:1.Қиямет – баршаны мойнсұндырып, Өзіне бағындыратын Құдайдың билігі көрініс табатын күн.2.Қияметте илаһи шақырудың алдында қарсылық көрсетіп, тайталасу мүмкін емес. Адамдардың барлығы өз аяқтарымен қияметтің сахнасына келеді.
«Таһа» сүресінің 109 аяты:
" یَوْمَئِذٍ لَّا تَنفَعُ الشَّفاعَةُ إِلَّا مَنْ أَذِنَ لَهُ الرَّحْمنُ وَرَضِیَ لَهُ قَوْلًا "
Сол күні Рахман рұқсат берген, сөзін жақтырғаннан басқаның шапағаты пайда бермейді. (109)
Адамның қолының барлық нәрседен қысқаратындығы сондай қияметтің сахнасында тұрғанда адамның өзін құтқару үшін шапағатшы іздейтіндігі түсінікті. Бірақ осы аят былай дейді: «Құдай оған рұқсат берген және оның сөзі мен ғамалы Құдайдың көңілінен шығатын адам болмаса ешкімнің шапағат сұрауға рұқсаты жоқ». Негізінен шапағат тәрбиелік бағдарлама болып табылады. Адамдар бір жағынан талпыныс жасайды, басқа жақтан егер кейбір қателіктерге ұрынса үміттерін үзбейді. Қияметтегі шапағат Құдай пенделерін өзінің рақымына бөлейтін дүниедегі тәубе секілді. Шапағаттың хикметі адамдардың Құдайдың әулиелерімен байланысып, Олардың соңдарынан еруде. Алланың елшісі мен хазірет әулетінен шапағат тілейтін адамдар табиғи түрде осы дүниеде олардың жолдары мен әдіс-тәсілдерін ұстанады. Сол таңдаулы адамдарды зиярат еткен кезде өздері келісім жасап, бұрынғы қателерінің орнын толтырып, болашақта да қателіктерін қайталамау туралы келісім жасайды. Шапағатқа бөленетін адамдар сенім тұрғысынан ойлары түзу, ғамалда да діни тағылымдарға да берік адамдар. Сөйте тұра кей-кейде қателікке бой ұрып, тура жолдан тайып, тәубеге келу мүмкіндігіне ие болмаған адамдар. Қияметтің негізі шапағатта емес, іс-әрекетте болғандықтан Құран бастапқыда шапағатты жоққа шығарады. Сонан соң оны ерекше жағдайлармен байланыстырады. Шапағат тілеуші, шапағатқа бөленуші және шапағаттың жағдайы – осының барлығы Алланың рұқсатымен болуы керек жағдайлар. Осы аяттан үйренетініміз:1.Құдайдың әулиелерінің шапағаты – Құдайдың қалауына қарсы іс емес, Хақ Тағаланың рұқсатымен болатын іс. 2. Шапағат – қияметтегі илаһи дәстүрлердің бірі. Оның негізі осы дүниеде пайғамбар әулетімен байланыс орнату арқылы әзірленеді.