Таһа сүресі, 537-ші бөлім, 77-80 аяттар
Таһа сүресі, 537-ші бөлім, 77-80 аяттар
«Таһа» сүресінің 77 аяты:
" وَلَقَدْ أَوْحَیْنا إِلى مُوسى أَنْ أَسْرِ بِعِبادی فَاضْرِبْ لَهُمْ طَرِیقًا فِی الْبَحْرِ یَبَسًا لا تَخافُ دَرَکًا وَلا تَخْشى "
Расында Мұсаға: "Құлдарымды (Исраил ұрпақтарын) түнделетіп, алып кет; оларға теңізде құрғақ жол аш. Олардың қуып жетулерінен қорықпа да шошыма!",- деп уахи қылдық. (77)
Алдыңғы бағдарламада хазірет Мұса мен сиқыршылардың иман келтірулері баяндалып, хикаяның сол бөлімі аяқталды. Осы аяттар Исраил қауымы өмірінің басқа бір оқиғасына тоқталады. Хазірет Мұсан сиқыршыларды жеңген соң, оның серіктерінің саны күннен күнге арта түсті. Содан бастап Мұсаның серіктері мен перғауындықтардың арасында үнемі қақтығыстар орын алды. Хазірет Мұсаға Құдай тарапынан Перғауынның үстемшілдігінде болған Исраил қауымын мәңгілікке Мысырдан шығарып, оларды Бейт ул-Моқаддасқа қайтару міндеті жүктелді. Осы аят Құдайдың бұйрығын былай баяндайды: «Дұшпан біліп қоймас үшін түн ішінде қаладан шығып, асаны Ніл өзеніне тигізгенде Алланың әмірімен құрғақ жол ашылады. Сол жерден сендер аман-есен өтесіңдер. Дұшпаннан да, өзеннің суынан да қорықпаңдар». Осы аяттан үйренетініміз:1. Қиындықтарға толы болса да дінді сақтау үшін хиджрат еткен лазым.2. Халықты зұлым басшылықтан құтқару пайғамбарлардың бағдарламаларының бірі болды.
«Таһа» сүресінің 78-79 аяттары:
" فَأَتْبَعَهُمْ فِرْعَوْنُ بِجُنُودِهِ فَغَشِیَهُم مِنَ الْیَمِّ ما غَشِیَهُمْ " ، " وَأَضَلََّ فِرْعَوْنُ قَوْمَهُ وَ ما هَدى "
Сонда оларды қуған Перғауын мен әскерлерін теңіз басып, ішіне алды. (78) Перғауын елін адастырып, тура жолға салмаған еді. (79)
Мұса мен хазіреттің серіктерінің кетіп қалғаны туралы хабар Перғауынға жетті. Перғауынның өзі үлкен ләшкермен олардың соңдарына түсіп, Ніл өзенінің жағасына жетіп, қоршауға алды. Мұсаның ізбасарлары арт жақтарында Перғауынның мықты әскерінің тұрғанын, ал алдарында үлкен Ніл өзенінің жатқанын көрді. Сол себепті бойларын қорқыныш сезімі билеп, торығушылыққа салынды. Мұса асасын Ніл өзеніне тигізгенде су екіге бөлініп, Алланың мұғжизасымен құрғақ жол ашылды. Мұсаның серіктері сол жолға түсіп, жүріп кетті. Исраил қауымы өзеннен өткен кезде соңдарынан қуып келе жатқан Перғауын мен әскерін аттары және соғыс қару-жарақтарымен үлкен толқын бір сәтте жалмап, суға батырды. Аяттың жалғасы былай дейді: «Перғауын хазірет Мұсаның мұғжизасын көргенде не өзі иман келтірген жоқ, не халыққа жетекшілік етіп, бағыт-бағдар берген жоқ. Керісінше, өзінің қырсықтығына басып, халықтың адасуышылығына себеп болды». Өзін «Мысыр халқының құдайы» деп атаған ол бақыттың орнына халықты пәстік пен адасушылыққа тартты. Ақырында өзі де, серіктері де ажал құшты. Осы аяттардан үйренетініміз:1. Су мен теңізге Құдай тарапынан кейде мейірімділік көрсету, кейде қаһар таныту жауапкершілігі жүктелген. 2. Қоғамның билеушілері мен жетекшілері адамдарға жетекшілік ету мен адастыруда маңызды роль атқарады.
«Таһа» сүресінің 80 аяты:
" یا بَنی إِسْرائیلَ قَدْ أَنجَیْناکُم مِنْ عَدُوِّکُمْ وَ واعَدْناکُمْ جانِبَ الطُّورِ الْأَیْمَنَ وَنَزَّلْنا عَلَیْکُمُ الْمَنََّ وَالسَّلْوى "
Әй, Исраил ұрпақтары! Өздеріңді дұшпандарыңнан құтқарып, Түр тауының оң жағын сендерге уәде қылдық. Сондай-ақ сендерге мәнна, сәлуаны (тағамдар) түсірдік. (80)
Осы аяттар Исраил қауымының үлкен нығметтеріне тоқталып былай дейді: «Хазірет Мұсаның жетекшілігі мен илаһи құдірет және мұғжиза арқылы жүзеге асқан Перғауынның шеңгелінен құтқарылу Құдайдың сол қауымға берген алғашқы сыйы болды. Тур тауы – хазірет Мұса мен Исраил ұрпағының бір тобының кездескен мекені, Таураттың түскен жері; илаһи жетекшілік сол жерде түскен, Құдайдың құдіреті сол жерде көрініс тапқан мекен. Азаттық пен жетекшілікпен қатар Құдай оларға материалдық нығметтер де түсірді. Шөл далада адасып, сергелдең күй кешіп жүргенде олар қорек таба алмады. Құдай жапсарлас таулардан оларға бал дайындап, жесін деп, еті дәмді құстарды жіберді. Осы аяттан үйренетініміз:1. Тәуелсіздік пен азаттық – үнемі оны есте сақтап, қадірін білуіміз қажет үлкен нығметтер. 2. Пайғамбарлар халыққа жетекшілік етуге жауапты. Бірақ алдымен олардың тағұттардың езгісінен босату үшін алғышарт әзірлейді.3. Құдай һәм рухани нығметтерге тоқталады, һәм материалдық. Бірақ рухани істер маңыздырақ.