Таһа сүресі, 535-ші бөлім, 67-71 аяттар
Таһа сүресі, 535-ші бөлім, 67-71 аяттар
«Таһа» сүресінің 67-68-69 аяттары:
" فَأَوْجَسَ فی نَفْسِهِ خیفَةً مُّوسى " ، " قُلْنا لا تَخَفْ إِنَّکَ أَنتَ الْأَعْلَى " ، " وَأَلْقِ ما فی یَمینِکَ تَلْقَفْ ما صَنَعُوا إِنَّما صَنَعُوا کَیْدُ ساحِرٍ وَلا یُفْلِحُ السَّاحِرُ حَیْثُ أَتَى "
Сондықтан Мұса (Ғ.С.) көңілінде бір қобалжу сезді. (67) "Қорықпа! Сен үстем боласың" дедік. (68) "Оң қолыңдағыны (таяқты) таста! Олардың жасағандарын жалмасын. Шынында олардың жасағандары сиқыршының ғана айласы. Сиқыршы қайда барса да құтылмайды" дедік. (69).
Алдыңғы бағдарламада Перғауын өзінің құдіретін көрсетіп, хазірет Мұсаны халықтың алдында масқарасын шығару үшін және Мұсаның төтенше істерімен қарсыласу үшін Мысырдың түкпір-түкпірінен сиқыршылардың жиналуына бұйрық берді. Мұса бұл ұсынысты құптап, қалың халықтың алдына шығуға келісті. Белгіленген күні жұрттың бәрі жиналған кезде ол хазірет сиқыршыларға былай деді: «Алдымен сендер өнерлерің бәрін көрсетіңдер» деді. Олар өздерінің сиқыршылық аспаптарын жерге тастады. Олардың құралдары адамдарға жорғалап бара жатқан жыландар сияқты болып көрінді. Жоғарыдағы аяттар былай дейді: «Осы көріністі көрген хазірет Мұса қорқып, адамдар мұны ақиқат деп ойлап, сиқыршылардың сиқырлары мен Мұсаның мұғжизаларының арасында айырмашылық болмай қалмасын деп алаңдаушылық танытты. Сол сәтте Құдай оған «Осы күресте олардан басым түсіп, жеңесің. Ондай болса олардың сиқыршылық құралдарын жұтып, ештеңе қалдырмауы үшін өзіңнің асаңды жерге таста» деген уәхи түсірді». Осы аяттардан үйренетініміз.1.Хақтың ізбасарлары қай жерде қорқынышқа бой алдырып, алаңдаушылыққа душар болса, оларды илаһи көмектен үміттендіру керек. 2. Әр заманда адамдарды алдау үшін көптеген құралдар болады. Бірақ илаһи жетекшілер дұрыс әрекеттермен барлығын залалсыздандырады. Нәтижесінде алдампаздардың масқаралары шығып, ақиқат дәлелденеді.
«Таһа» сүресінің 70 аяты:
" فَأُلْقِیَ السَّحَرَةُ سُجَّدًا قالُوا آمَنَّا برَبِّ هارُونَ وَ مُوسَى"
Сонда бүкіл сиқыршылар сәждеге жығылып: "Мұса мен Һарүнның Раббына иман келтірдік" деді. (70)
Өздерін сиқыршылықтың қыр-сырын меңгергенбіз деп санаған сиқыршылар асаның қорқынышты аждаһаға айналып, сиқыр мен жадылайтын аспаптарды жұтып қойғанын көргенде олар Мұсаның ісінің сиқыр емес, ақиқат екендіктеріне көздері жетті. Бұл адамның қолынан келетін іс емес: ағашты жанды мақұлыққа айналдырды. Нағыз тіршілік иесі сынды әрекет жасай алатын мақұлықтың илаһи мұғжиза екендігін олар түсінді. Сол себепті сиқыршылардың барлығы Мұсаның алдында тағзым етіп, оның дінін қабылдады. Олар адамдардың алдында ашық түрде өздерінің иман келтіргендерін жариялады. Осы аяттардан үйренетініміз:1.Адам бір сәтте ақидасын өзгерте алады: ол күпіршіліктен иманға немесе иманнан күпіршілікке орала алады. 2.Жолдан тайғандармен қатынас жасағанда үнемі олардың тәубеге келіп, хақ жолына оралатындықтарын мүмкін деп санайық. Ондай болса оларға жетекшілік етуге үміттенейік."
قالَ آمَنتُمْ لَهُ قَبْلَ أَنْ آذَنَ لَکُمْ إِنَّهُ لَکَبِیرُکُمُ الَّذِی عَلَّمَکُمُ السِّحْرَ فَلَاُُقَطِّعَنََّ أَیْدِیَکُمْ وَأَرْجُلَکُم مِّنْ خِلافٍ وَلَأُصَلِّبَنَّکُمْ فی جُذُوعِ النَّخْلِ وَلَتَعْلَمُنَّ أَیُّنا أَشَدُّ عَذابًا وَأَبْقَى "
(Перғауын, сиқыршыларға): "Мен сендерге рұқсат беруден бұрын иман келтірдіңдер ме? Әрине ол сендерге сиқыр үйреткен үлкендерің екен. Енді, әлбетте қолдарыңды да аяқтарыңды да шатырлата кесемін. Және сендерді құрманың бұтақтарына асамын. Сөйтіп қайсымыздың азабымыз қатты да тұрақты екенін жақсы білесіңдер" деді. (71)Перғауынның сиқыршылардың иман келтіргендері үшін қатты ызаға булығуы қалыпты іс болды. Себебі ол сиқыршылардан Мұсаның серіктесі және ізбасарларына айналып, Перғауынның масқарасының шығуына түрткі болсын деп емес, керісінше адамдардың алдында Мұсаның масқарасын шығаруды сұраған болатын. Бірақ Перғауын Құдайдың құдіреті мен қалауынан хабарсыз болды. Өйткені егер, Құдай қаласа, дұшпан да ізгілікке себеп болып, адамдарды бұрыс жолға түсірушілердің өздері олар жетекшілік жолына түсу үшін құралға айналады. Перғауын сиқыршылардың Құдайға иман келтірулеріне байланысты өзінің масқарасы шықпас үшін «Мұның барлығы сендердің құрған жоспарларың болды» деп олардың өздеріне мынадай жала жапты: «Сендердің барлығың Мұсаның шәкірттерісіңдер. Ол сиқыршылардың басшысы. Мені ұятқа қалдыру үшін осындай бағдарлама дайындадыңдар. Сол себепті сендердің барлығыңды дарға асамыз. Басқаларға сабақ болуы үшін аяқ-қолдарыңды шауып тастаймыз». Бірақ оның қорқытуының әсері болмады. Өйткені сиқыршылардың имандары нағыз әрі ішкі иман болатын. Физикалық азаптаулар олардың имандарын әлсірете алмады, сондай-ақ олардың ақидаларын өзгерте алмады. Осы аяттан үйренетініміз.1.Перғауындық және тағұттық үкіметтерде ақида таңдау еркін емес. Адамдар үкіметтің көзқарасының ығына жығылуы керек. 2. Жала жауып, қоқан-лоққы жасау перғауындық үкіметтің хақ пен ақиқаттың ізбасарларына қарсы кең тараған құрал болып табылады.3.Перғауындық үкіметтерде азаптау мен өлтірушіліктің кең таралғаны соншалықты билеушілер оны айтудан еш қорықпайды.