Таһа сүресі, 529-шы бөлім, 25-36 аяттар
Таһа сүресі, 529-шы бөлім, 25-36 аяттар
«Таһа» 25-28 сүресінің аяттары:
" اذْهَبْ إِلَى فِرْعَوْنَ إِنَّهُ طَغَى " ، " قَالَ رَبِّ اشْرَحْ لِی صَدْرِی " ، " وَ یَسِّرْ لِی أَمْرِی " ، " وَاحْلُلْ عُقْدَةً مِن لِسانِی " ، " یَفْقَهُوا قَوْلِی "
(Мұса Ғ.С.): "Раббым! Көңлімді кеңейткейсің!",- деді. (25) "Ісімді оңайластырғайсың!" (26). "Тілімнің тұтықпасын шеше көр" (27). "Олар сөзімді түсінсін!" (28).
Алдыңғы бағдарламада Құдай пайғамбарлық міндетті хазірет Мұсаның иығына жүктеген соң пайғамбарлығын жариялаудан бұрын солармен таныс болу үшін өзінің екі мұғжизасын оның қолымен көрсеткенін айттық. Осы аяттарда осы илаһи пайғамбардың алғашқы міндеті Перғауынның сарайына барып, оның бүлігі мен кердеңдігіне қарсы тұру боғандығы айтылады. Пайғамбарлар барлық адамдарға жетекшілік етуге міндетті болғандарына қарамастан, қоғам Перғауын сынды тағұттың билігінде болған және барша құлдыққа түскен кейбір жерлерде адамдарға жетекшілік ету жолы оларды зұлым билеушілердің үстемдігінен азат ету арқылы тегістеледі. Мұндай маңызды міндеттің қажетті дайындықты талап ететіндігі түсінікті. Сол себепті хазірет Мұса алдымен осы үлкен істі орындай алуы үшін және оған сыртқы жағдайды әзірлеуі үшін Құдайдан өзіне күш пен мүмкіндік сыйлауды сұрайды. Соның ішінде Құдайдан сөзінің түсінікті және еркін болуы үшін тіліндегі күдік пен күрмелуді шешуді сұрайды. Хазірет Мұсаның табысты болуының кілті сол үлкен міндетті қабылдаудан қашудың орнына Құдайдан оны соны орындауда табысқа жету үшін істің қиындықтары мен кедергілерін жоюда көмектесуді сұрауында болды. Бір жағынан, тілі шешен, көңілі міндетті атқару жолында кеңейіп, басқа жақтан оның әрекетінің сыртқы кедергілері жойылуы керек. Осы аяттардан үйренетініміз:1.Қоғамды түзету жолында жасалатын алғашқы қадам сол қоғамның жетекшілерін түзетуде. Зұлым билеушілер қарсыласқан жағдайда олармен күресу қажет. 2.Үлкен жауапкершіліктер мен міндеттерді орындауда табысқа жетудің алғашқы шарты сабыр, қарсыласу және табындылық таныту.3. Үлкен істерді қабылдаудан қашудың орнына Құдайдан бізге соны орындау үшін күш пен мүмкіндік сыйлауды сұрайық. 4.Дін уағыздаушылардың сөзі арналатын адамдар үшін түсінікті болуы керек.
«Таһа» сүресінің 29-32 аяттары:
" وَاجْعَل لی وَزِیرًا مِن أَهْلِی " ، " هارُونَ أَخِی " ، " اشْدُدْ بهِ أَزْرِی " ، " وَأَشْرِکْهُ فِی أَمْرِی "
"Маған отбасымнан бір уәзір қыл!" (29) "Туысым Һарүнды," (30) "Ол арқылы арқамды қуатта!" (31) "Оны істеріме ортақ қыл." (32)
Хазірет Мұсаның Құдайдан сұраған тілектерінің ішінде ағасы Һарунды пайғамбарлық пен хаққа шақырудың қиын міндетін атқаруда және Перғауынға қарсы әрекетте оған жәрдемдесуі үшін сол істің жартысын мойнына алуды сұрады. Тәпсірде Һарунның Мұсадан үш жас үлкен болғаны, оның шешен, тілі оралымды адам болғаны айтылған. Ол Мұсаның көзі тірісінде дүние салды. Хазірт Мұсаның өтінішімен Һарун да пайғамбар болып, перғауындықтарды хақ жолына шақыруда Мұсаның серігі және жәрдемшісіне айналды. Осы аяттардан үйренетініміз:Үлкен істерді орындауда Құдайдан медет тілеп, басқалардың күштері мен көмектерінен де қапы қалмау керек. 2. Басқалардың мүмкіндіктері мен әлеуеттерін пайдалану үшін серіктес пен әріптес алу экономикалық және сауда істерінде ғана емес, срнымен қатар діни және уағыздаушылық істерде де лазым. 3.Олар бір-бірімен пікірлес болған жағдайда жұмыстардың ілгері басуында туыстардың серіктес болуы әсерлі.
«Таһа» сүресінің 33-36 аяттары:
" کَیْ نُسَبِّحَکَ کَثِیرًا " ، " وَ نَذْکُرَکَ کَثِیرًا " ، " إِنَّکَ کُنتَ بنَا بَصِیرًا " ، " قَالَ قَدْ أُوتِیتَ سُؤْلَکَ یا مُوسَى "
"Сені көп дәріптеуіміз үшін." (33) "Сені көп еске аламыз." (34) "Күдіксіз Сен бізді көресің." (35) (Алла): "Әй Мұса! Сенің тілегің берілді" деді. (36)
Осы аяттарда хазірет Мұсаның көп тілектерінің мақсаты адамдардың назарын бір Құдайға аударып, шерк пен тағұттан алыстатудан басқа ештеңе емес екендігі баяндалды. Сұбхан Алла деген және басқа да зікірлерді барлық мүміндер айтады. Бірақ оны қоғамда жүзеге асырып, шерктің белгілерін жойып, шеркке ластанған жүйені құрту пайғамбарлардың ісі. (Оның өзі илаһи мейірімнің жәрдемімен). Перғауынға қарсы тұра алатын адам Перғауынмен қарсыласу алаңында Құдайды қатысушы, бақылаушы және құдіретті деп көреді. Мұса мен Һарун сондай иман мен сенімге ие болды. Құдай да олардың тілектерін орындады. Осы аяттардан үйренетініміз:1.Пайғамбарлар билігінің пәлсапасы шерк жүйені жойып, таухидтік жүйе орнату. 2.Құдай барлық нәрседен хабардар барлық нәрссені білгенімен дұға тілеп, өтініш жасау біздің міндетіміз.