Мәриям сүресі, 521-ші бөлім, 75-80 аяттар
Мәриям сүресі, 521-ші бөлім, 75-80 аяттар
«Мәриям» сүресінің 75 аяты:
" قُلْ مَن كَانَ فِي الضَّلَالَةِ فَلْيَمْدُدْ لَهُ الرَّحْمنُ مَدًّا حَتَّى إِذَا رَأَوْا ما يُوعَدُونَ إِمََّا الْعَذَابَ وَإِمََّا السَّاعَةَ فسَيَعْلَمُونَ مَنْ هُوَ شَرٌّ مَكَانًا وَأَضْعَفُ جُندًا "
(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: "Кім адасқан болса, Алла оны мүлде созып қояды да ақыр өздеріне уәде етілген азапты не қияметті көрген сәтте олар кімнің орны жаман, сыбайластары әлсіз екенін біледі" де. (75)
Алдыңғы бағдарламада Меккенің ақсүйектері мен байларының кемсітіп: «Біздің орынымыз бен беделіміз жоғарырақ па, әлде мына кедей мүміндердің бе?» дегендерін айтқан болатынбыз. Осы аят соларға берген жауапта: «Бұл – осы дүниеде даму мен алға басу үшін мүмкіндікті баршаның ықтиярына беретін Алланың сүннеті. Бірақ Алланың бұл мүмкіндігі мен мұрсаты сендерді менмен етпеулері керек. Осы нығметтерге сендер ұдайы ие боламыз деп ойлайсыңдар ма? Күпіршілік пен зұлымдыққа душар болғандар осы дүниеде, болмаса о дүниеде соның жазасын алады. Сол кезде сендердің бе, жоқ әлде кедей мүміндердің орындары мен мәртебесі жоғарырақ па, анықталатын болады. Құдайдың барлық адасушыларға бәлкім, олар тәубеге келіп, тура жолға оралар деп, мұрсат беретіндігі қалыпты іс. Бірақ әдетте адасқандар мен адасушылықтың жолына біржолата түскендер сол мұрсатты теріс пайдаланып, жөнсіз қылықтарымен өздеріне қаттырақ азап пен жаза әзірлейді. Осы аяттан үйренетініміз:1. Әр адам өз еркімен жолын таңдауы үшін адамдардың барлығына бірдей мұрсат беру – Құдайдың сүннеті. Бірақ олар соңында өз істерінің нәтижесін де қабылдауы керек болады. 2. Алланың жазасы ақыретке ғана қатысты емес. Кейбір істердің жазасы берілуі тиіс мөлшерде осы дүниеде беріледі.
«Мәриям» сүресінің 76 аяты:
" وَيَزيدُ اللَّهُ الّذينَ اهْتَدَوْا هُدًى وَالْباقِياتُ الصّالِحاتُ خَيْرٌ عِندَ رَبِّكَ ثَوابًا وَخَيْرٌ مَرَدًّا "
Алла (Т.) тура жол тапқандарға туралықты арттырады. Тұрақты игілік Раббыңның қасында сауап тұрғысынан жақсы да нәтиже бойынша хайырлы. (76)
Өткен аяттан адасқандардың өздерінің істерімен бұрмалаушылық пен адасушылыққа бұрынғыдан бетер батып, азап пен жазаға көбірек душар болатындығын білдік. Ал енді осы аят былай дейді: «Алланың жетекшілігі жолында әрекет ететіндерді Құдай өзінің мейіріміне бөлеп, өмір жолдарындағы адасушылық пен теріс жолға түсуден сақтайды». Басқаша айтқанда, олардың жетекшілікке, тура жолға нұсқалу мүмкіндіктерін арттырады. Құдды баспалдақпен бір қадам жоғары басқан кезде келесі баспалдақта аяқ қоятын орын дайындалып, бізді қадам басқан сайын жоғары шығаратындығы сынды. Иманнан көрініс беретін нәрсе, ол дұрыс ғамал жасау; адамның ғамал жасаудағы түрткісі мен ниеті неғұрлым риясыз, шынайы болса, оның ізгі ғамалдары ұзақ сақталып, тұрақты болмақ. Ізгі ғамалдардың кез-келген байлық пен мал-мүліктен артық екендігі анық. Тіпті олармен салыстыруға келмейді де. Себебі бұл дүниенің байлығы пәни, өткінші. Бірақ ізгі істер һәм қалады, һәм ақыретте солардың сыйы беріледі. Осы аяттардан үйренетініміз:1. Илаһи жетекшіліктің деңгейлері мен кезеңдері бар. Түзу ғамалдар жасау көбірек жетекшілікке ие болуға негіз дайындайды. 2. Жақсы нәтижеге үлкен байлық арқылы емес, ізгі ғамалдар арқылы жетуге болады.
" أَفَرَأَيْتَ الَّذي كَفَرَ بآياتِنَا وَقَالَ لَأُوتَيَنَّ مَالًا وَوَلَدًا " ، " أَطَّلَعَ الْغَيْبَ أَمِ اتَّخَذَ عِندَ الرَّحْمنِ عَهْدًا " ، " كَلَّا سَنَكْتُبُ ما يَقُولُ وَنَمُدُُّ لَهُ مِنَ الْعَذَابِ مَدًًّا " ، " وَنَرِثُهُ ما يَقُولُ وَيَأْتينا فرْدًا "
Мұхаммед Ғ.С.) аяттарымызға қарсы келіп: "Әлбетте маған мал, бала беріледі" дегенді көрдің бе? (77) Ол көместі білді ме? Немесе Алладан уәде алды ма? (78) Әсте олай емес. Оның айтқанын жазамыз да оған азапты арттырған сайын арттырамыз. (79) Сондай-ақ оның айтқанына Біз ие боламыз да ол бізге жалғыз келеді. (80)Адасушылар мен тура жолға нұсқалған адамдарды салыстырған алдыңғы аяттардың жалғасында осы аяттар кәпірлермен дүние қуған, дүниенің соңына түскен адамдардың топшылаулары мен болжамдарына сілтеме жасап, былай дейді: «Олар өздері тіпті әлемнің қожайыны мен билеушісі сынды сөйлеп, әрекеттер жасайды. Қанша қаласа, нені талап етсе, мал-жан, перзент, билік, байлық па, соның барлығын Құдай оларға беруі керек сияқты. Олардың сол дүние-мүліктерімен мүміндердің алдында мақтанып, соларды өздерінің артықшылықтарының себебі деп көрсететіндіктері таңғаларлық. Құран оларға берген жауапта былай дейді: «Жақсырақ болашақ туралы олардың бұл сөздері мен сенімдері ғайбаттаудың бір түрі болып табылады. Олар ғайып істерден қалайша хабардар бола қалды? Әлде Құдай олармен келісішарт жасап па еді?». Олар осы дүниедегі өмірлері мен ақыреттерін құртатын Алланың қатты да қиын жазасына ұшырайды. Олар жинаған барлық мал-мүліктері мен байлықтарын мұрагерлікке тастап,осы дүниеден құр қол кетеді. Осы аяттардан үйренетініміз:1. Кәпірлердің көзқарасы бойынша, күпіршілік – дамудың факторы, ал иман даму мен ілгерілеуге кедергі болып табылады. Әлемде мұндай қисын орнамаған. Құдай мұндай сүннеттің негізін қалмамаған. 2.Біздің барлық сөзіміз бен ісіміз тіркеледі. Бір күні өзіміздің істеріміздің барлығына жауап беруіміз керек болады.