Жел 13, 2016 20:02 Asia/Almaty

Мәриям сүресі, 519-шы бөлім, 66-70 аяттар

«Мәриям» сүресінің 66-67 аяттары:

" وَيَقُولُ الْإِنسانُ أ اِذَا ما مِتُّ لَسَوْفَ أُخْرَجُ حَيًّا " ، " أَوَلَا يَذْكُرُ الْإِنسانُ أَنّا خَلَقْناهُ مِن قَبْلُ وَلَمْ يَكُ شَيْئًا "

Адам баласы: "Мен өлген уақытта тіріліп, ортаға шығарыламын ба?",-дейді. (66) Ал адам баласы өзін алғаш жаратқанымызда дәнеңе емес екенін ойламай ма? (67).

Алдыңғы бағдарламада жұмақ пен жұмақтықтардың кейбір ерекшлеріктері туралы айтылды. Осы аяттар қиямет пен кейбір адамдардың соған қатысты күдік-күмәндары туралы сөз қозғайды. Дәлелдері болмаса да қияметті теріске шығаратындардың көбісі оны болмайтын, мүмкін емес іс санап: «Адам өліп, топыраққа айналған соң қалайша қайтадан тіріліп, топырақтан шығады?» дейді. Құдайдың жауабы мынадай: «Бұрынғыны қалайша ұмыттың? Құдай сені ештеңеден жаратты. Ондай істі жасап, сен сияқтыны жаратқан Құдай сені қалайша қайта тірілте алмайды?». Мұндай сауалдардың сондай адамдардың Құдайдың шексіз ғылымы мен құдіретіне сенбейтіндіктерінің белгісі екендігі қалыпты іс. Олар Құдайды адамның шектеулі ғылымы мен құдіретімен салыстырып, ондай істі орындауды мүмкін емес деп санайды. Осы аяттардан үйренетініміз:1.Адамды қайтадан тірілту қияметті теріске шығаратындардың ойлары тұрғысынан мүмкін емес болып көрінгенімен, бірінші рет жаратудан жеңілірек. 2.Қиямет физикалық тұрғыда болады. Теріске шығарушылардың күмәндері көбінесе адамның физикалық тұрғыдан қайта тірілуі туралы болды. Егер қиямет тек рухтық тұрғыда болғанда мұндай дүдәмалдар азырақ талқыланатын еді.

 «Мәриям» сүресінің 68 аяты:

" فوَرَبِّكَ لَنَحْشُرَنَّهُمْ وَالشَّياطينَ ثُمَّ لَنُحْضِرَنَّهُمْ حَوْلَ جَهَنَّمَ جِثِياً "

 Раббыңа серт! Әлбетте оларды да шайтандарын да жинаймыз. Сонан соң тозақтың айналасына тізерлетіп, оларды әзірлейміз. (68)

Қияметті теріске шығаратындардың Құдайды да теріске шығаратындықтары түсінікті. Негізінен Құдайды қабылдайтын адамдар ақыретті қабылдамайды деп ойлау мүмкін емес. Сол себепті, ақыретті теріске шығаратындар Алланың тура жолынан тайып, адасушылықтың иірімі мен құрдымына түскен дінсіз адамдар. Сол адамдар өздерінің күпіршілік жасап, жоққа шығарғандарына байланысты қияметте жазалану үшін сұраққа тартылады. Олар хақты қасақана, қырсықтық пен қыңырлықтарына бола теріске шығарса, тозаққа жол тартады. Бірақ, егер олар жәһілдік  және хабарсыздықтарының салдарынан  жоққа шығарса, Құдай оларды кешіреді. Осы аят былай дейді: «Кәпірлер қияметте шайтандармен бірге жиналады». Мұндай бірлестік осы дүниедегі олардың пікірлес және серіктес болулары негізінде. Осы аяттан үйренетініміз:1.    Құдайдың қиямет және соның жағдайлары туралы ескертулерін шынайы қабылдап, өзімізді сол күн мен сондай үлкен сотқа қатысуға дайындайық. 2.    Осы дүниеде тәкәпарлықтары мен кеудемсоқтықтарымен діннің ақиқаттарын масқаралайтындар қияметте тозақты көріп, түрегеліп тұруға шыдай алмай, қорлық пен пәстіктен тізелері бүгіліп, отыра кетеді.

 «Мәриям» сүресінің 69-70 аяттары:

" ثُمَّ لَنَنزِعَنَّ مِن كُلِّ شيعَةٍ أَيُّهُمْ أَشَدُّ عَلَى الرَّحْمَن ِ عِتِيًّا " ، " ثُمَّ لَنَحْنُ أَعْلَمُ بالَّذينَ هُمْ أَوْلَى بِهَا صِلِيًّا "

Сонан кейін әрбір топтан Аллаға қайсысы қатты қарсы келгенін ортаға шығарамыз. (69) Сосын әрине олардан тозаққа лайық болғанын жақсы білеміз. (70)

Кәпірлердің қияметтің сотына қатысуы туралы алдыңғы аяттардың жалғасында осы аяттар былай дейді: Тозақтықтардың барлығы бір саты бір дәрежеде болмайды. Алланың әділдігі әрбір адамның күнәсінің мөлшеріне қарай жазалануын талап етеді. Сол себепті күнәһарларды қияметте бір-бірінен бөліп, жіктейді. Көбірек бүлік тудыруға адамдар қаттырақ жаза көреді. Қылмыскерлер үш топқа бөлінеді деуге болар. Бір топтың өздері күнә жасайды. Бір топ басқаларды күнә жасауға шақырып, күнә жасайтын құралды олардың ықтиярларына береді. Үшінші топ басқалардың күнәсі мен қылмыстарына риза адамдар. Сол себепті үш топтың әрқайсының жазасының әртүрлі болатындығы белгілі. ‌Осы аяттардан үйренетініміз:1.Құдай – рақым мен махаббаттың қайнар көзі. Бірақ адам Оның рақымына бөленудің орнына бүлік жасап, қырсығып, Алланың қаһарына ұшырайды. 2.Жәһәннамның әртүрлі қабаты болады. Күнәнің жеңілдігі мен ауырлығына байланысты азаптың көлемі де әркелкі болады. Алланың шексіз ғылымы қай адамның қандай дәрежеде болатындығын анықтайды.