Жел 13, 2016 20:03 Asia/Almaty

Мәриям сүресі, 518-ші бөлім, 61-65 аяттар

«Мәриям» сүресінің 61-63 аяттары:

" جَنّاتِ عَدْنٍ الَّتِي وَعَدَ الرَّحْمنُ عِبادَهُ بِالْغَيْبِ إِنَّهُ كَانَ وَعْدُهُ مَأْتِيًّا " ، " لَايَسْمَعُونَ فيها لَغْوًا إِلَّا سَلامًا وَلَهُمْ رِزْقُهُمْ فِيها بُكْرَةً وَعَشِيًّا " ، " تِلْكَ الْجَنَّةُ الَّتي نُورِثُ مِنْ عِبادِنا مَن كانَ تَقِيًّا "

Ол, аса қамқор Алланың құпия түрде құлдарына уәде еткен (Ғадын) жаннаттары. Расында Оның уәдесі орындалады. (61) Олар жаннатта сәлемнен басқа бос сөз естімейді. Және оларға жаннатта ертелі-кеш несібе бар. (62).Құлдарымыздан біреу тақуа болса, соны мұрагер ететін бейіш осы. (63)

Осы аяттар жәннатты сипаттауды бастап, сол жердегі кейбір ерекшеліктерді баяндайды. Соның ішінде жұмақтың мәңгілік және бақилық екендігі, сондай-ақ оған кірген адамның шықпайтындығы айтылады. Бұл жұмақ – мүміндер соған иман келтіріп, бүгін соған өздер куә болып, түсініп тұрған Құдайдың ғайып уәдесі. Мүміндердің осы дүниедегі қиындықтарының бірі, әсіресе кәпірлер мен қарсыластар тарапынан айтылатын жөнсіз және бос сөздерді есту болып табылады. Бірақ жұмақта достық пен махаббат және сәлемнен басқа сөз естілмейді. Алланың ырзығы да тоқтамайды. Осы бөлімнің соңғы аяттары екі жәйтке сілтеме жасайды: біріншісі, жұмаққа кірудің кілтінің тақуалықта екендігінде. Діндар болмай, жамандық пен азғындықтан алыстамай тұрып, жұмаққа кіру мүмкін емес. Келесісі, адамның өзінің осы дүниедегі істерімен мұндай үлкен сыйға лайық болмайтындығы. Сондықтан, Құдайдың бейкүнә және ізгі адамдарға сыйлайтыны әкелер өздерінің перзенттеріне қалдыратын, олар ешқандай қиындықсыз, еңбексіз соған ие болатын мұра сынды.  Осы аяттардан үйренетініміз:1. Жұмақтың ақиқаты бізден жасырын. Ол ғайып істеріне жатады. Бірақ, жұмақ – біз соны қияметте Құдайдың мейірімі арқылы табатын, соған сенетін Құдайдың уәдесі. 2. Егер жұмаққа енгіміз келсе, осы дүниеде бос және жөнсіз сөздер айтылатын жиылыстарға енбеуге тырысайық. 3.Жұмақ – олар дүниелік мұралардан кенде тақуалар мен діндарлардың мұрасы.  

«Мәриям» сүресінің 64 аяты:

" وَما نتَنَزَّلُ إِلَّا بأَمْرِ رَبِّكَ لَهُ ما بَيْنَ أَيْدينا وَما خََلْفَنا وَما بَيْنَ ذَلِكَ وَما كَانَ رَبُُّكَ نَسِيًّا "

(Жебірейіл Ғ.С.): "Раббымның әмірімен ғана түсеміз. Алды-артымдағы және екі арадағы жағдайларды білу Оған тән. Сондай-ақ Раббың ұмытпайды. (64).

Тәпсіршілер нақыл еткен рауаяттар негізі бойынша пайғамбарға уәхидің түсуі қысқа мерзімге тоқтап қалған. Сол іс пайғамбардың алаңдаушылығы мен қарсыластардың келемеждеріне себеп болған. Осы аят түсіп, Алланың елшісіне Құдайдың оны ұмытпағанын сендірді. Құдай ешқашан ұмытпайды. Періштелердің түсуі, соның ішінде уәхи періштесінің түсуі ғылым мен хикмет және Алланың даналығы негізінде. Өткен мен бүгін және болашақ Құдайға тиесілі. Оның билігінен тыс ештеңе жоқ. Осы аяттан үйренетініміз:1. Құран Кәрімнің аяттары біртіндеп, Құдайдың бұйрығы негізінде белгілі бір уақыт пен мекендерде жүзеге асты. Пайғамбар мен періштелер ол істерде рол атқармайды. 2. Періштелер тек Құдайдың бұйрықтарына бағынады. Олардың өздері еш ықтиярға ие емес.  3. Естен шығару және ұмыту деген Құдайға тән емес. Уақыттың өтуі немесе басқа факторлар Құдайдың ұмытуына себеп бола алмайды.

 «Мәриям» сүресінің 65 аяты:

" رَبُّ السَّمواتِ وَالْأَرْضِ وَما بَيْنَهُما فَاعْبُدْهُ وَاصْطَبِرْ لِعِبادَتِهِ هَلْ تَعْلَمُ لَهُ سَمِيًّا "

Ол көктер мен жердің екі арасындағылардың Раббы. Сондықтан Соған құлшылықта сабырлы бол. Сол аттас білетінің бар ма? (Бұдан басқа Алла бар ма?) (65)

Осы аят жаратылыстағы илаһилік пен басқарудағы таухидке сілтеме жасап, былай дейді: «Аспан мен жердегі барлық жаратылыс бір даналыққа бағынады. Барлығын Біреу жаратып, Біреу басқарады». Содан кейін: «Осылай болғандықтан, әлемде бір Алладан басқа дана жоқ. Тек Оған ғана құлшылық етіңдер. Оған басқаға табынудан аулақ болыңдар». Сол жолда бұрмалайтын факторлар мен кедергілердің көп екендігі қалыпты іс. Ондай болса Құдайға құлшылық ету жолында сабырлы, тұрақты болайық. Оның тура жолынан таймайық. Себебі Одан басқа ешкімді Оған теңгеру мүмкін емес. Ондай ешкімді табу мүмкін емес. Осы аяттағы ғибадат ету дегендегі мақсат тек намаз оқып, Алланы есте сақтау деген сөз емес. Себебі ондай ғибадаттың қиындығы жоқ. Ғибадат дегендегі мақсат Аллаға жеке және қоғамдық өмірдің барлық істерінде толығымен мойынсұну және құлшылық ету деген сөз. Себебі адам үнемі қайшылыққа душар болып, жол айрықтарда тұрады. Сондықтан хақ жолда табандылық танытып, қайсарлық көрсету керек. Осы аяттан үйренентіміз:1. Илаһи таухид – құлшылық пен мойынсұнушылықтағы таухидтің қайнары. Сондықтан жалғыз Алланың алдында ғана ғидбадат ету керек. 2. Ғибадат пен құлшылық – ішкі талап-тілектер және сыртқы қиындықтармен күрес. Бұл сабыр мен табандылықты қажет етеді.