Мәриям сүресі, 515-ші бөлім, 46-50 аяттар
Мәриям сүресі, 515-ші бөлім, 46-50 аяттар
«Мәриям» сүресінің 46-47 аяттары:
" قَالَ أَراغِبٌ أَنتَ عَنْ آلِهَتي يا إِبْراهيمُ لَئِن لَمْ تَنتَهِ لَأَرْجُمَنَّكَ وَاهْجُرْني مَلِيًّا " ، " قَالَ سَلَامٌ عَلَيْكَ سَأَسْتَغْفِرُ لَكَ رَبّي إِنَّهُ كَانَ بي حَفِيًّا "
Әкесі: "Әй, Ыбырайым! Сен тәңірлерімнен бет бұрасың ба? Егер, оны қоймасаң, әрине сені таспен атамын. Сондай-ақ өзің менен аулақ бол" деді. (46) (Ыбырайым Ғ.С.): "Саған амандық болсын. Сені Раббымның жарылқауын тілеймін. Өйткені, Ол маған үнемі мейірімді" деді. (47)
Алдыңғы бағдарламада хазірет Ибраһимнің қамқоршысының мүшрік адам болғанын айттық. Ол хазірет асыраушысына жөн нұсқап, жетекшілік ету мақсатында оны шерк пен пұтқа табынушылықтың салдарымен қорқытты. Осы аяттар былай дейді: «Хазірет Ибраһимнің қамқоршысы оның сөздері мен дәлелдеріне мән берудің орнына Ибраһиге қатаң қатынас көрсетуге шешім қабылдап: «Мен сенің дініңді қабылдамаймын. Мұнымен қоса сен менің жанымнан кет. Егер қасымда қалсаң, сенің көзіңді өзім құртамын. Ең қатты тәсілмен, таспен атып қуамын» деді. Бірақ хазірет Ибраһим оның қисынсыз тәсіліне жауап берудің орнына махаббат пен рақым білдіріп: «Мен сенімен ұрсысып, жауласуды көздемеймін. Керісінше бейбітшілік және ықыласпен сені Құдайға табынуға шақырамын. Қабылдамасаң саған қарсы әрекет етпей, Құдай сенің көзіңді жойсын деп қарғамай, керісінше Құдайдан саған кешірім етуін сұраймын» деді. Осы аяттардан үйренетініміз:1.Қисынға ие емес адам – қатігез адам. Пайғамбарлар дәлелдер мен қисын негізінде сөйлейді. Олар ешкімді де илаһи дінді қабылдауға мәжбүрлемейді. Олар адамдарға жанашырлық танытып, хаққа шақырады.2. Құдай жолындағы ерлер дұшпандардың қоқан-лоққылары алдында сабыр сақтап, табандылық танытады. Олар Құдайдың мейіріміне үміт артады. 3.Басқалардың ашу отын лаулатып, жандырғанша, тыныштандыратын сөздермен өшіруге тырысайық.
«Мәриям» сүресінің 48 аяты:
" وَأَعْتَزِلُكُمْ وَما تَدْعُونَ مِن دُون ِ اللَّهِ وَأَدْعُو رَبّي عَسى أَلَّا أَكُونَ بدُعاءِ رَبّي شَقِيًّا "
Мен сендерден де Алладан өзге шоқынғандарыңнан да араны ашып, Раббыма жалбарынамын. Сондай-ақ Раббыма жалбарынсам, жауапсыз қалмаудан үміткермін." (48)
Ибраһимнің қамқоршысы оған екі жол ұсынды: Ибраһим я оның қасынан кетуі керек, я болмаса өлімге келісуі керек. Осы аят былай дейді: «Хазірет Ибраһим былай деді: «Сіз қазір осылай етпек болсаңыз мен сіздің қасыңыздан кетемін. Құдайдың Өзінің рақымы мен мейірімінен мақұрым етпейтіндігіне үміт артамын». Осы аят теріс жолға түскен отбасыларда өмір сүретіндіктен өздерінің дінін сақтай алмайтын жастарға арналған жетекшілік болып табылады. Олар Ибраһимнің тәсілін басшылыққа алып, егер лазым болса отбасыдан бөлінулері керек. Осы аяттан үйренетініміз:1.Байланысты үзу – бірінші емес, тыйым салудағы соңғы кезең. Бұзылған, бейбастақ кеңістікті ауыстыра алмаған жағдайда ол жерден кету керек. 2.Тіпті пайғамбарлар да өздерінің болашақтары үшін Құдайдан үміт күтіп, үнемі қорқыныш пен үміттің ортасында өмір сүреді. Яғни қорқынышпен қатар олар үміт үзбейді.
«Мәриям» сүресінің 49-50 аяттары:
" فَلَمَّا اعْتَزَلَهُمْ وَما يَعْبُدُونَ مِن دُون ِ اللَّهِ وَهَبْنا لَهُ إِسْحاقَ وَيَعْقُوبَ وَكُلّاً جَعَلْنا نَبِيًّا " ، " وَ وَهَبْنا لَهُم مِن رَحْمَتِنا وَجَعَلْنا لَهُمْ لِسانَ صِدْق ٍ عَلِيًّا "
(Ыбырайым Ғ.С.) олардан олардың Алладан өзге табынғандарынан да ажыраған кезде, оған Ысхақ пен Яғқұпты беріп, әрқайсысын пайғамбар қылдық. (49) Оларға рахметімізден бағыштап, оларды әр тілде жоғары бағалаттық. (50)
Ибраһим шерк пен пұтқа табынушылық кеңістіктен алыстаған кезде Құдай оған Өзінің ерекше рақымын түсіріп, өзі сынды халыққа Құдай тарапына шақырып, жетекшілік еткен, пайғамбар дәрежесіне жеткен Ысқақ пен Жақұп сынды перзенттер сыйлады. Хазірет Ибраһим өз заманында жалғыз болғанына қарамастан барлық шерк пен күпіршілікке қарсы бар күшімен, ұлылығымен төтеп берді. Бұл ешқандай жағдайда да өзінің дінінен қол үзбеу керектігі туралы илаһи діндердің ізбасарлары үшін берілген үлкен сабақ болып табылады. Осы аяттардан үйренетініміз:1.Әкелердің қайырлы істерінің әсері олардың ұрпақтарынан көрініс береді. Мүмін перзент – мүмін адамдарға берілетін илаһи мейірімдердің бірі. 2. Егер Құдайдан басқаны тастасақ, илаһи мейірімдер ағылып, адам мен оның перзенттеріне беріледі. 3. Адамдар арасындағы жақсы ат – Құдайдың пәк, бейкүнә ізгі адамдарға тарту ететін илаһи мейірімдерінің бірі.