Мәриям сүресі, 513-ші бөлім, 35-40 аяттар
Мәриям сүресі, 513-ші бөлім, 35-40 аяттар
«Мәриям» сүресінің 35 аяты:
" ما كَانَ لِلَّهِ أَن يَتَّخِذَ مِن وَلَدٍ سُبْحَانَهُ إِذَا قَضى أَمْرًا فَإِنَّما يَقُولُ لَهُ كُن فَيَكُونُ "
Алланың баласы болуы мүмкін емес. Алла (Т.) одан мүлде пәк. Ол бір істің болуын қаласа, тек қана оған "бол" дейді. Сонда ол бола қалады. (35)
Алдыңғы бағдарламада хазірет Исаның бесікте жатып, анасы Мәриямды қорғауымен қатар өзін бір күні дүниеге келіп, күндердің бір күні дүниеден өтетін Құдайдың құлдарының бірі деп таныстырғанын айттық. Осы аят былай дейді: «Хазірет Исаны Құдайдың перзенті деп санайтындар оны адамның мүмкіндігінен жоғары көтеріп, орынсыз сөздер айтты. Құдай перзентті болудан пәк. Иса хазірет әкесіз Мәриямнан дүниеге келді деген мәселе ол Құдайдың ұлы дегенді білдірмейді. Себебі Құдай Өзі қаласа әкесіз, анасыз де адамды жарата алады. Хазірет Адам тұрғысында солай болды. Ондай болса, хазірет Адамды да Құдайдың ұлы деп айтуға бола ма? Оның да Құдайдың құлдарының бірі болғанын барша біледі. Осы аяттан үйренетініміз:1.Құдай – абсолютті күш иесі. Ол жаратуда табиғи себептер мен құралдарды қажет етпейді. 2. Кітап иелерінің бұрмаланған ақидаларына қарсы оларға түзу жолды көрсету үшін күш салу керек. Немқұрайлық танытуға болмайды. құпталмайтын іс. 3. Құдайдың жаратылыстарымен байланысы әке мен перзенттің байланысы емес, Жаратушы мен мақұлықтардың арасындағы қатынас.
«Мәриям» сүресінің 36 аяты:
" وَإِنَّ اللَّهَ رَبّي وَرَبُّكُمْ فَاعْبُدُوهُ هذا صِراطٌ مُسْتَقِيمٌ "
"Күдіксіз Алла менің де Раббым әрі сендердің де Раббыларың. Онда Оған ғана құлшылық қылыңдар. Тура жол осы." (36)
Бұл аят хазірет Исаның аузынан айтылған. Ол өзін таныстырып: «Мен Құдайдың құлымын. Мені мен сендердің Пәруәрдігерлерің бір. Ол сол Құдай. Ондай болса сендер де мен сияқты тек Оған ғана ғибадат етіп, Оған басқаларды шерк қатпаңдар» деді. Осы аяттардан үйренетініміз:1.Мәсихи дініндегі «үштік» ақида Құдайға құлшылық етудегі тура жолдан таюшылық саналады. 2.Ғибадат етіп, табыну тек Жаратушы, Пәруәрдігерге лайық. Басқалар Құдайдың пайғамбарлары болса да олар табыну нысаны бола алмайды.
Мариям 37-38 аяттары:
" فَاخْتَلَفَ الْأَحْزابُ مِن بَيْنِهِمْ فَوَيْلٌ لِلَّذينَ كَفَرُوا مِن مَشْهَدِ يَوْمٍ عَظِيمٍ " ، " أَسْمِعْ بهِمْ وَأَبْصِرْ يَوْمَ يَأْتُونَنا لَكِنِ الظَّالِمُونَ الْيَوْمَ فِي ضَلالٍ مُبين ٍ "
Алайда, (Яһуди, Христиан) топтары өзара таласты. Қарсы болғандарға ұлы бір күннің келуінде нендей өкініш. (37) Олар алдымызға келген күні нақ естиді де көреді. Бірақ залымдар, бүгін ашық түрде адасуда. (38)
Осы аяттар мәсихиліктің әртүрлі топтары мен секталарының хазірет Иса туралы пікір қайшылықтары туралы баяндап, былай дейді: «Олар жікшілдікке душар болып, әрқайсысы хазірет Иса туралы бірнәрсе айтты. Бірақ қияметте олардың барлығы өздерінің ойларының жалған екендіктеріне куәлік етеді. Бүгін адасушылыққа ұшырап, бұрмалаушылыққа душар болып, қиямет күні қырсықтықтың перделерінің ашылуымен олардың көздері мен құлақтары ақиқатты көріп, естіп, соны мойындағаннан не пайда?!»Осы аяттардан үйренетініміз:1.Илаһи діндердің зардаптарының бірі соның өзі пайғамбарлардың тағылымдарына жасалған үлкен зұлымдық болып табылатын жікшілдікке салынып, секталарға бөліну және мазһабтық пікір қайшылығы болып табылады. 2.Қияметтің сотына қатыспас бұрын осы дүниеде ашық көз және құлақпен хақ жолын таңдап, сол жолда нық қадам басуға тырысайық.
«Мәриям» 39-40:
" وَأَنذِرْهُمْ يَوْمَ الْحَسْرَةِ إِذْ قُضِيَ الْأَمْرُ وَهُمْ فِي غَفْلَةٍ وَهُمْ لايُؤْمِنُونَ " ، " إِنّا نَحْنُ نَرِثُ الْأَرْضَ وَمَنْ عَلَيْها وَ َإِلَيْنا يُرْجَعُونَ "
(Мұхаммед Ғ.С.) ол сенбей селқостықта болғандарға, олар үшін іс бітіп кететін қасырет күнін ескерт. (39) Расында біз жерге де ондағыларға да мұрагер боламыз. Және олар біз жаққа қайтарылады. «40)
Мәриям сүресінің хазірет Иса мен илаһи сол үлкен пайғамбар туралы ақидалар мен бұрмалаушылықтарды қамтыған осы бөлімінің соңында жоғарыдағы аяттар алдымен ислам пайғамбарына қаратып, былай дейді: «Кітап иелеріне қиямет күнінің қасірет күні екендігін ескерт. Себебі сол күні кейін оралатын жол жоқ. Алланың үкімі де шығарылған. Ондай болса бүгін қапылдықтан шығып, иман келтіру керек. Барша бұл дүниеден өтіп, тек Құдай ғана қалады». Осы аяттардан үйренетініміз:1.Осы дүниедегі біздің қапылдықтарымыз қияметтегі қасірет шегуіміздің факторы болады. 2.Бұл дүние мен дүниедегі байлық, билік пен мал-мүліктің барлығы – пәни. Сол себепті олар біздің қапылдығымыз бен тәкәппарлығымзға себеп болмасын.