Мәриям сүресі, 512-ші бөлім, 29-34 аяттар
Мәриям сүресі, 512-ші бөлім, 29-34 аяттар
«Мәриям» сүресінің 29-30 аяттары:
" فَأَشارَتْ إِلَيْهِ قَالُوا كَيْفَ نُكَلِّمُ مَن كَانَ فِي الْمَهْدِ صَبيّاً " ، " قَالَ إِنِّي عَبْدُ اللَّهِ آتانِيَ الْكِتَابَ وَجَعَلَنِي نَبيّاً "
Мәриям баланы көрсетті. Олар: "Бесіктегі бір бөбекпен қайтып сөйлесеміз?",- деді. (29) (Бала): "Рас мен Алланың құлымын. Маған кітап беріп, пайғамбар кылды" деді. (30)
Алдыңғы бағдарламада хазірет Мәриям елдің арасына қайтып оралған кезде адамдардың: «Әй, Мәриям! Жұбайың жоқ сен қалайша сәбилі болдың? Пәк отбасынан шыққан сен қалайша масқараға ұшырадың?» деп айыптауларын бастағандарын айттық. Бірақ, Мәриям өзі сөйлемей, адамдарға жауап беру үшін нәрестесіне нұсқады. Адамдар Мәриям өзі сөйлеудің орнына оларды бесіктегі сәбиге жүгінуді көрсеткенін көрген кезде одан бетер ашуланды. Дүниеге енді келген, сөйлей алмайтын сәби анасын қалай қорғамақ?! Алайда Құдайдың қалауымен бесіктегі сол сәби тілге келіп, өзін былайша таныстырды: «Құдайдың құлдарының бірі мен Оның ерекше мейіріміне ие болып, Исраил ұрпағы үшін пайғамбар болып тағайындалып, оларға жетекшілік ету үшін кітап әкелетін болдым». Хазірет Иса өзін Құдайдың жаратылысы деп таныстырғанына қарамастан, оның ізбасарлары хазірет туралы әсірешілдікке салынып, оны Құдайдың ұлы деп санайды. Бұл барлық діндердің ізбасарларына қауіп төндіретін қатер болып табылады. Осы аяттардан үйренетініміз:1. Егер біз пәк болсақ, тіпті сөйлей алмайтын жаңа туған нәресте де жала жабушылық пен күдік-күмәндарға жауап беріп, біздің пәктігімізді қорғайды. 2. Пайғамбарлық дәрежесі – Құдайға ықыласпен риясыз құлшылық етудің нәтижесі. Илаһи мейірім – құлшылықтың нәтижесі.
«Мәриям» сүресінің 31-32 аяттары:
" وَجَعَلَني مُبارَكًا أَيْنَ ما كُنتُ وَأَوْصاني بالصَّلوةِ وَالزَّكوةِ ما دُمْتُ حَيًّا " ، " وَبَرًّاً بوالِدَتي وَلَمْ يَجْعَلْنِي جَبَّارًا شَقيّاً "
"Сондай-ақ мені қайда болсам да құтты етіп, тіршілігім бойынша намазды, зекетті орындауға бұйырды." (31) "(Мені) шешеме мейірімді етіп, бір зоракер және қиқар қылмады." (32).
Бесіктегі хазірет Иса анасын адамдардың жапқан жаласынан ғана босатып қойған жоқ, сонымен қатар өзін Құдайдың пайғамбары деп таныстырды. Яғни ол да Алланың намаз, зекет сынды бұйрықтары алдында мойынсұнушы және бағынушы, һәм отбасы мен халыққа жақсылық жасауды өзінің міндеті санады. Мұндай адамның тұла бойының қайырым мен берекеге толы екендігі, пайдасының адамдардың барлығына жететіндігі, болмысы өзі тіршілік еткен уақытпен шектелмейтіндігі белгілі. Осы аяттардан үйренетініміз:1.Намаз бен зекет барлық аспандық діндердің ортақтастығы, ол тек ислам дініне ғана қатысты емес. 2.Ата-анаға, әсіресе анаға жақсылық жасау әмбиелердің ахлағына жатады.
«Мариям» сүресінің 33-34 аяттары:
" وَالسَّلامُ عَلَيَّ يَوْمَ وُلِدتُ وَيَوْمَ أَمُوتُ وَيَوْمَ أُبْعَثُ حَيًّا " ، " ذَلِكَ عيسَى ابْنُ مَرْيَمَ قَوْلَ الْحَقِّ الَّذي فيهِ يَمْتَرُونَ "
"Маған туылған күнімде, өлер күнімде және тірілтіліп, тұрғызылатын күнім де амандық болады." (33) Міне осы: Олар шүбәланған Мәрям ұлы Ғиса (Ғ.С) жайындағы Алланың хақ сөзі. (34)
Хазірет Иса Құдайдың қалауымен өзінің мұғжизалы дүниеге келуі және ғұмыр бойғы өзінің қайырым мен берекеге толы болмысы туралы ғана айтқан жоқ, сондай-ақ оның да басқа адамдар сияқты дүниеге келіп, өлетіндігі және шектеулі ғұмырға ие екендігін көрсету үшін өзінің өлімі мен қияметте қайта тірілтілетіндігі туралы да айтты. Алланың ізгі құлдарының, әсіресе пайғамбарлары үшін маңызды нәрсе ол өмір жолдарының кез-келген бұрмаланушылық пендұрыс жолдан таюшылықтан аман болу саналады. Құдай оны өзінің пайғамбарларына адамдар ешбір күдік- күмәнсіз олардың жолдары мен мектебінен өтіп, шәк пен дүдәмалдарға душар болмау үшін кепілдік еткен. Бірақ, өкінішке орай адамдардың бір тобы надандық пен хабарсыздықтарына байланысты немесе өздерінің мүдделері үшін пайғамбарлар туралы күдік-күмәнға бой ұрады. Адамдардың кейбіреулері оларды қарапайым адамдардан жоғары санап, құдайдың деңгейіне жеткізеді. Басқа біреулер оларды қарапайым адамдардан да төмен санап, ақымақ, надан санады. Шынтуайтында, пайғамбарлар оларға уәһи түсіп, илаһи уәхиді адамдарға хабарлап, қоғамда илаһи тағылымдарды жүзеге асыру міндеті жүктелген адам баласы болып табылады. Осы аяттардан үйренетініміз:1.Өлім және қияметтің сотына барша, тіпті Алланың пайғамбарлары мен әулиелері де қатысады. Бұл істен ешкім босатылмайды. 2. Маңыздысы, қалай өліп, қияметте қалай тірілуде. Себебі илаһи әулиелердің барлығы өздерінің өмірлерінің нәтижесіне алаңдап, мұсылман болып, яғни Аллаға толық түрде мойынсұнушылық еткен күйде өлу үшін дұға тіледі. 3. Бұрынғы діндердің ізбасарларының бұрмалаушылықтарын баяндау және олар туралы хақ сөзді көрсету Құран Кәрімнің міндеттерінің бірі.