Мәриям сүресі 511-ші бөлім, 24-28 аяттар
Мәриям сүресі 511-ші бөлім, 24-28 аяттар
«Мәриям» сүресінің 24-25 аяттары:
« فَناديها مِن تَحْتِها أَلَّا تَحْزَني قَدْ جَعَلَ رَبُّكِ تَحْتَكِ سَرِيًّا » ، « وَهُزّي إِلَيْكِ بجذْعِ النَّخْلَةِ تُساقِطْ عَلَيْكِ رُطَبًا جَنِيًّا »
Ішіндегі сәбиі оның астыңғы жағынан: "Кейіме, Раббың астыңнан бір бұлақ жаратты" деп дабыстады. (24) "Құрманың бұтағын өзіңе қарай сілкі. Саған жас құрма түседі" (деген үн келді.) (25)
Өткен бағдарламада Құдайдың қалауымен Жебірейіл атты періште арқылы хазірет Мәриямның жүкті болғанын және қысқа мерзімде хазіреттің толғағы басталғанын, сол себепті Бейтулмұқаддастағы өзінің ғибадат орнынан кетуге мәжбүр болғанын, айыптаулар мен жалалардан қашып, қаланың орнына шөл даланы бетке алып, құрма ағашына сүйенгенін айттық. Осы аяттар былай дейді: «Құдай хазірет Мәриямның көңілін жайландырып, «қапаланба» деп айтып, «саған көмекке ешкім келмегенімен Құдай өзінің нығметін сен үшін дайындап, аяғыңның астынан бұлақ ағызып, таза құрма жемісін әзірледі» деп жұбату үшін анасының құрсағындағы сәбиге тіл бітірді». Алланың елшісі мен имам Әли нақыл еткен рауаяттарда жүкті әйел үшін ең артық тағам құрма және әйелдер босанған соң олардың ең бірінші жейтін тағамы құрма болуы керек деп айтылған. Осы аяттардан мынадай ой түйеміз:1. Жүкті әйел рухани және психологиялық тұрғыдан тыныштыққа мұқтаж. Отбасы мүшелері мен айналасындағылар өздерінің сөздерімен оны жұбатып, алаңдаушылығы мен күйзелісін азайтуы керек.2. Жас құрма соны жеуге кеңес берілген Құдайдың әулиелері үшін илаһи ерекше нығметтердің бірі.
«Мәриям» сүресінің 26 аяты:
« فَكُلي وَاشْرَبي وَقَرّي عَيْنًا فَإِمَّا تَرَيِنَّ مِنَ الْبَشَرِ أَحَدًا فَقُولي إِنّي نَذَرْتُ لِلرَّحْمنِ صَوْمًا فَلَنْ أُكَلِّمَ الْيَوْمَ إِنسِيًّا »
Ал енді же де іш. Көзайым бол.! Егер адамдардан біреу көрсең: "Аса қамқор Алла үшін ораза атадым. Сондықтан бүгін еш адаммен сөйлеспеймін" де. (26)
Нәрестенің сөздерімен анасының босануды ойлаған алаңдаушылығы азайды. Бірақ жүрегінде адамдар айыптап, жала жабады деген қорқыныш бұрынғысынша қалған еді. Сол кезде оған: «Сөйлемей, ораза тұт. Ешкіммен сөйлеспе. Құдай жолыңды ашқанша, қиындықты шешкенше ешкімнің сауалына жауап берме» деген аян берілді. Осы аят перзентті ата-анасының көзайымы деп санайды. Бұл психологиялық тұрғыдан дәлелденген іс. Перзенттің дүниеге келуінің шын мәнінде ата-ананың өміріндегі әсері үлкен. Осы аяттардан үйренетініміз:1. Өмірдегі кейбір тығырықтар мен қиындықтардан шығу үшін Құдайдың әулиелері соған жүгінген жол – назыр ету болып табылады. Бірақ ол бақытсыздықтардан құтылу мақсатында боғанымен Құдай үшін назыр етілуі керек.2. Кейде ақиқат өзі анықталуы үшін адамдардың жалалары мен сөздері алдында үнсіздік таныту керек.
«Мәриям» сүресінің 27-28 аяттары:
« فَأَتَتْ بهِ قَوْمَها تَحْمِلُهُ قالُوا يا مَرْيَمُ لَقَدْ جِئْتِ شَيْئًا فَرِيًّا » ، « يا أُخْتَ هَارُونَ ما كانَ أَبُوكِ امْرَأَ سَوْءٍ وَما كانَتْ أُمُّكِ بَغِيًّا »
Сонда баланы көтеріп, еліне келді. Олар: "Әй, Мәриям! Расында сен өрескел бір нәрсе келтірдің" деді. (27) "Әй, һарұнның қарындасы! (Сонымен рулас қыз.) Әкең де жаман кісі емес, шешең де жаман жолда емес еді." (28)
Қалай болғанда да Мәриям шөл далада қала алмайтын болып, адамдардың арасына қайтып оралуы керек болды. Бірақ адамдардың оған жаман көзбен қарап, айыптайтындықтары түсінікті іс болды. Зылиха да өз заманының ең пәк ер адамын пәксіздікпен айыптағаны сынды адамдар әйелдердің ең бейкүнәсіне пәксіздіктің жаласын жапты. Тарихтағы оқиғалар теріс пиғыл мен күмәндардан абай болып, қоғамның ықпалына берілмеуіміз үшін ғибрат болып табылады. Жалпы халықтың надандықтарына байланысты немесе қызғаныш пен кектің салдарынан біреуді шындыққа сәйкеспейтін, толығымен керісінше бір нәрсемен айыптайтындықтары жиі кездеседі. Осы аяттардан үйренетініміз:1.Адамдар ақиқатқа жету үшін зерттеу мен ізденіссіз, кейде сыртқы дәлелдер негізінде асығыстықпен төрелік етіп, топшылау жасайды. Сол себепті қателікке ұрынбайық. 2.Ата-ана қаласын, қаламасын перзенттерінің қылықтарына жауапты. Ондай болса өздерінің соңынан жақсы ат қалу үшін перзент тәрбиелеуге күш салулары керек. 3.Ұят іс кімнен шықса да ұят іс саналады. Бірақ пәк, текті отбасылардан шықса анағұрлым ұят әрі жағымсыз көрінеді.