Жел 13, 2016 20:19 Asia/Almaty

Мәриям сүресі, 510-шы бөлім, 18-23 аяттар

«Мәриям» сүресінің 18-19 аяттары:

" قَالَتْ إِنّي أَعُوذُ بالرَّحْمن مِنكَ إِن كُنتَ تَقيًّا " ، " قَالَ إِنَّمَا أَنَا رَسُولُ رَبّكِ لِأَهَبَ لَكِ غُلَامًا زَكِيًّا "

(Мәрям): "Егер сен тақуа болсаң да сенен Аллаға сиынамын" деді. (18) (Рүх): "Мен саған бір таза бала беруге жіберілген Раббыңның елшісімін" деді. (19)

Өткен бағдарламада хазірет Мәриямның Бейтулмұқаддастың бір бұрышында оңашаланып, ғибадат етіп жатқан кезде көркем жүзді жас жігіттің көрінгенін, хәзірет Мәриямның оны көріп, қорқып әрі таң қалғанын айттық. Осы аяттар былай дейді: «Сол кезде Құдайдан басқа панасы жоқ  хазірет Мәриям сол жігітке: «Мен Алланы ғана пана тұтамын. Егер сен пәк адам болсаң, бұл жерден кет» деді. Жігіт Мәриямды тыныштандыру үшін: «Мен адам емеспін. Алла тарапынан келген періштемін. Сені пәк және тақуа перзент иесі етуге жауапты болып тағайындалдым» дейді. Осы аяттар пәк әйелдердің бөтен ер адаммен оңаша қалудан қатты тартынатындықтарын, сондай жағдайларда олардың Құдайды пана тұтатындықтарын жақсы көрсетеді. Бүгінгі өмірде өкінішке орай, бұл сақталмайтын,  әртүрлі орталарда бөтен ер мен әйелдің араласуы қалыпты жағдайға ие болып, кең таралған іс. Осы аяттардан үйренетініміз:1.Шайтанның ылаңы мен  шайтани істерден Құдайды пана тұтуды Құран мен бейкүнәлар және илаһи пайғамбарлар насихаттайды. 2. Періштелер уәһиді хабарлау үшін ғана емес, сонымен қатар илаһи бұйрықтарды орындау үшін де түсіп, пайғамбар емес адамдармен де сөйлеседі.

 «Мариям» сүресінің 20-21 аяттары:

 " قَالَتْ أَنَّى يَكُونُ لي غُلَامٌ وَلَمْ يَمْسَسْنِي بَشَرٌ وَلَمْ أَكُ بَغِيًّا " ، " قَالَ كَذَلِكِ قَالَ رَبُّكِ هُوَ عَلَيَّ هَيِّنٌ وَلِنَجْعَلَهُ آيَةً لِلنَّاسِ وَرَحْمَةً مِنَّا وَكَانَ أَمْرًا مَقْضِيًّا "

Мәрям: "Маған бір адам жұғыспаса, маған қалайша бала болады? Сондай-ақ суық жолда болмасам" деді. (20) (Жебірейіл Ғ.С.): "Ол солай" деді. Өйткені, Раббың: "Бұл Маған оңай. Мен тараптан адам баласына бір үлгі әрі бір мәрхамет. Бұл біткен бір іс еді" деді. (21)

Сол жігіттің көрінуіне таң қалып әрі қорқып кеткен хазірет Мәриям енді періштенің сөздерін естіген соң тұрмыс құрмаған бейкүнә қыз қалай перзент сүюі мүмкін деп айран-асыр болады. Бұл хазірет Мәрим өзінің өмірін қалыпты тіршіліктен бөліп, Бейтулмұқаддаста ғибадат етуге арнаған жағдайда орын алды. Бірақ періштенің сөзі міндетті түрде орын алуы керек істі білдірді. Яғни, Алла бейкүнә қыздың жүкті болып, хазірет Исаның дүниеге келуі адамдар үшін мұғжиза болуды қалады. Қарапайым тіршілік және табиғи түрде ақылға сыймайтындай болып көрінетін іс Құдай үшін оңай.  Осы  аяттардан үйренетініміз:1. Алланың қалауы барлық табиғи себептер мен факторларға үстем. Оның жүзеге асуына еш нәрсе бөгет бола алмайды.2.    Пайғамбарлардың болуы, соның ішінде оның болмысы жүректердегі Құдайға деген иманды нығайтып, адамдар үшін жетекшілік құралы болып табылатын хазірет Иса адамдар үшін илаһи рақымның мәйегі.  

 Мариям сүресінің 22-23 аяттары:

" فَحَمَلَتْهُ فَانتَبَذَتْ بهِ مَكَانًا قَصِيًّا " ، " فَأَجَاءهَا الْمَخاضُ إِلَى جِذْعِ النَّخْلَةِ قَالَتْ يَا لَيْتني مِتُّ قَبْلَ هذَا وَكُنتُ نَسْيًا مَنسِيًّا "

Мәрям ол балаға жүкті болып, соныменен ұзақ бір жерге кетті. (22) Сонда оны толғақ қысып, құрма ағашының түбіне барды да: "Әттең-ай! Мен бұдан бұрын өліп қана мүлде ұмытылып кеткен болсам еді" деді. (23)

Құдайдың қалауымен періштенің дем үрлеуімен Мәриям  жүкті болып, жүктіліктің белгісі оның бойынан білінді. Хазірет Мәриям өзінің ғибадат орнынан кетіп, адамдармен кездеспеуі үшін шөл даланы бетке алды. Көп уақыт өтпей, оның толғғағы басталды. 9 ай өтпестен, қысқа уақыт ішінде сол илаһи сәбидің дүниеге келуі үшін  жағдай әзірленді. Бірақ Мәриям ішінен адамдардың сөздері мен айыптауларына қалай жауап беретінін ойлап, өзінің жүкті болуын қалай ақтаймын деп ойлады. Қатты қайғырып, қапаланғаны соншалықты өзіне өлім тілеп: «Құдайым! Осындай жағдайға душар болмауым үшін әттең, маған өлім келтіргеніңде ғой! Тіпті кішкентай күнә жасамасам да маған ең үлкен айып тағылып отыр» деді. Осы аяттардан үйренетініміз:1.Жүктілік пен дүниеге сәби әкелудің әйел үшін ауыртпалығы болғанымен оның дүниеге келуі өзімен бірге үлкен несібе мен береке ала келеді.2.Бейкүнәлар үшін жаман атқа қалудан өлген артық. Олар үшін өмірдің құны пәктікте.