Мәриям сүресі, 509-шы бөлім, 12-17 аяттар
Мәриям сүресі, 509-шы бөлім, 12-17 аяттар
«Мәриям» сүресінің 12-13 аяттары:
" يا يَحْيى خُذِ الْكِتَابَ بقُوَّةٍ وَآتَيْناهُ الْحُكْمَ صَبيًّا " ، " وَحَنانًا مِن لَّدُنّا وَزَكَوةً وَكانَ تَقيًّا "
"Әй, Яхия! Кітапты мықты ұста" деп, сәбилігінде-ақ даналық берген едік. (12) Әрі оған өз қасымыздан мейірімділік, күнәдан тазалық бердік. Өзі де тақуа еді. (13).
Алдыңғы бағдарламада Құдай хазірет Зәкәрияның дұғасын қабылдап, өзі мен зайыбының қартайған шағында оларға перзент сыйлап, оның есімін Құдайдың Яхия деп қойғанын айттық. Осы аяттар былай дейді: «Құдай осы балаға ақиқат пен хикметті түсінуі үшін үлкен ақыл сыйлады. Ол пәк, адал және баршаға мейірімді жан болды. Құдай тарапынан өз заманының аспандық кітабы Тауратты орындау үшін өзінің бар күшін салуға, оны түсініп, халыққа түсіндіріп, Таураттың шариғатын орындауда шынайылық таныту үшін тағайындалды. Бірақ бұл бұйрық хазірет Яхиямен шектелмейді. Құдай көптеген аяттарында илаһи әмбиелердің ізбасарларына ғылым жолында және аспандық кітаптарды орындауға күш салуды тапсырып, Алланың бұйрықтарын орындауда солқылдақтық таныту мен сол жолда аянып қалудан оларды сақтады. Осы аяттардан үйренетініміз:1.Пайғамбарлар мен олардың ізбасарлары діни ахкамдарды жүзеге асыруда шынайылық, күш-қуат пен шешімділікке ие болуға және Құдайдың дінін қоғамда сақтап, қорғауға міндетті. 2. Басқаларға мейірім білдіру және Алланың құлдарына қатысты жанашырлық пен рақым көрсету – Құдайдың өзінің пайғамбарларына да сыйлаған илаһи сипат.
«Мәриям» сүресінің 14-15 аяттары:
" وَبَرًّا بوالِدَيْهِ وَلَمْ يَكُن جَبَّارًا عَصيًّا " ، " وَسَلَامٌ عَلَيْهِ يَوْمَ وُلِدَ و َيَوْمَ يَمُوتُ وَيَوْمَ يُبْعَثُ حَيًّا "
Әрі әке-шешесіне де мейірімді еді. Зоракер, күнәкар емес еді. (14) Оған туылған күні, өлетін күні және тірі тұрғызылатын күні амандық болсын. (15)
Құдай осы аяттарда Яхия хазіреттің ерекшеліктерін санамалап шыққан. Ол Пәруәрдігерінің алдында мойынсұнушы, ата-атасының алдында ізгі перзент болды. Адамдардың алдында зорлықшыл, тәкәппар емес, мейірім мен махаббат иесі болды. Аяттардың жалғасы әр адамның өміріндегі үш кезеңге сілтеме жасап былай дейді: «Алла оған қауіпсіздік пен денсаулықты үш жерде де берді: дүние есігін ашып, өмірге келген сәтте; көз жұмып, бұл өмірден өткенде және барлығы қайтадан тіріліп, шынайы тіршілікке жететін қиямет күні илаһи әділ сотқа келген кезде. Осындай аяттардағы «сәлем» сөзінің мақсаты сөзбен және тілмен амандасу ғана емес, сонымен қатар адамның табиғатымен сәйкеспейтін, оның жиіркенішіне себеп болатын кез келген істен аулақ болуға түрткі болатын қауіпсіздік пен саулық болып табылады. Осы аяттардан үйренетініміз:1. Ата-анаға жақсылық жасау – баршаның міндеті. Ешкім еш уақытта одан босатылмайды. Тіпті қоғамдық немесе илаһи жоғары дәреже мен лауазымға ие болса да. 2. Сау тіршілік және саулық пен қауіпсіздік жағдайындағы өлім пәктік, бейкүнәлықтың, ата-анаға жақсылық жасау мен күнә және бағынбаушылықтан аулақ болуға байланысты. Адамдардың барлығы осындай ғамалдарды орындап осы дүние мен ақыреттегі өз өмірінің саулығын қамтамасыз ете алады.
«Мәриям» сүресінің 16-17 аяттары:َ
" وَاذْكُرْ فِي الْكِتَابِ مَرْيَمَ إِذِ انتَبَذَتْ مِنْ أَهْلِها مَكَانًا شَرقيًّا " ، " فَاتَّخَذَتْ مِن دُونِهِمْ حِجابًا فَأَرْسَلْنا إِلَيْها رُوحَنا فَتَمَثَّلَ لَها بَشَرًا سَوِيًّا "
(Мұхаммед Ғ.С.) Құрандағы Мәрямды айтып бер. Сол уақытта ол тұрған үйінің шығыс жағындағы бір орынға жекеленіп барды. (16) Сонда олардың бер жағынан шымылдық ұстап қойған еді. Сондай-ақ оған рухымызды (Жебірейілді) жібердік те ол оған толық адам бейнесінде көрінді. (17).
Яхия хазіреттің оқиғасын қысқаша баяндаған соң осы аяттар солардың арасында көптеген дүдәмал жайттар бар хазірет Иса өмірінің оқиғасын бастайды. Келесі аяттарда соларды баяндайтын боламыз. Алдымен ислам пайғамбарына қаратып: «Осы кітапта және «Мариям» деп аталған осы сүреде Мәриямның отбасынан оқшауланып, Бейт ул-Мұқаддаста «итекаф» етуден басталған Мәриям хазірет пен Қасиетті рух оқиғасын баянда.Ол басқалардан бойын аулақ салып, оңаша мекенде ғибадат ету үшін өзіне хиджап пен перде дайындаған еді. Құдайдың қалауымен Құдайға жақын періштелердің бірі Мәриямға көркем адам кейпінде көрініп, Мәриям оны көріп мұндай адам оның оңаша мекеніне қалайша жол таба алады деп таң қалады. Оқиғаның жалғасын Алла қаласа келесі бағдарламада баяндаймыз. Осы аяттардан үйренетініміз:1. Рухани кемелдік пен дәрежеге жетуде әйел мен ердің арасында айырмашылық жоқ. Набоват, яғни пайғамбарлық Құдай әйелдеріңдің иығына жүктемеген жауапкершілік болып табылады. әйел мен ер одан басқа барлық кемелдік пен артықшылықтарға қол жеткізу бойынша бірдей. 2. Жебірейіл мен періштелер пайғамбарлардан басқа адамдарға да түсіп, олармен сөйлеседі. 3. Әйел рухани кемелдікке жету арқылы періште оған келіп, онымен байланыс орнататындай іс жасай алады.