Нәміл сүресі, 679-шы бөлім, 83-85 аяттар
Нәміл сүресінің 83-85 аяттарының тәпсірі
«Нәміл» сүресінің 82-83 аяттары:
«وَإِذَا وَقَعَ الْقَوْلُ عَلَیْهِمْ أَخْرَجْنَا لَهُمْ دَابَّةً مِّنَ الْأَرْضِ تُکَلِّمُهُمْ أَنَّ النَّاسَ کَانُوا بِآیَاتِنَا لَا یُوقِنُونَ»، «وَیَوْمَ نَحْشُرُ مِن کُلِّ أُمَّةٍ فَوْجًا مِّمَّن یُکَذِّبُ بِآیَاتِنَا فَهُمْ یُوزَعُونَ»
Оларға айтылған (Қиямет) бастарына келген кезде олар үшін жерден бір хайуан шығарамыз да ол оларға адамдардың аяттарымызға мүлде сенбегендіктерін айтады... (Бұл хайуанның шығуы қияметтің белгілерінен. Б.М.К.Р.) (82) Ол күні әр үмметтен аяттарымызды жасынға айналдырғандардан бір топ жинаймыз. Сонда олар тостырылады. (83)
Алдыңғы бағдарламаның жалғасында осы аяттар да қиямет тақырыбын қозғап: «Ақырзаманда, қиямет қарсаңында Құдай дүниеден өткен адамдардың бір тобын тірілтіп, жерден шығарады. Олар қияметті теріске шығарушылармен сөйлесіп, олардың хақпен қырсығулары туралы хабар береді. Алайда илаһи барлық белгілер мен мұғжизаларды көрсе де теріске шығарушылар бәрібір өздерінің қайта тірелетіндіктері мен өлімнен кейін өлгендердің қайта тірілетіндіктеріне сенбейді» дейді.
Осы дүниеде өлгендердің Алланың қалауы және жігерімен тірілетіндігі туралы мәселе бұдан бұрын да болған, Құран оған сілтеме жасаған іс. Соның ішінде мынадай оқиғаны атауға болады: Құдайдың пайғамбарларының бірі қияметтің қалай болатындығы туралы өтініш жасағанда Құдай оны жүз жылға өлтіріп, кейін тірілтті. «Бақара» сүресінің 259 аятында осы оқиғаға сілтеме жасалған.
Сонымен қатар күнәсіз өлген адамның Құдайдың құдіретімен тірілуі туралы да айтуға болады. Бани Исраилдің құрбандыққа шалған сиырының бір бөлігін оның денесіне тигізген кезде ол тіріліп, өзін өлтірген қанішерді атаған. Осы оқиға да «Бақара» сүресінің 73 аятында айтылған. Негізінен Құранда баяндалған Иса пайғамбардың мұғжизаларының бірі өлгендерді осы дүниеде тірілту болды. Осы жайтпен қоса, «Бақара» сүресінің 243 және 59 аяттары да бұрынғы қауымдарға қатысты кейбір өліктердің осы дүниеде тірілгендерін анық хабарлайды. Осы аяттар да кейбір адамдардың ақырзаманда қайтып тірілетін тақырыбына тоқталады, бірақ бұл аяттарда адамдардың есімдері мен ерекшеліктері анық айтылмаған. Ереже бойынша аяттарды дұрыс түсіну үшін сенімді және беделді рауаяттарға жүгіну керек.
Араб тіліндегі «даба» сөзі адамға қатысты сирек қолданылғанымен, сөздің Құрандағы жеке және көпше түрдегі қолданыс аясы бұл сөздің кең мағынаға ие екендігін көрсетеді. Соның ішінде адамға да қатысты айтылады.
«Анфал» сүресінің 22 аятында: «Расында Алланың қасында жәндіктердің ең жаманы сондай шындықты түсінбейтін саңырау, сақаулар». (22) деп жазылған. Еш күмәнсіз, осы аяттағы «жәндіктер» деген – адамдар. Себебі олар ойланбайтындықтан саңырау және сақауға теңеліп, айыпталған. «Нәміл» сүресінің 82-ші аятындағы «...адамдармен сөйлесу үшін жерден бір хайуан шығарамыз» дегенге қатысты рауаяттарға сәйкес, мұндағы мақсат – Құдайдың үлкен пайғамбарларының бірі немесе маңызды бір тұлға. Кейбір рауаяттарда бұл мәселе имам Али бен Аби Талеп деп тәпсірленген.
Сонымен қатар олардың тірілетіндігі туралы хабарланған 83-аяттағы топтар туралы рауаяттардан былай деп оқимыз: «Құдай тарихта болып, дүниеден өткен түзу мүміндердің бір тобын имам Маһдидің әлемдік үкіметіне бақылаушы, серік және көмек болсын деп ақырзаманда тірілтеді. Басқа жақтан адамзат тарихындағы кәпірлер мен зұлымдардың басшыларынан бір топты осы дүниеде әлемдік хақ, әділ үкіметте жазалануы үшін тірілтеді».
Осы аяттардан үйренетініміз:
1.Өліктердің тірілуі қияметте ғана емес, сонымен қатар осы дүниеде де болған, тағы да болатын істерге жатады. Оған күмәндану Алланың құдіретіне шәк келтіру болады.
2.Ақырзаман иман иелерінің жетекшілері мен кәпірлер мен залымдардың басшыларының қатысуымен болады. Бірақ ол жолы ғиззат пен абырой мүміндерге, қорлық кәпірлер мен зұлымдарға тиесілі болады.
«Нәміл» сүресінің 84-85 аяттары:
«حَتَّى إِذَا جَاءُوا قَالَ أَکَذَّبْتُم بِآیَاتِی وَلَمْ تُحِیطُوا بِهَا عِلْمًا أَمَّاذَا کُنتُمْ تَعْمَلُونَ»، «وَوَقَعَ الْقَوْلُ عَلَیْهِم بِمَا ظَلَمُوا فَهُمْ لَا یَنطِقُونَ»
Олар түгел келген шақта (Алла): "Аяттарымды толық білмей, жасынға шығардыңдар ма? Ал енді не қылдыңдар?",- дер. (84) Зұлымдықтарына байланысты оларға айтылган сөз бастарына келді. Сонда олар сөйлей алмайды (85).
Алдыңғы аяттар иман иелерінің басшылары мен кәпірлердің жетекшілерінің ақырзамандағы оралуы туралы болды. Оралу – адамдардың бір тобының қияметтің алдындағы тірілуіне байланысты. Рауаяттардан оралудың қиямет күніне жетпейтіндігінің белгілі екендігіне қарамастан оның қиямет күні кезеңдерінің бірі екендігі жақсы білінеді. Ол күні Құдайдың белгілері барлық мағынада көрінеді. Иманда немесе кәпірлік бойынша танымал адамдар, Құдайдың досы немесе Құдайдың дінінің дұшпаны тіріліп, хақ пен жалғандықтың арасына төрелік етілу үшін осы дүниеге қайтып оралады.
Осы аяттар былай дейді: «Құдай Кәпірлер мен шерік қосушылардың басшыларын тірілтіп, оларды жинап: «Сендердің аздаған білімдерің ол аяттар мен белгілерді теріске шығаратын мүмкіндіктен кенде бола тұра сендер аспандық кітаптардың аяттары мен пайғамбарлардың мұғжизаларын қалайша теріске шығардыңдар? Сонымен қатар сендер илаһи аяттарға қатысты күпірліктерің мен теріске шығаруларыңның салдарынан көптеген жөнсіз әрекеттерге бардыңдар» дейді.
Олардың раджаат -оралу кезінде көретін белгілер мен мұғжизалардан хақты теріске шығаратын жолдарының жоқ екендігі түсінікті. Олар не кешірім сұрай алмайды, не сылтау келтіріп, сөйлей де алмайды. Соңында илаһи белгілер мен пайғамбарларға жасаған зұлымдықтары үшін жазаланатындықтарын қабылдайды.
Осы аяттардан үйренетініміз:
1.Ақырзаманда қияметтің белгілері көрінеді. Жақсылар мен жамандардың ерекше топтары Алланың бір сотына жиналып, Құдайдың ерлерінің бірінің құзырымен сотталды.
2.Тиісті хабардарлыққа ие болмай, ештеңені теріске шығармайық. Сеебебі, міндетті түрде жазаланамыз. Сол себепті біздің сенімдеріміз де хабардарлыққа негізделіп, кесімді әрі сенім тударатын дәлелдерге негізделуі керек.
3.Қияметте залымдардың азапталатындығы күдіксіз. Олардың ол жерде айтатын сөздері қалмайды.