Каһф сүресі, 506-шы бөлім, 107-110 аяттар
Каһф сүресі, 506-шы бөлім, 107-110 аяттар
«Каһф» сүресінің 107-108 аяттары:
" إِنََّ الَّذينَ آمَنُوا وَعَمِلُوا الصَّالِحاتِ كَانَتْ لَهُمْ جَنَّاتُ الْفِرْدَوْس ِ نُزُلًا " ، " خالِدينَ فيها لَايَبْغُونَ عَنْها حِوَلًا "
Расында иман келтіріп, түзу іс істегендер үшін Пердәуіс жаннаты қонақ үй болады. (107) Олар онда мәңгі қалады да өздері одан ауысуды қаламайды (108).
Өткен бағдарламада күпіршілік ету және хақты теріске шығарудың салдарлары айтылды. Алдыңғы аяттарда істердің жойылуы мен адамдардың осы тобының тозақтыққа айналатындықтары туралы айтылды. Бірақ осы аяттар кәпірлерге қарсы топқа, яғни түзу мүміндерге тоқталып, былай дейді: «Жүректегі иман мен лайықты және жағымды ғамалдар адамды жұмақтың қонағы етеді. Пәк және ізгі адамдардың мәңгілік орыны жұмақта жұмақтықтар одан артық және жоғары орын іздемеу үшін ешқандай мін, кемшілік пен олқылық жоқ. Ислам пайғамбарынан жеткен рауаят негізі бойынша жұмақтың деңгейлері бар. Оның ең жоғары деңгейі осы аяттарда соған сілтеме жасалған «Фердаус» деп аталады. Осы аяттардан үйренетініміз:1. Жұмақтың құны бар, яғни жұмаққа ену үшін иман мен түзу ғамалдың екеуі де қажет. Ғамалсыз иман қабылданбайды. Ғамал ізгі болғанымен, егер Аллаға деген иманмен бірге болмаса, ақыретке жетпейді. 2. Жұмақтың көлемі мен оның алуан түрлі нығыметтері жұмақтықтар ешқашан одан жалықпайтындай, одан артық жер іздемейтіндей.
«Каһф» сүресінің 109 аяты:
" قُل لََوْ كَانَ الْبَحْرُ مِدادًا لِكَلِماتِ رَبّي لَنَفِدَ الْبَحْرُ قَبْلَ أَن تَنفَدَ كَلِماتُ رَبّي وَلَوْ جئنَا بمِثْلِهِ مَدَدًا "
(Мұхаммед Ғ.С.): “Егер Раббымның сөздері (жазылу) үшін теңіз сия болса, тағы бір сондайды көмекке әкелсек те, әлбетте Раббымның сөздері таусылудан бұрын теңіз таусылар еді” де. (109)
«Каһф» сахабалары хикаясын баяндаған соң, Мұса мен Қызырдың оқиғасын, соңсоң Зұлқарнайынның хикаясын әңгімелегеннен кейін «Каһф» сүресінің соңында исламның ардақты пайғамбары екі мәселені адамдардың барлығына – мұсылмандар мен кәпірлерге хабарлауға тағайындалды. Сол себепті «Каһф» сүресін аяқтайтын осы аяттың басы мен келесі аятта арабша «қул» «айт» сөзі қайталанған. Тіпті бұл сөз келмесе де пайғамбардың өзінің жанынан сөз айтпайтындығы, Құранның пайғамбардың жүрегіне түсіріліп, пайғамбардың аузынан шыққан толығымен илаһи уәхи екендігі белгілі. Осы аят былай дейді: «Алланың сөздеріне сан жетпейтіндей, әрі адамның түсінігінен тыс. Егер теңіздердің суы сияға айналып, біріксе де илаһи сөздерді жазу мүмкін емес. Теңіздердің суы таусылады, алайда Алланың сөздері аяқталмайды. «Алланың сөздері» дегендегі мақсат неде? Алланың ірілі-ұсақты барлық жаратылыстары: атомның кішкентай бөлшегінен бастап, үлкен планеталар мен галактикаларға дейінгінің барлығы Алланың бар екендігінің белгісі және жаратылыс кітабының сөздері екендігі белгілі. Аспандық кітаптар мен пайғамбарларға уәхи етілген сөздердің барлығы – илаһи сөздер. Алланың нышаны неғұрлым болған сайын Алланың сөзі болып табылады. Сол себепті Құранның анықтамасында Иса хазірет «Алланың сөзі» деп аталады. Себебі оның болуы адамдар арасындағы Алланың мұғжизаларының бірі болып табылады. Осы аяттан жаратылыстың барлығы Алланың сөзі және әлемнің Пәруәрдігерінің нышаны екендігін, егер адамның көзі сол сөздерді көріп, құлағы естісе соларды даму және кемлдікке жету жолында пайдаланатындығын, сондай-ақ, адамзат ғылымы неғұрлым дамыған сайын оның алдында көбірек белгісіздік пайда болып, адамның ешқашанда ғылым мен білімнің соңына жете алмайтындығын үйренеміз.
Каһф» сүресінің 110 аяты:
" قُلْ إِنَّما أَنَا بَشَرٌ مِثْلُكُمْ يُوحى إِلَيَّ أَنَّما إِلَهُكُمْ إِلَهٌ واحِدٌ فَمَن كَانَ يَرْجُوا لِقَاءَ رَبِّهِ فَلْيَعْمَلْ عَمَلًا صالِحًا وَ لَايُشْرِكْ بعِبادَةِ رَبِّهِ أَحَدًا "
“Шынында мен де сендер сияқты адаммын. Маған Құдайдың бір-ақ Құдай екендігі уәһи етілуде. Сондай-ақ кім Раббына жолығуды үміт етсе, сонда түзу іс істеп, Раббына істеген құлшылығында Оған ешкімді ортақ етпесін” де. (110)
«Каһф» сүресінің соңғы аяты болып табылатын осы аятта пайғамбар «Мен де сендер сияқты адаммын. Мені мен сендердің арамыздағы жалғыз айырмашылық – Құдай маған уәхи етіп, менің Құдайдың сөзін жеткізуге жауапты болып тағайындалуымда. Оның сөзі шерк пен пұтқа табынушылықтан аулақ болып, ізгі және жағымды ғамалдар істеуден басқа ештеңе емес. Егер осылай етсеңдер, (шеркке жоламай, жақсы және лайықты істер жасасаңдар) қияметте де Алланың мейіріміне бөленіп, жұмаққа енесіңдер». Осы аятта мүміндерді ғамалда ықыласқа шақырып, оларды жасырын шерк болып табылатын екіжүзділіктен тыю үшін таухид насихатталып, шерктен аулақ болу қуатталған. Осы аяттан мынадай ой түйеміз:1.Өзімізді ешқашанда шын мәнінде қандай болсақ содан артық таныстырмайық. Пайғамбарлар да өздерін адамдардан жоғарымыз деп емес, адам деп таныстырған. Бұл олар үшін кемелдік саналады. Себебі ол періштелер немесе басқа жаратылыс иелеріне емес, басқа адамдарға үлгі бола алатын адам. 2.Түзу ғамалсыз жұмақтан үміттену – орынсыз арман. Шынайы үміт адамның талпынысы мен ұмтылысынан пайда болады.