Жел 14, 2016 18:53 Asia/Almaty

Каһф сүресі, 504-ші бөлім, 95-101 аяттар

«Каһф» сүресінің 95-96 аяттары:

" قالَ ما مَکَّنّی فیهِ رَبّی خَیرٌ فَاَعينُوني بقُوَّةٍ اَجعَل بَینَکُم وَ بَینَهُم رَدمًا " ، " ءاتوني زُبَرَ الحَدید ِ حَتّی اِذا ساوي بَينَ الصََّدَفين ِ قالَ انفُخُوا حَتّی اِدا جَعَلَه ُُُ ناراً قالَ ءاتونی اُفرِغ عَلَیهِ قِطرا " 

Зұлқарнайын: “Раббымның маған бергені бес артық. Сендер маған күш көмегін қылыңдар да сендер мен олардың арасына бір бөгет жасайын” деді. (95) “Маған темір тақтайлар әкеліңдер” деді. Екі беттің арасы теңелген кезде: “Көріктеңдер” деді. Ол от болған сәтте: “Маған еріген мыс әкеліңдер, үстіне құяйын” деді. (96)

Алдыңғы бағдарламада дайым жабайы тайпалардың шабуылына ұшырап жүрген аймақ халқы Зұлқарнайыннан олардың екі таудың арасынан енетін жерді бітеп, оларды шапқыншылардың шабуылдарынан қорғауды өтінгендерін айттық.   Осы аяттар былай дейді: «Зұлқарнайын былай деді: «Өздерің де атсалысып, олар сендердің аймақтарына ене алмаулары үшін темір мен мыстың қосындысынан бөгет салу үшін менің ықтиярыма мықты адамдарды беріңдер. Сендерден де ешқандай сый ақы күтпеймін. Себебі Алланың маған бергені сендердің беретіндеріңнен бек артық. Осы аяттардан үйренетініміз:1. Алланың әулиелері адамдардың осы дүниедегі қиындықтарын шешуде, әсіресе көп мән берілетін қауіпсіздік мәселесі бойынша өздерін жауапты әрі жанашыр санайды. 2. Жобаларды жүзеге асыруда олардың бойында һәм жәрдемдесу рухы оянып, һәм еңбек пен қызметтің қадірін біліп, солардан оңайлықпен айрылмау үшін адамдардың серіктестік жасап, көмектесуі өте маңызды. 3. Мүмкіндік пен қаржының және күштің болуы жеткілікті емес. Іс дұрыс алға ілгерілеп, жобалар нәтижеге жету үшін лайық және ақылды басшы қажет. Зұлқарнайын келмес бұрын амадрдың қолдарында барлық мүмкіндіктері болғанымен Зұлқарнайын сынды басшылары болмады. 

«Каһф» сүресінің 97-98 аяттары:

" فَمَا اسطاعُوا اَن یَظهَرُوهُ وَمَااستَطاعوُا لَهُ نَقباً " ، " قالَ هذا رَحمَةٌ مِن رَبّی فَاِذا جاءَ وَعدُ رَبّی جَعَلَهُ دَکّاءَ وَکانَ وَعدُ رَبّی حَقّاً "

Сонда олар оны аса алмады да тесе алмады… (97) (Зұлқарнайын): “Бұл Раббымнан бір мәрхамет. Қашан Раббымның уәдесі (қиямет) келсе, оны жермен-жексен қылады. Сондай-ақ Раббымның уәдесі хақ” деді. (98)

Осы аяттар үш жәйтті қуаттайды: біріншісі, Зұлқарнайын тұрғызған бөгеттің мықты және биік болғаны соншама, басқыншы тайпа одан өте алмағанымен қатар оған тіпті ешқандай нұқсан да келтіретін күшке де ие болмады. Бөгеттің ені мен ұзындығы ешкімнің одан өтуге шамасы жетпейтіндей болды. Темір мен мыстың қоспасы да ешкім оны қиратып немесе тіпті содан өту үшін тесе де алмайтындай болды. Екінші жәйт, Зұлқарнайын бұл істі өзімен де адамдармен де байланыстырмай, оны сол аймақ халқының қауіпсіздігіне себеп болған Алланың жасаған мейірімі мен рақымы деп атады. Үшінші жәйт, ол бір күні сол мықты бөгеттің қирайтын күннің келіп жететіндігі. Ол қиямет қарсаңында жер бетінде үлкен зілзала орын алып, жерді тып-типыл, жермен жексен ететін күн. Осы аяттардан үйренетініміз:1.    Жұмыстың мықтылығы және істі жүзеге асырудағы ыждаһаттылық Алланың әулиелерінің әдеттері мен әдістеріне жатады. Мысал ретінде аталмыш бөгеттің мықты салынғаны сондай, оны қияметтің зілзаласынан басқа ештеңе қирата алмайды.2. Илаһи ерлер өздері мен адамдардың жетістіктерін тек илаһи мейірім санап, ешқашанда масаттанып, тәкәппарлыққа салынбайды.  3.Қияметке сеніміміз бола тұра дүниелік істерге күш салып, оларды ыждаһатпен атқаруымыз керек. Һәм осы дүниеде талпыныс жасап, һәм ақыреттен де қапыл қалмайық. 

«Каһф» сүресінің 99-100 аяттары:

" وَتَرَکنا بَعضَهُم یَومَئذٍ یَمُوجُ فی بَعض ٍ وَ نُفِخَ فی الصّورِ فَجَمَعناهُم جَمعًا " ، " وَ عَرَضنا جَهَنَّمَ یَومَئذٍٍ لِلکافِرینَ عَرضًا " ، " الّذینَ کانَت اَعیُنُهُم فی غِطاءٍ عَن ذِکری وَکانوُا لایَستَطیعُونَ سَمعًا " 

Қиямет күні оларды бір-біріне қосылған түрде қоямыз да сүр үріліп, оларды тұтас жинаймыз. (99). Сол күні тозақты кәпірлерге айқын көрсетеміз (100).

Олар насихатымнан көздері перделі және құлақтары ести алмайтындар. (101)Осы аяттарды «Әмбие» сүресінің 96 аятымен салыстырудан қиямет қарсаңында Зұлқарнайын салған бөгеттің қирап, Яжұж Мәжұж тайпасының қайтадан өзінің жабайы шапқыншылығын бастайтындығы білінеді. Олар сүр үрленгенге дейін және адамдардың барлығы дүние салып, келесі сүрдің үрленуімен тіріліп, қияметтің даласында жиналғанға дейін толқын сынды жер-жерге тарайды. Сол кезде кәпірлер тозаққа барады. Себебі осы дүниеде олардың көздері мен құлақтары хақты естуден дәрменсіз болды. Олардың Құдайдан қапыл қалғандары сондай, көздерінің алды тұмшаланып, тіпті көре және ести алмайтындай болды. Осы аяттардан үйренетініміз:1.Ақыр заманның белгілеріне адамдардың арасындағы бейберекеттік пен қарбаластық және жабайы тайпалардың шабуылы жатады. 2. Көптеген табиғат құбылыстары Алланың нығметі мен құдіретін және рақымын еске салады. Бірақ адамдардың көбісі оларды көрмегенсіп, ғибрат алмайды.